Сурет. Модем құрылғысының жұмыс жасауы
Модемнің түрлері: ішкі модем және сыртқы модем. Ішкі модем аналық тақшада орналасады. Ішкі модемнің телефон желісімен қосатын сыртқы қосқыш тарақшасы болады. Сыртқы модем - компьютер қорабынан тысқары, бөлек блок түріндегі модем. Ол компьютердің тізбекті портына, телефон желісіне, телефонның өзіне және ток көзіне жалғануы тиіс.
Бұлардан басқа факс-модемдер бар, олар модем менфаксимильдік байланыс аппаратының функцияларын бірге атқарады. Факс-модемді пайдаланып, мәтіндік мәліметті тек өз абоненттеріңіздің компьютеріне емес жәй қарапайым факс аппаратына да жіберуге және қабылдауға болады. Факс-модемдер жәй модемдерден қымбат емес, бірақ атқаратын қызметі әлдеқайда мол. Дыбыстық модемдер – дыбыстық хабарламалар алмасуға арналған автожауапберуші.
Графикалық планшет(дигитайзер) - жиектік кескіндерді нүктелік енгізу құрылғысы. Ол сызуға арналған қаламмен жасақталып, компьютерге қосылған жазық тақта болып келеді. Дигитайзер – суреттерді, дыбысты, сызбаны немесе басқа бейнелерді цифрлық түрге айналдыратын құрылғы.
|
Стример - қатқыл дискідегі мәліметтерді резервте сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон. Ол көлемі үлкен мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған. Стример ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Кемшілігі – мәліметтер жіберу жылдамдығының төмендігі. Көбінесе архивтелген файлдарды сақтау үшін қолданылады. Стримердің дискілерден айырмашылығы: оған мәліметтер тізбектей жазылады.
ТВ-тюнер (TV tuner) – әртүрлі форматта таратылатын телевизиялық сигналдарды қабылдап, оларды компьютерде немесе бөлек орналасқан мониторда көру үшін қолданылатын құрылғы.
|
Конструкторлық құрылымы бойынша ТВ-тюнерлердің сыртқы (компьютерге USB арқылы қосылады немесе компьютер мен дисплейді жалғайтын видеокабель арқылы қосылады) және ішкі (PCI немесе PCI-Express-ке орнатылады) түрлері болады.
Саундбластер – дыбыстық сигналды файлға жазуға, кейін оны қайта ойнатуға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы. Компьютерлерді локальды желіге біріктіру үшін желілік карта қажет. Экранда берілгендерді бейне, дыбыс, мәтін, музыка, анимация түрінде кескіндеу құрылғысы: мультимедиа.
Флэш-жады - BIOS-ты сақтауға арналған, тұрақты сақтауыш құрылғыны алмастыратын энергия көзінен тәуелсіз жады. Мәліметтерді жазу USB-кабельдердің көмегімен жүзеге асады.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 3761;