Тақырып. Экологиялық жүйедегі адамның орны. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары. 2 страница

· басқарушы қызметкерлер қоршаған тіршілік ортасына үнемі назар аударып отыру;

· қоршаған орта саласында ағарту шараларын ұйымдастыру;

· қоршаған орта жайлы кіретін көрсеткіштермен танысып отыру;

· шикізат пен энергияны үнемдейтін, шикізатты айналдырып қайта пайдалану мүмкіншілігін беретін құралдарға инвестиция салу;

· қысқа мерзімде мол пайдаға кенелуді көздеп ортаны бүлдірмеу (тіршілік ортасының талаптарына сай келмейтін өнімді жою және жаңадан өндірмеу);

· басқарушы қызметкерлер тіршілік ортасына бейімделу процесін назардан шығармай жүзеге асырып отыру;

· қоршаған орта саласында пайда болған оңтайлы басқару мен ырықты тәжірибені дәріптеу;

· қоршаған ортаға қолайлы өнім өндіру;

· орнықты дамысты қамтамасыз ету.

Қоршаған орта саласында өндіріске қойылатын талаптар:

Өздерінің күнделікті жұмыс барысында қоршаған орта мәселесіне мониторинг жүргізіп отыратын және сол бойынша дер кезінде шара қолдану арқылы жағдайды қиындатпай алдын алып отыратын өндіріс орындарын белсенділер ретінде қарауға болады. Бұндай стратегия өндірістегі проблемадан толығымен құтылуды білдірмейді, бірақ оның төтенше жағдайға деген дайындығы артық болары даусыз.

Өндіріс орындарының барлық салалары мен түрлерінде қоршаған орта нарығы мен тіршілік ортасын құрып, қорғаудағы талаптарды жүзеге асыру мүддесіне субъектлерді бағыттау шаралары белсенді әрекеттің негізі болып табылады. Бұндағы басты мақсат өндіріс орындары заңмен тоқтатылған талаптарды мүлтіксіз орындаумен қатар ортаға түсетін жүктемені азайтып, тіршілік ортасының сапасын арттыруға жақсы әсер ететін шараларды белсенді түрде іздестіруге бағыттауы тиіс. Бұндай шаралар қаржы саласындағы шығынды көбейтуге байланысты болады, әрі одан қас қағым сәтте экономикалық тиімділік күтудің артық болатыны түсінікті.

Бұл субъектлердің қоршаған орта саласындағы саясаты тіршілік ортасын құрып, оны қорғау талаптарын өндірістің басқа мақсаттарынан жоғары қоюды көздемейді, бірақ өзінің барлық белсенді әрекеттеріне оны енгізіп қарастыруды талап етеді. Бұл талаптар кәсіпорындағы маркетинг стратегиясына да ықпалын тигізеді, яғни ол нарықтағы тұтынушының қоршаған орта саласындағы талаптарына бағытталады.

Мемлекеттің экономикалық жүйесіндегі тұжырымдамасының негізінде өзінің белсенді әрекеттерімен көзге түсе қоймайтын өндіріс орындарына тұрақты түрде қысым көрсетіліп отыратындай жағдай қалыптасуы тиіс. Осындай қысым арқылы өндіріс орындарының қоршаған тіршілік ортасын құрып, оны қорғаудағы жауапкершілігін арттырып бағыт-бағдарын айқындауға мәжбүр етеді.

Белсенді бағыт ұстанған өндіріс орындары келесі талаптарды тұрақты орындап отыруға талпынуы тиіс:

а) тіршілік ортасын құрып, оны қорғау саласының дамысын айқындап анықтайды және бәрінен бұрын мынадай шараларды қабылдайды:

· қоршаған ортадағы әрекет жоспары;

· тіршілік ортасына қатысты барлық саладағы әрекеттеріне санақ жүргізу;

· белгіленген мақсат жолындағы жауапкершілігін анықтау.

в) қол жеткізген күш-қуатты бағалайтын әдістемені анықтау. Алдымен өндіріс орны тіршілік ортасын қорғаудағы табыстарының нәтижесін анықтап алады. Бұнда заң талаптарының орындалу барысын бастан аяқ қарап шығу маңызды болып табылады.

