Жаңа ақпараттық технологиялардың ерекшеліктері.
Ақпараттық технология қоғамда ақпараттың ресурстарды пайдаланудың маңызды құраушысы болып табылады. Қазіргі кезеңде ол бірнеше эволюциялық кезеңдерден өтті, бұл кезеңдердің ауыспалылығы ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен, ақпаратты өңдеудің жаңа техникалық жабдықтарының пайда болуымен анықталып отырады. Қазіргі қоғамда ақпаратты өңдеу технологиясының нееегізгі техникалық жабдығы – Дербес компьютер. Ақпарат саласына дербес компьютерді өндіру және телекоммуникациялық байланыс жабдықтарын қолдану ақпараттық технология дамуының жаңа кезеңін анықтады, нәтижесінде: «жаңа», «компьютерлік» немесе «заманауи» деген балама ұғымдар пайда болды.
«Жаңа» ұғымы технологияның эволюциялық сипатын емес, жаңашылдықты білідіреді. Оны енгізу жаңашылдық акт болып табылады, ол ұйымдардағы қызметтердің түрлерін елеулі өзгертеді. Жаңа ақпараттық технологияға сонымен қатар коммуникациялық технологиялар да қамтылған, олар түрлі жабдықтар көмегімен (нақты айтатын болсақ-телефон,телеграф,телекоммуникация, факс және т.б )
Жаңа ақпараттық технология-дербес компьютерлер мен телекоммуникациялық жабдықтарды қолданушы жұмысының «достық» интерфейсін қамтитын ақпараттық технология.
«Компьютерлік» ұғымы мынаны білдіреді, жүзеге асырушы негізгі техникалық жабдықтың компьютер болып табылатынын білдіреді.
Жаңа (компьютерлік) технологияның үш негізгі принципі:
- компьютермен интерактивті (сұқбаттың) жұмыс режимі;
- басқа программалық өнімдермен үйлесімділігі.
- деректерді, сондай-ақ тапсырмаларды өзгерту процесінің икемділігі.
Ақырғы қолданушылардың есептеу жүйесімен тиімді әрекеттесуі үшін жаңа ақпараттық технологиялар достық интерфейске сүйенеді, оның түсініктемесі келесі көрсеткіштерде көрініс табады:
- жүйенің ақпараттық-есептеу ресурстарын компьютердегі кәсіби емес әрекеттерден қорғаудың арқасында қолданушының қателесуге құқықтылығын қамтамасыз ету;
- қолданушының ДН-мен өзара әрекеттесу процесін жеңілдететін оқыту, түсінігін беру жүйелерінің, иерархиялық көлемді жиынтығының болуы;
- қандай да бір себептермен қолданушы қажеттілігін қанағаттандырмаған жағдайда, жүйенің алдыңғы күйіне қайтіп оралу үшін «шегініс» жүйесінің болуы.
Компьютерлік ақпараттық технология емес, «жаңа» терминін нақтырақ деп айтсақ қателеспейтін шығармыз, себебі ол оның құраламында компьютерлерді қолдануға негізделген технологияларды ғана емес. Сондай – ақ басқа да техникалық жабдықтарға негізделген (әсіресе, телекоммуникацияны қамтамасыз ететін) технологияны көрсетеді.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 4480;