Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері

 

Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негізге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығулар қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.

Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды. Тура аудармасы «исправление - түзету» деген мағынаны береді. Психолог жеке тұлғпның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалықекі бөлімде қарастырылады.

1. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жоспарын жасап, оны жүзеге асырады.

2. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен біріге отырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады.

Р.С.Немовтың пікірінше, «психокоррекция» ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсер ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.

Психокоррекцияның басқа бағыттардан ерекшелігіне сипаттама:

  • психикасы сау адамдарда біріншіден күнделікті өмірде шешілмеген мәселелері болады, психологиялық қиындықты сезетін ашуланып, оған шағым жасайтындар, ал екіншіден өзін жақсы сезінетін, сондай-ақ жеке бас дамуын талпыныста ұстап, өзгеруге дайындық деңгейдегі индивидтерге жүргізіледі;
  • мінез-құлқындағы ерекшелікке коррекциялық жұмыстар жүргізерде, психикалық саулығы міндетті түрде ескеріледі;
  • психокоррекция жұмыстар жүргізілуі жеке тұлғада нақты шамада бүгін және ертеңге бағытталады;
  • орта мерзімде көмек беруге бағытталады (психологиялық көмек индивидті қабылдау 15-реттен аспайды);
  • психологтың жұмыс жоспары индивидтің құндылық қорына негізделе құрылады;
  • әсер ету деңгейі индивидтің жеке бас дамуы мен мінез-құлық өзгеруіне бағытталады.

 

Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты– баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктестікте жүргізілетін белсенді әрекет түрі.

Психокоррекциялық мақсат 3 бағытқа негізделеді:

1. Әлеуметтік даму жағын ықшамдау;

2. Балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту;

Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру;

 

Психокоррекцияның негізгі міндеттері:

Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субьектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.

 

Психокоррекциялық бағдарлама құрудың түрлері:

- коррекцияның жалпы моделі сабақ жүктемесін құрастыруда баланың жеке бас дамуы жағдайы, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастары ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады.

- коррекцияның типтік моделі тәжірибеге негіз етіп, түрлі жетекші іс-әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру.

- коррекцияның жеке моделі баланың жеке психикалық дамуын, қызығушылығын, білімін және мәселелелрінің түрлерін белгілеу.

- стандартты бағдарламада: қажетті құрал-жабдықтар, қатысушыларға қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар.

- еркні бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.

Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігіне байланысты:

Теориялық жағынан ( баланың психикалық даму заңдалағы мен жас кезеңдерін, оқыту мен тәрбие мәселесіндегі қатынасты, жеке және шығармашылық қабілетті білуі ) дамуы, арнайы әдістерді ( бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін ) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.

Тәжірибелік жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен әдістемелерді қолдануды меңгеруі, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі мен сенімділігі.

Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен өз мәселесі (өзін-өзі басқару) – бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі ( жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индивид мәселесіне тепе-тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделікті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет, себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеміз.








Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 13221;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.