ЭЭГ негізгі ырғақтары. ЭЭГ тіркеу және талдау принципі.
Электроэнцефалографтың құрылысы, жұмыс жасау принципі.
ЭЭГ негізгі ырғақтары. ЭЭГ тіркеу және талдау принципі.
Бас миының биологиялық белсенділігін, биопотенциалдарды тікелей жазып, тіркеу әдісі электроэнцефалография деп аталады, сәйкес құралдарын- электроэнцефалографтар деп, ал уақытқа тәуелділік графигін- энцефалограмма (ЭЭГ) деп атайды. Электроэнцефалография бас миының функционалдық күйін сапалық және сандық талдауға, тітіркендіргіштер әсер еткендегі оның реакциясын талдауға мүмкіндік береді.
ЭЭГ-ң сипаты жүйке ұлпасының функционалдық күйімен, онда жүріп жатқан алмасу үрдістерінің деңгейімен анықталады. Қанмен қамтамасыз етілудің бұзылуы, гипоксия (ағзада оттегінің жетіспеуі) не терең наркоз үлкен ми жарты шарлары қыртысының биоэлектрлік белсенділігін төмендетуге әкеліп соғады.
ЭЭГ-ң ағзаның жалпы күйіне тәуелділігі клиникада кең қолданылады. Миды зерттеудің электроэнцефалографиялық әдісі қазіргі заманғы аса перспективті әдіс болып табылады.
ЭЭГ-ң өзіндік ерекшелігі- дербестік, спонтанды сипаты бар әдіс. Құрсақтағы нәресте миының ұдайы электрлік белсенділігін анықтауға болады ( туғанға дейінгі) және осы белсенділік тек адамның өлімімен тоқтайды. Тіпті терең кома (терең ұйқыға ұқсас ессіз күй) мен наркозда ми толқындарының сипатты суреті байқалады.
Биоэлектрлік белсенділіктің сипаты сенсорлы жүйелерден арнайы афференттік (шеткі ағзаның қозуын орталыққа жеткізу) каналдармен жүйке импульстерінің келуіне, қыртысасты құрылымдарға (ми өзегінің ретикулярлы пішіні мен таламусқа) байланысты. Электроэнцефалография мидың көлемді, қабыну үрдістерін, қантамырлар үрдістерін анықтау үшін, патологиялық ошақтардың орнын анықтау үшін, жүйке жүйесінің патологиясын (мидың жарақаттануы, инфарктісі, ұйқының бұзылуы, психикалық берекесіздік т.б.) диагностикалау үшін қолданылады. ЭЭГ-ны жазу диагностикалауда, емдеуде кең қолданылады (эпилепсия кезінде әсіресе жиі), анестезиологияда, мидың қабылдау, есте сақтау, бейімделу (адаптация) және т.б. функцияларының орындалуымен байланысты болатын қызметін зерттеуде қолданылады.
Электроэнцефалография медицинада мидағы ісіктің аумағын анықтау үшін, мидың дәрі- дәрмектік препараттарды енгізуге және енгізгеннен кейінгі функционалдық күйін бағалау үшін қолданылады.
ЭЭГ ми қыртысының өте көп нейрондарының интегралды белсенділігін, нейронды тізбекте қозу толқынының таралуын бейнелейді. Электроэнцефалограмманы талдау жеткілікті күрделі, ол практикалық тәжірибесі бар, неврологиялық семиотиканы меңгерген жоғары мамандандырылған нейрофизиологтың қатысуын талап етеді. Электроэнцефалографияның мүмкіндігін арттыруға, сандық талдауды орындауды жеңілдетуде көбінесе электроэнцефалограмманы компьютерлік өңдеу көмектеседі.
Дата добавления: 2015-11-01; просмотров: 4562;