Жеке адамның еріктік сапалары

Адам бала кезінен белгілі бір дәрежеде ерікпен реттелетін әрекеттер мен қылықтар жасайды. Өмір тәжірибесі әрекеттің реттелуін жеке адамның еріктік қасиеттері түрінде нығайтып отырады. Бұл қасиеттер басқа да жеке адамдық ерекшеліктермен бірге адам мінез-құлқының стилін құрайды. Бірақ адам басқа адамдармен бірге өмір сүреді. Ол қоғам мүшесі, өзінің идеологиясы, моралі, салты мен дәстүрі бар таптың өкілі. Практикалық әрекетінде жеке адам өзінің индивидуальды қажеттіліктерін, мүдделерін және өзі бірге өмір сүретін адамдардың идеяларын, моральдық нормаларын, дәстүрлерін жетекшілікке алады.

Жеке адамның еріктік қасиеттерінің негізгілері мыналар:

1. Қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, оған жете білуден көрінетін жеке адамның ерік қасиеттімақсатқа ұмтылушылықдеп аталады.

2. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиет батылдықдеп аталады.

3. Мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті табандылық деп аталады.

4. Ұстамдылықнемесе сабырлылықдеп бөгет жасайтын психикалық көңіл-күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиеті айтылады.

5. Өзі талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба білетін және қабылданған шешімдерді практикалық орындай алатын адамның еріктік қасиетідербестікдеп аталады.

Дербестікке қарама-қарсы ерік қасиеті иланғыштық.

/Қараңыз. Әдебиет. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы. 2003. 203-206 бет).

 

 

ТЕМПЕРАМЕНТ

Темпераментке жалпы сипаттама

Темперамент типтері

Темперамент туралы теориялар

Темперамент белгілі бір адамға тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасы, тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері.

Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністеріне реңк беріп отырады, ол эмоция мен ойлауға, еріктік қимыл-қозғалысқа, сөздің сарыны мен ырғағына әсер етеді.

Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтанған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түсіну үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолданылады:

1. Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап – әрекеттің туындау шапшаңдығы.

2. Жауап – әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап – әрекет дәрежесі.

3. Белсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау, т.б.).

4. Жауап – әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам, т.б.

5. Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.

6. Жауап – әрекет қарқыны – әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.

7. Экстраверсия, интраверсия – адамның жауап әрекеті мен іс-қимылына себепші жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.

8. Сезімдік қызбалық-эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.








Дата добавления: 2015-10-26; просмотров: 4674;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.