с) байланыс жүйесіне қолдау көрсету. Тіршілік ортасын құрып, оны қорғау процесіне қатысты барлық мекеме, ұйымдармен және халық көпшілікпен байланыс жүйесін құрып, пікір алмасу өндіріс орны үшін ерекше маңызды. Ішкі жағдай тұрғысынан қарағанда бұл алға қойған мақсатқа жету жолын анықтап, соны іске асыру мүмкіншіліктері жайлы қызметкерлермен тұрақты пікір алысып отыру деген сөз. Ал, сыртқы жағдай тұрғысынан келгенде бұл мемлекеттік органдармен, денсаулық сақтау орындарымен, қоршаған ортаны қорғау мекемелерімен ынтымақтаса жұмыстау және халық көпшіліктің пікір талаптарын естіп біліп отыру деген сөз.

d) жүріліп жатқан процестерді үнемі жақсартып отыру.Көп жағдайда процеске тек қиын-қыстау кезең туындаған соң барып көңіл аударылады, ал оған дейін процес назардан тыс қалуы мүмкін. Сондықтан осындай назардан тыс қалған процестерге сын көзбен қарап шығу қажет, сонда бірқатар жаңа жақсартуларды тауып алу мүмкіншілігі туындайды.

е) барлық тұлғаларды ынталандыру. Тіршілік ортасын құру мен қорғау саласының стратегиясы табысты орындалуы үшін барлық тұлғалардың талабы орындалуы керек. Тұлғалардың талабы негізінен қаржы тиімділігі тұрғысынан ең жоғарғы деңгейде қанағатталуы тиіс және сонымен қатар тіршілік ортасын қорғауға бағытталған әрекеттері тиімді, әрі жауапкершілігі айқын болуы қажет.

f) қоршаған орта проблемасын кәсіпорын қызметімен одақтастыру. Бұл үшін кісәпорындағы менежмент жүйесінің өнімділік мәселесі, қаржаландыру мен сату тәртібі секілді күнделікті міндеті мен жауапкершілігіне қатарласа тіршілік ортасының проблемасы да қамтылуы тиіс. Қоршаған ортаны қорғауды тек шығынды көбейтуші қосымша міндет ретінде қарастыруға болмайды. Ең алдыңғы қатардағы кәсіпорындарда бұл проблеманы өз өнімдерінің маңызды көрсеткіштеріне қатысты түпкілікті басқару процестерімен біріктіре отырып шешуді көздейді, әрі бұл арада қоршаған орта критериясының маңызы артық болып есептеледі.

Өндіріс техникасы мен технологиясы, өндіріс жүйесінің негізі:

Кез келген өнім өндірісі адамзат баласының белгілі бір мақсатына бағыттала отырып, технологиялық қондырғылар мен адам еңбегінің үйлесімі нәтижесінде іске асатын өндірістік сатылар арқылы шикізатты, немесе жартылай өнімді өзгеріске ұшыратып, адам баласының әлде бір қажеттігін қанағаттандыруға бағытталатын шара болып табылады.

Өндіріс өз кезегінде арнайы жүйеге негізделіп ұйымдастырылады және оның нәтижесі материалға жұмсалған еңбек арқылы көрініс табады да осылайша басқадай арнайы ұйымдастырылмаған энергетикалық жүйелерден айырмашылықта болады.

Арнайы ұйымдастырылған өндіріс жүйесінде оның құрамына келіп түсетін материалға белгілі мөлшердегі еңбек жұмсау арқылы қажетті өнімді өндіріп шығарады, ал бұндағы жұмсалатын еңбек құрамына энергияның барлық түрлері қамтылумен қатар қосалқы желілер де кіретін болады. Өндірістегі бұндай желіні кіріс-шығыс жүйесі деп атайды (1.1-сурет).

Өндіріс жүйесіне материал мен энергия көздері келіп кіргенде, немесе оның ішінде жұмыс атқарылғанда, әйтпесе жүйенің шығыс жағында оған қажетсіз заттар мен энергия түрлері пайда болуы мүмкін, яғни басқаша айтқанда одан қалдық шығады. Өндіріс жүйесінде жүріліп жатқан ағымды бұзбау үшін ондағы пайда болған осындай қалдық түрлері аластатылып оқшаулануы тиіс. Жүйе құрамына кіретін оның кірісі мен шығысы және ондағы атқарылатын жұмыс барлығы бірігіп осы жүйенің құрылған басты мақсатына жұмыла бағытталатын болады. Ал, осындай белгіленген бір мақсатқа жүйенің кіріс, шығысындағы барлық іс-әрекет бағытталуы үшін оны қажетті информациямен қамтамасыз ету шарасы бірге ұйымдастырылып жүзеге асырылуы керек болады.

