Бақылау сұрақтары. 1. Ақпараттық технологияларының негізгі қасиеттері?

1. Ақпараттық технологияларының негізгі қасиеттері?

2. Жаңа аөпараттық технология деген не?

3. Жаңа ақпараттық технологияларының ерекшелiктері?

4. Ақпараттық технологияларын пайдалану мәселелері ?

5. Ақпараттық технологиялар нарығы деген не?

Дәріс 4. Базалық (негізгі) ақпараттық технологиялар.

 

Мәтіндерді өңдеу технологиялары ақпаратты өңдеудің кеңірек таралған технологияларының бірі болып табылады.

Мәтіндік құжатты енгізуге арналған компьютердің ақпараттық жабдықтарына кілтжиын, жарықтың арнайы планшеті бар қалам, сканер жатады.

Мәтінмен жұмысқа арналған программалық жабдықтарға жатады:

- электрондық блокноттар;

- мәтіндік редакторлар;

- мәтіндік процессорлар;

- редакцялық - баспалық жүйелер;

- аудармашы - программалар;

- лингвистикалық түзеткіштер;

- желіде орналасқан мәтіндерді зерделік іздесу және өңдеуді жүзеге асыратын жүйелер.

Мәтінді құру технологиясын қарастыра отырып, қаріп, графема, сериф, кегль, пагинация, выключка, кернинг, интерлиньянс сияқты түсініктер анықтамаларын білу қажет.

Файл форматы файлда мәтінді сақтау тәсілін анықтайды. Мәтіндік файлдардың кең таралған фоматтары:

- тек мәтін (Text Only) (TXT);

- RTF форматындағы мәтін (Rich Text Format) (RTF);

- Word құжаты (DOC);

- Word 2.0, Word 6.0/95 құжаты (DOC);

- Windows (WPS) үшін Word 4.0.

- HTML- құжат (HTM,HTML).








Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 2897;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.