Графикалық ақпаратты өңдеу технологиялары мен жабдықтары.
Компьютерлік графика күрделі кешен, оны шартты түрде бірнеше бағытқа бөлуге болады:
- екі өлшемді графика;
- полиграфия;
- web-дизайн;
- мультимедиа;
- 3D-графика және компьютерлік анимация;
- бейнемонтаж;
- АпСЖ және іс графикасы.
Компьютерлік графиканы қолдану саласы әртүрлі.
Екі өлшемді цифрлық көріністерді редакциялауға арналған программалық қамтаманы әрекет ету принципі және функционалдық белгіленуі бойынша үш топқа жіктеуге болады: растрлық графика, векторлық графика,фрактальды графика.
Ақпараттық жабдықтарға негізінен жатады:
- бейнелеудің графикалық режимін қолдайтын монитор және бейнекарта;
- бейнеадаптерлер (бейнежылдамдатқыштар);
- 3D-акселераторлар;
- манипуляторлар, тышқан;
- сканерлер;
- дигитайзерлер;
- баспа құрылғылары және графтұрғызғыштар (плоттерлер);
Программалық жабдықтарға қатыстылар:
- екі өлшемді комьютерлік көріністер программалары – графикалық редакторлар, жазық (екіөлшемді) статикалық көріністер құруға және өңдеуге арналған (Painter, Adobe PhotoShop, Picture Man және т.б);
- іс графикасы жабдықтары;
- полиграфияға арналған компьютерлік графика пакеттері – мәтінді түрлі форматты көріністермен толықтыруға,парақ дизайнын құруға, полиграфиялық өнімді жоғары сапалы баспаға шығаруға мүмкіндік береді;
- презентациялық пакеттер, баяндама, жарнамалық акциялар, сөз сөйлеулерді қолдау үшін түрлі слайдтар құру жабдықтары ретінде қолданылады;
- динамикалық көріністер мен кинода арнайы әсерлер құруда қолданылатын екі өлшемді анимация программалары (Animator Pro, PowerAnimator және т.б);
- дизайнерлік және инженерлік әзірлемелер үшін қолданылатын, екі және үш өлшемді енделдеу программалары (AutoCAD, Sketch!, Ray Dream Designer, AutoStudio және т.б);
- жарнамалық және музыкалық клиптер және кинофильмдер құруда қолданылатын үш өлшемді анимация пакеттері (3D Studio, Power Animator, Truespace және т.б);
- ғылыми визуализация үшін программалар (Surfer, Grapher, PV-Wave, Data Visualizer және т.б).
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 5717;