Жер шарындағы эволюция барысында пайда болған табиғи кіріс-шығыс жүйесі де бар екені белгілі. Ондай жүйелер жасанды және табиғи тіршілік ортасындағы заттар мен энергияның қалыпты айналымын қамтамасыз етіп отырады. Ал, бұнымен қатар жасанды кіріс-шығыс жүйелері де өндіріс жүйесі ретінде қалыптасып адамзаттың күнделікті тіршілігін қанымдап отырады. Бұндай жүйелерге адамзат өзінің саналы еңбегін жұмсап қана қоймайды, бұнда сонымен қатар жүйенің айқын бағыт-бағдары мен мақсаты арқылы олар белгіленген нысанаға жететін болады.

Осындай жүйеде оның кіріс жағы ретінде материалдық затты, энергияны, немесе информацияны алып қарастырады. Ал, оның шығыс жағы ретінде материалдық өнім түрі, пайдалы энергия, информация мен қызмет түрлері қарастырылады. Егер бұндай жүйеге бұқара көпшілік кең ауқымда қамтылған жағдайда оны өндірістік өнеркәсіп ретінде алып қарастырады.

Өркениетті қоғамда жекелеген кәсіпорындар кең ауқымды кіріс-шығыс желісінің құрамында қауымдаса жұмыстай отырып жекелеген топтардың сұраныстары мен мүдделерін қанағаттандырып отырады.

Алайда, жекелеген кәсіпорынды жалпылама жүйелік тұрғыдан алып қарағанда оқшаулап алып сараптауға келмейді. Бұндайда жеке бір кәсіпорынның шығыс жағы көп жағдайда келесі бірінің кіріс жағы болып келуі мүмкін. Міне, осындай себепке байланысты кіріс-шығыс жүйесін сараптау кезінде оның екі жағындағы көршілес орналасқан жүйелерді, яғни кіретін жақтағы қанымдаушы мен шығатын жақтағы тұтынушы екеуін де бірге алып қарастыру қажет болады.

Осылайша өндірісті қоршаған орта тұрғысынан алып қарағанда маңызды болып табылатын үш түрлі аймаққа бөліп қарауға болады. Олар:

· өндіріс ағымының кіріс жағы;

· өндіріс ағымы;

· өндіріс ағымының шығыс жағы.

Өндіріс ағымының кіріс жағы:

Өндіріс ағымының кіріс жағы негізгі үш талапқа сай келуі тиіс. Олар:

1. Шаруашылық бағытындағы талаптар – бұған қажетті қаржы қоры, маман жұмысшылар тобы, материлдар мен қажетті заттар қоры және қызмет түрлері қамтылады.

2. Ұйымдастыру бағытындағы талаптар – бұнда кіріс жағында өндірісті қанымдаушыларға қатысты мәселелермен қатар тасымалдау, қоймада сақтау секілді шаралар қамтылады.

3. Техникалық бағыттағы талаптар – ары қарайғы өнім мен өндіріс ағымына әсер етуші сапа мәселелерін қамтиды.

Осы келтірілген талаптардың орындалу деңгейі өндіріс орнының болашақ табысты жұмысын айқындаушы маңызды алғышарттың бірі болып есептеледі.

Жоғарыдағы суретте көрсетілгеніндей өндіріс ағымының кіріс жағы оны қанымдаушы әлдебір мекеме үшін ағымының шығыс жағы болып келуі ғажап емес. Бұндай жағдайда қанымдаушы мекеме өндірістің кіріс жағындағы өндіруші мекеме ретінде көрініс табады. Басқаша айтқанда өндірістің кіріс жағында бөлек өзіндік кіріс-шығыс жүйесі бар және сол шеңберде тіршілік ортасына белгілі бір деңгейде ауыртпалық түсіретін бөлек бір жүйе тұр деген сөз.

Осы келтірілген жайларға байланысты өндірістің кіріс жағында туындайтын қиындықтарды оңтайлы шешу үшін мынадай жайлар ескерілуі тиіс. Олар:

1. Өндірістің кіріс жағындағы қанымдаушы өзі де өндіруші болумен қатар тіршілік ортасына ауыртпалық түсіруге мәжбүр болып келеді.

