Ой және сөз
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседе. Ой — сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз — ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бүрынғы үрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қалады, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен. Тіл мең ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде-ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың «Ішімдегінің бәрі - тілімде, тілімдегінің бәрі - түсімде» деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс-әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л. Леви-Брюль, т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы, шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып, қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады.
Адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанмен, жеке адамның ойлау әрекеті даралық ерекшеліктерге толы. Әрбір адам бірінен-бірі ойының кеңдігі немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестілігі, оның логикалық жүйелілігі, сыншылдығы, т.б. сапаларымен ажыратылады.
Ойының кеңдігі бар адам еркін ойлайды, мәселені ескі әдетпен, үйреншікті жолмен шешпейді. Ой-парасаты кең адам мәселені түрліше әдістермен шешеді, бұрын сыналып қате деп табылған әдіске жоламайды. Ой-өрісінің кеңдігіне қарама-қарсы қасиет ойдың тарлығы. Мұндай адам мәселені шешуге шорқақ, ойға шабан, ол баста ойына келген бір әдісті шыр айналдырады да жүреді.
Тіпті оның жарамсыз әдіс екенін байқаса да, басқаша пікірмен келуге батылы жетпейді. Мұндай адам ой-әрекетін өз қажетіне жарата білмейтін, енжар адам. Халық ерте замандардың өзінде-ақ ақыл-ойдың кеңдігін ерекше қастерлеген. Мәселен, «Ой ойласаң, тең ойла, тең ойласаң, кең ойла» деген мақалда қандай мәселені болмасын тұтас, барлық жағынан қамти ойлау керектігі, ойлаудың кең, тиянақты болуы оның белгілі логикалық талаптарға сәйкес құралуына қарай болатындығы айтылған.
Ойдың ұшқырлығы. Кейбір адамдар мәселенің барлық жақтарын көре біледі, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсенді келеді. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады, осындай қасиетті ойдың ұшқырлығыдейді. Бұған қарама-қарсы қасиет — ойдың асығыстық түрі. Мұңдай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» жүреді. Бұл адамдар енжар ойлылыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңіл ойлауға, мәселені үстіртін шешуге бейім келеді. Басқалардан көмек күтпей, мәселені өз бетімен шешу — адамның жақсы касиеттерінің бірі. Мұндай адам алдындағы мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамайды, оны қалай да өзі шешуге тырысады. Бұл нағыз творчестволық (шығармашылық) ойдың иесі.Кейбіреулер бұған қарама-карсы өз бетімен ештеңе айта алмай, көбінесе, басқа кісіге сүйеніп, ойсыз өмір кешеді.
Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 4904;