Психокорекцияның түрлері.
· Сипатына қарай:симптомды (ауру белгісі) және каузалды (себеп) деп бөлініп, дер кезіндегі дамудағы кедергіні анықтайды.
· Ұзақтығына қарай: тым қысқа, қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірнеше сағаттар, айлар сондайқ кейде жылға созылуы мүмкін.
· Міндеттің ауқымына қарай: жалпы, жеке және арнайы болып бөлінеді. Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.
· Мазмұнына қарай:танымдық өрісі жеке тұлғалық, аффектілі еріктік, мінез құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата ана мен бала қатынасынан тұрады.
· Жұмыс түріне қарай: жеке топпен, табиғи жабық топпен (ұжым, отбасы, ерлі зайыпты).
· Бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырыптар.
· Әсер етудегі басқару: Дерективті және дерективті емес болып қарастырылады.
Білім беру мекемелерінде психокоррекциялық жұмыс психологиялық педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде бала дамуынағы бұзылыс пен жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану. Ол екі байланыста көрінеді: симптомдық жкек ауытқуға және этимологиялық шығу себебіне бағытталған.
Психолог коррекциялық жұмыстармен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды: а) не бар? б) не болу керек? в) қажетті нәрсе болу үшін не істеу керек?Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгйде қарастыра, түсінік берумен талдауда тұрады ( Г.С. Абрамова).
Нерофизиологиялық деңгейінде ( не бар?) психолог құбылысты ми қызметі туралы білім негізінде зерттеп, ми шабуылын басты ұстанымдарға, ми қабығы мен психикалық қызметтерге бағыттайды.
Жалпы психологиялық талдауды ( не болу керек?). Психика қызметінің механизімі мен заңдылықтары негізінде алынған көсеткіштер қолданылады.
Жеке ерекшелік психологиялық деңгейінде ( қажетті нәрсе болу үшін не істеу керек?) жеке тұлғаны жас және дара ерекшелігіне қарай сәйкестендіре нақты талдайыды.
Психокоррекциялық мәселеге әдіснамалық негізді батыс елдерінде екі үлкен топқа бөлді; психодинамикалық және мінез құлық психология пәні оны бағытына қарай сана және мінез құлықта қарастырады. Бұл ықпал бала мен жеткіншекте жүргізілетін психокоррекциялық жұмыстың мақсаты, стратегиясы және әдістерін ескертеді. Психодинамикалық ықпалда қолданылатын ойын терапиясы, арттерапиясы және бала психоанализі бойынша ерекшеленсе, мінез құлықтық терапияда қарастыратын балада мінез құлық дағды жолдары туралы білімді (жетондық бағдарлама) бейімделуге үйлесімді моделдерді, орындаушы біліктілігін дамытуға (мінез құлық тренингі), өзіндік реттелуге (скилл терапиясы) қалыптастырады. Іс әрекеттік ықпалда отандық психологиялық мектепке арнайы білімді іс әрекетте ұйымдастырады, коррекциялық жұмыста ішкі және сыртқы белсенділікті басқару мен бақылауды және деңгейге көтеру арқылы психологиялық құралдарды меңгереді (Л.С.Выготский, А.Р. Лурия, П.Я.Гальперин.) Психокоррекциядағы психологиялық механизм деп интериоризация (импорт) сыртқы әрекетті (көшірме жасау, нұсқау бойынша орындау, көрсету) ішке қарай «айналдыру» (Л.С.Выготский.) Осы бағыт бойынша іс әрекеттің жоспарлы әдістемесіне балалар мінез құлқына ойын коррекциясы және психогимнастиканы қалытастыруға болады.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 4915;