2. Өндірістің кіріс жағындағы тіршілік ортасына түсетін ауыртпалықты азайту ісіне тұтынушы тарапынан да қызығушылық болуы қажет. Яғни бұнда тұтынушы алдындағы қажеттікті қамтамасыз етуде үнемді технологиялар пайдаланылумен қатар қоршаған ортаға үйлесімді өнім өндірілуі тиіс. Бұндайда, әрине, тұтынушы тарапынан қанымдаушыға өзінің талаптарын белгілеп көрсетуі арқылы оның тез бейімделу мүмкіншілігін туғызып беруі дұрыс болады.

3. Кіріс жағының өндіріске қолайлы келу деңгейіне баға берілуі керек. Бұнда әсіресе қанымдаушы тарапынан қоршаған ортаға үйлесімсіз өнім шығаруға мәжбүр болатындай жағдайдың алдын алумен бірге тұтынушы тарапынан да оған көңіл бөлініп отыруы тиіс деген сөз.

Көп жағдайда өндіріс жүйесінің кіріс жағында біршама қолайсыз жайлар орын алып жатады. Осы орайда кіріс жағындағы жүрілетін шаралары қарапайым, әрі анық көрініс беретіндей өнім түрлерінің саны тым аз екенін белгілеп өту жөн. Тұтынушы кәсіпорындар көп жағдайда өз қанымдаушыларымен тікелей байланыста бола бермейді, ал оның басты себебі ретінде олардың саны тым көп болып келетіндігі айтылып жатады.

Жекелеген өндіріс деңгейінде оның кіріс жағындағы қоршаған ортаға түсетін ауыртпалықтың мөлшерін азайту мақсатында мынадай шараларды алып жүргізуі тиіс. Олар:

1. Өндірістің кіріс жағында пайда болатын зиянды әсер түрлерін саралап біліп отыруы керек.

2. Өздерінің қанымдаушы өнеркәсіп орындарынан келетін шикізат, өнім түрлеріне экологиялық сәйкестігі тұрғысынан арнайы талап қойып отыратын болуы шарт. Ал, өз кезегінде бұндай талаптарды орындау мүмкіншілігі де болуы жөн.

3. Өндіріс өз қажеттігі тұрғысынан кіріс жағындағы талаптарын саралап екшеп отыруы тиіс.

Кез келген өндірістің кіріс жағын қанымдау барысында әр түрлі шикізат өнімдерін сатып алу қажеттігі туындайды және оның саны да өте көп, әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен бірге кәзіргі көп тармақталған өндіріс жағдайында тұтынушы кәсіпорынның кіріс жағындағы қажеттігіне қанымдаушылардың шығыс жағындағы мүмкіншіліктері бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Осындай жағдайға байланысты тұтынушы өндіріс орындары өз қанымдаушыларымен келіссөз жүргізу барысында алатын шикізат өнім түрлерінің ауқымымен бірге мерзімін де дәлме-дәл сәйкестіре келісіп алуға тырысатыны белгілі. Міне, осыдан кейін барып алатын заттарын тасымалдау шараларын ұйымдастыруға кірісетін болады.

Қанымдаушы мен өндіруші арасындағы тасымал желісі ауқымы жағынан өте үлкен, әрі кең көлемді болып келетіндіктен осы желі ішінде әр түрлі оңтайландыру шараларын жүргізуге қолайлы болып есептеледі. Бұндай шаралар қатарында:

1. Қанымдаушыдан келетін, немесе өндіріс қажеттігінде туындайтын ауытқуларды үйлестіру мақсатында аралық қоймаларды пайдаланады. Алайда әрбір қойма ғимараты белгілі деңгейде қоршаған ортаға әсер етеді, яғни ол үшін жер телімін бөліп алу, энегия қорын бөліп шығару секілді шаралар өз кезегінде әсер етеді деген сөз. Сонымен қатар қоймаға жиналған заттар уақыт өте келе өз қасиеттерінен айрылып, өндірістің кіріс жағындағы талапқа сай келмейтіндей қалге жетуі де мүмкін. Бұндай жағдайда ол заттар қайта өңдеуден өтуі, не жөнделіп ретке келтірілуі тиіс. Бұдан қоршаған ортаға түсетін ауыртпалық көбейе түспесе азаймасы анық.

2. Тасымалдау шарасы өз қажеттігіне арнайы энергия шығынын талап етеді, ал энергия шығыны табиғатқа залал әкелуші фактордың бірі екені белгілі. Осындай себепке байланысты тасымалдаушылар қоршаған ортаны ерекше ластаушылардың қатарына жатады.

