Графтардың берілу тәсілдері.

Графтардың берілуі дегеніміз оның төбелері мен қабырғаларынан тұратын жиындарды сипаттау болып табылады. Төбелер мен қабырғаларды жай ғана нөмірлеуге болады.

1. Төбелері: 1, 2,..., n; Қабырғалары: e1, e2, …. ,en

2. Граф құрылымы туралы ақпарат бинарлы қатынас матрицасы арқылы да беріледі. Мысалы, G=‹M,R› граф болсын. М төбелер жиыны М={a1, a2,…,an}. R граф төбелерінің арасындағы бинарлы қатынас болсын. G-графының сыбайлас матрицасы деп төмендегідей анықталған n ретті A G ={Aij} матрицаны айтамыз.

н-графта ai, aj төбелері іргелес болады, егер Aij=1 немесе Aji=1, яғни н-графта Aij= Aji=1 . Егер G мультиграф болса оның іргелестік AG матрицасының Aij элементтері анықтама бойынша ai төбесінен шығып aj төбесіне кіретін доғалардың санына тең (i,j {1,…,n}).

Егер АG–н-граф болса, оның іргелестік матрицасы АG-симметриялы, яғни . Төбені өзімен қайта қосатын доға–ілгек деп аталады. Егер графта ілгек доғалар болмаса, онда іргелестік AG матрицаның бас диагоналінде нөлдік элементтер тұрады.

3. Графының инциденттік матрица арқылы берілуі.

Анықтама: mxn мөлшерлі инциденттік матрица BG деп төмендегі ережемен анықталатын матрицаны айтамыз. G-н-граф болса

G орграф болса

4. Графтың қабырғаларының тізімімен берілуі:

Граф екі бағанмен беріледі: біріншісінде барлық қабырғалар еі, ал оң жақ бағанда оған инцидентті төбелер жазылады; н-граф үшін төбелердің жазылу реті еркін түрде, ал орграф үшін қабырғаның басталатын төбесі 1-ші тұрады.

1-мысал: суреттегі графты іргелес және инциденттік матрицалармен және қабырғалар тізімімен беру керек.

G1 ,G2– графтары мен олардың инциденттік матрицалары

G1, G2 графтарының сыбайлас (іргелес) матрицалары және қабырғалары мен төбелерінің тізімімен берілуі. G1-бағытталмаған граф болғандықтан төбелердің бағыты еркін түрде көрсетіледі

G графын оның әр төбесіне vi Î V(G)сыбайлас төбелердің жиыны арқылы да өрнектеуге болады. Ол жиынтықты vi.Төбесінің аймағы деп атайды және О(vi) деп белгілейді. Сонымен

О(vi) = { vj | [vi, vj ] Î V(G)}.

G диграфын оның әр төбесіне vi Î V(G) шығунемесе кіру аймақтарын көрсету арқылыда өрнектеуге болады: O-(vi)={vj| (vi, vj)ÎE(G)},

O+(vi)={vj|(vj,vi)ÎE(G)} .

1. Қабырғаларының тізімі бойынша инцидентті матрица құру.

Тізімнің әр жолы сол нөмірмен алынған матрица жолына сәйкес. Н-граф үшін тізім жолында инцидентті матрица жолындағы 1-ге тең элементтердің (төбелердің) нөмірлері көрсетілген.

Орграф үшін бұл жолда бірінші болып матрицаның -1-ге тең элементінің нөмірі, екіншісі болып матрицаның 1-ге тең элементінің нөмірі көрсетіледі. Тізім жолындағы нөмірлер бірдей болған жағдайда, инцидентті матрицаның жолындағы аталған элементке 2 қойылады.

2. Іргелес матрица бойынша, қабырғалар тізімін құру.

i-жол мен j-баған қиылысуында орналасқан матрица элементіне әр қайсысында i,j нөмірлері жазылған қабырғалар тізімінің жолы сәйкес келеді.( =0 болсa бір де бір жол жоқ). н-граф үшін бұл жолдар іргелес матрицаның тек жоғарғы оң жақ үшбұрышындағы элементтерге сәйкес болады,яғни j>і орындалатын элементтер үшін, ал орграф үшін барлық элементтерді қарастыру керек.








Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 6887;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.