Дербес компьютердің қосымша құрылғылары
Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына принтер, сканер, плоттер, модем, графикалық планшет және т.б. құрылғылар жатады.
Принтер дегеніміз мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Принтердің түрлері: матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш, термографиктік, фотопринтер және т.б.
Матрицалық принтер дегеніміз барлық бейнелерді нүктелерден тұрғызатын шертпелі принтер.
Матрицалық (шертпелі) принтер бояғыш лента арқылы қағазды шерте отырып, символдарды немесе суреттерді басып шығарады. Инелер бір немесе екі қатарда орналасқан. Матрицалық принтерлер кез-келген символды матрица түрінде ұсынады.
|
Сия бүріккіш принтер мәліметтерді қағазға басып шығару үшін тар түтікше арқылы сияны бүрку тетігін пайдаланады.
|
Лазерлік принтер мәліметтерді қағазға басып шығаруды лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асырады. Лазерлік принтерлерде қолданылатын құрғақ ұнтақ тәрізді бояу тонер деп аталады.
|
Қағаз бетіндегі бір дюйм аумаққа 300-ден 1200 нүктеге дейін салу мүмкіндігі бар, сол себепті таңбалар сапасы жоғары болады. Лазерлік принтерлер өте сапалы және жылдамдықтары да жоғары. Жылдамдығы орташа есеппен алғанда, секундына 330 символ (бір бетті 5-15 секундта) басады.
Термографиктік принтерлер - жылу арқылы жұмыс істейтін бастиегі бар, арнайы жылу сезгіш қағазға мәліметтер шығаратын, температуралық әрекеттестік принципінде жұмыс жасайтын басу құрылғысы.
Графикалық принтер – принтер мен плоттердің біріктірілген түрі. Графикалық принтер механизмі горизонталь бағытта қозғалатын жазу элементінен және қағазды вертикаль бағытта жылжыту құрылғыларынан тұрады. Барлық жылжу амалдары компьютердің басқаруымен орындалады.
Принтерлерді Hewlett Packard, Epson, Canon, Lexmark, Citizen және т.б. фирмалар жасап шығарады.
Сканер - қағазға жазылған ақпараттың кез-келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізетін құрылғы.
|
Сканердің түрлері: қолмен басқарылатын, парақтық, планшеттік. Қолмен басқарылатын сканерді ұстап, оны парақтың үстімен жүргізіп өтеді. Оның кемшілігі: сканерді парақтың үстімен біркелкі жүргізіп өту керек. Парақтық сканер тек бір ғана парақты сканерлеуге арналған. Кітапты парақтық сканермен сканерлеу үшін оның әрбір парағын жеке-жеке сөгіп алып, сканерлейді. Планшеттік сканердің қызметі ксерокстік аппараттардың қызметіне ұқсас. Парақты немесе кітапты шынының үстіне қойып, сканер қақпағын жауып, сканерлейді. Планшеттік сканерлер өте ыңғайлы. Сканерленген парақ мәтінін айырып тану үшін арнайы программалар Fine Reader немесе Cunei Form қолданылады.
|
Модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасу құрылғысы.
Модем ұғымы модулятор-демодулятор сөздерінің бастапқы буындарынын құрастырылған. Ол компьютердің цифрлық сигналдарын телефон арналарына жіберілетін байланыс сигналдарына және кері түрлендіруге арналған құрылғы.
Дата добавления: 2015-10-09; просмотров: 7830;