Өндіріс ағымы барысында оның кіріс жағы материалдық заттар мен еңбек күшінің кірісі арқылы өзгеріс тауып соның нәтижесінде дайын өнім өндіріліп шығарылады. Сондықтан өндірістің кіріс жағы өндіріс ағымына да, шығатын дайын өнімге де оңтайлы болуы қажет. Осы тұрғыдан өндірістің кіріс жағына қойылатын талап айқындалып белгіленуі қажет болады. Өндірістің кіріс жағына қойылатын талап тұрғысынан келесі бес түрлі мәселені ерекше бөліп қарау керек. Олар:

1. Өндірістегі кіріс жағының экологиялық тұрғыда залалсыз болуының басты алғышарттары сатылып алынатын шикізат түрлері мен жартылай өнім материалдарына қойылатын талаптардан басталып өндіріс ағымы барысында пайда болуы мүмкін зиянды заттарды саралап талдаудан бастау алуы тиіс. Осылайша әрбір өндіріс орны өз өнімінің экологиялық талапқа сай келуіне өздері көңіл бөлулері қажет болады. Бірақ кәзіргі жағдайда өндіріс орындарының көпшілігі бұндай талапқа сай келе алмайды және ондағы жұмыстап жүрген қызметкерлер де осы талап тұрғысына мүдделі деп айту қиын. Дұрысы өндіріс ағымын және одан шығатын өнімді таңдау барысында әр түрлі нұсқаларды алып өзара салыстыру арқылы олардың арасынан экологиялық тұрғыдағы ең үйлесімдісін таңдап алып отыратындай болса жөн болар еді. Сондықтан өндіріс орындарында экологиялық мүддені алға қою мақсатын қалыптастырып іске асыру болашақтың еншісінде болып қалып отыр.

2. Қоршаған тіршілік ортасының жағдайына тікелей мүдделі болудың өзі бірден ең үйлесімді нұсқаның іске аса қалатынына кепіл бола алмайды. Бұнда алдымен қанымдаушы кәсіпорындар жайлы толық мағлұматтарды жинастырып білу арқылы олардың өніміне қойылатын басты талаптарды айқындау мүмкіншілігін туындату қажет болады. Алайда, бүгінгі ғаламдасу жағдайында жер шарының әр түкпірінде орналасқан кәсіпорындар өзара алыс-беріс байланысында болып шығатындықтан бұл шара өте үлкен күш жігер мен қаржы жұмсауды талап ететін болады. Яғни, жекелеген кішігірім нарық ішіндегі жағдай бұндай мәселеге толық жауап бере алуы екіталай деген сөз.

3. Өндірістің кіріс жағын жоспарлауға қажетті мәліметтерді ашық жағдайға келтірумен қатар ондағы ұйымдастыру шараларын оңтайландыру, яки тасымалдау, қоймада сақтау секілді жұмыстарды атқаруда заман талабына сай келетін деңгейге жеткізу қажет болады. Бірақ бұндай шара бір жағынан қоршаған ортаны сауықтыруға жақсы әсер беретіндей болғанымен, екінші жағында өндіріс шығындарын шектен тыс ұлғайтып жібермейтіндей деңгейде болуы жөн.

4. Өндірістің кіріс жағын жоспарлауға қажетті көптеген экологиялық мәліметтер өндіруші кәсіпорын қабырғасынан арықарай сыртқа шықпайды. Басқаша айтқанда нарықтағы қалыптасқан жағдайға сай шаруашылық құпиялары мен жасырын мәліметтерінің ашылып қалуынан сескенетін өндіріс қызметкерлері ондай мәліметтерді ашпауға тырысатыны белгілі. Бүгінде өндіріс орындарының көпшілігі өздерінің бәсекеге қабылеттілігін арттыру мақсатында технологиялық құпияларын пайдалана отырып бәсекелестерінен озып шығу мақсатын алға қояды. Ал, өндіруші кәсіпорындарды осындай өндіріс құпияларымен басқалармен де бөлісуге ынталандыратын және соның кесірінен олар нарықтағы жағдайына нұқсан келтірмей сақтай алатындай әдіс-тәсілдер бүгінде жоқ деп көруге болады.

5. Бүгінде кез-келген маңызды мәлімет жоғары бағаға сатылатыны мәлім. Ал, өз кезегінде экологиялық маңызды мәліметтің бағасын арзандататындай амал-шараның жоқ екені де белгілі.

Жоғарыда келтірілген бес түрлі мәселе төңірегінде туындайтын шаралар қоршаған ортаға еш залалсыз өндіріс орындарындағы өнім өндіру мен оны тарату барысына да бірдей қатысты болып табылады. Жалпы өндіріс саласын алатын болсақ осы келтірілген мәселелер әсіресе олардың кіріс жағында ерекше айқын көрініс табады деп білу қажет. Ал, өндіріс ағымы мен оның шығыс жағындағы әсер ауқымы келесі тақырыптарда қаралып талқыланатын болады.

Өндіріс ағымы:

Өндіріс орындарында өнім өндіру барысында шығып қоршаған ортаға таралатын зиянды заттар мен улы қалдықтар жайлы әр түрлі деңгейде жиі айтылып жазылып жатады. Бұнда олардың пайда болу тегі жайлы, немесе қалдық түрінде пайда болған зиянды заттарды кәдеге жарату тәсілдері мен технологиясы, оларды қоймада сақтау жолдары секілді мәліметтермен қатар қоршаған ортадағы ауаға, суға және топыраққа келетін залал туралы да кең ауқымды мағлұматтар беріліп тұрады. Алайда бұлардың арасында қоршаған ортаға түсетін ауытпалық пен өнім өндіруге жұмсалған еңбек арасындағы байланыс турасында біршама аз айтылады.

Сонау 19-ғасырда болып өткен алғашқы техникалық төңкеріс барысында адам еңбегінің белгілі бір бөлігін машинаның көмегімен алмастырып атқаратын мәселе шешімін таба бастаған еді. Осылайша өндіріс орындарындағы еңбек өнімділігі әлдеқайда жоғарылауға мүмкіншілік алумен қатар жұмысшыларды ауыр еңбекпен қанау деңгейін біршама төмендетуге қол жеткізілген болатын. Бүгінде техниканың көмегінсіз әлдебір күрделі жұмысты атқару ойға да келмейді, тіпті кейбір ауыр жұмыс түрлерін техникасыз атқару мүлде мүмкін емес болып шығады. Ал, бұл өз кезегінде айналып келіп одан тіршілікті қоршаған ортаға түсетін ауыртпалыққа ерекше көңіл аударып, оның барысын саралап талдап отыруға мәжбүр етеді. Бұнда техника мен қоршаған орта арақатынасындағы келесі келтірілген басты екі бағытты алып қарауға болады:

1. Жұмыс техникасы әлдебір көлемді жұмыс ауқымын атқаруы үшін белгілі бір мөлшерде жасанды энергия көзін пайдалануы қажет болады. Сонда пайдаланатын техника саны көбейіп артқан сайын оған пайдаланылатын энергия ауқымы да артып өсіп отыратын болады.

2. Кез келген жұмыс техникасы әрине өздігінен пайда бола қалмайды, оның ұтымды жұмыс қуатын қамтамасыз ету үшін алдымен оны жұмыс бағдарламасына сәйкестіре отырып конструктор жобалап барып сосын өндіріс орнында дайындалып жасалып шығуы қажет.

Міне, осындай қарапайым алғышарттардан кейін барып келесі мәселелер төңірегін қарастыруға болады. Бұнда алдымен қандай бір жұмыс түрі пайдалы энергия жұмсау арқылы іске асатыны және оның нәтижесінде қоршаған ортаға қандай бір әсер болатыны ескерілуі тиіс. Табиғатта өздігінен айналып қалпына келіп отыратын әбден жетілген механизм қалыптасқаны мәлім. Осы механизм барлық жан-жануарлардың күнделікті тіршілігінде пайда болатын барлық заттарды өзгертіп өңдеп отыратыны белгілі. Табиғаттағы барлық тірі ағзалар өз ортасында бірлесе тіршілік ете отырып олардан қоршаған ортаға шығып таралатын шығарынды заттардың барлығы дерлік ары қарай кәдеге жарайтындай болып ұйымдасқан. Басқаша айтқанда шығарынды заттар табиғаттағы энергия мен зат алмасу заңдылығына сай қайта айналып тізбектің басына оралып келеді, немесе басқа бір жәндіктің, не өсімдіктің пайдаланатын затына айналады. Осы негізде ғылымдағы биотоп түсінігі пайда болған. Бұндағы басты қағида бойынша белгілі бір табиғи аймақта көптеген түрлі жанды ағзалар бірлесе тіршілік етеді және ондағы қалыптасқан табиғи механизмдер нәтижесінде ұзаққа созылатын уақыт бойында өз тіршілік ортасын өздері реттеп отыруға қабылетті болып келеді.








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 1584;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.025 сек.