Магнит тізбектері
Әртүрлі құрылғыларда магнит өрісін тудырып,олардың өзара немесе тоқпен әрекеттесуін пайдалануға болады.Ал кейбір құрылғыларда магнит өрісі ЭҚК тудыру үшін керек.
Әдетте магнит өрісін ферромагнитті өзегі бар арнаулы шарғылардың көмегімен қоздырады.
Магнит өрісі тұрақты не айнымалы болуы мүмкін.Тұрақты магнит өрісін тұрақты тоғы бар шарғылар немесе тұрақты магнит,ал айнымалы магнит өрісін айнымалы тоғы бар шарғылар қоздырады.
Магнит өрісінің негізгі шамалары магниттік индукция,магнит ағыны,магнит кернеулігі болып есептеледі.Магнит өрісінің керекті өзара әрекеттесуін не керекті мөлшерде ЭҚК тудыру үшін магнит өрісінің индукциясы,магнит ағыны және кернеулігі белгілі бір мәндерге ие болулары керек.
Магнит индукциясының сызықтары әрқашанда тұйықталып жатады:олар солтүстік полюстен бастап оңтүстік полюске еніп жаталы немесе шексіздікте орналасқан қарама-қарсы полюспен қосылады деп есептелінеді.
Магнит индукциясының сызықтары тұйықталып жататын ортада ферромагнит,диэлектрик материалдар немесе ауа болуы мүмкін.Сондықтан электромагниттік үрдістер магнит қозғаушы күш,магнит ағыны және магнит потенциялдар айырымы ұғымдарымен түсіндірілетін,магнит индукция сызықтары өтетін ферромагнитті не басқа орталар жиынтығын магнит тізбегі деп аталады.Олар магнит индукция,магнит ағыны,магнит кернеулігі,магнит қозғаушы күш,толық ток заңы т.с.с.
Магнит индукция деп магнит өоісінің онда қозғалып келе жатқан зарядқа әрекет ететін күшін көрсететін шаманы айтады.
В=Fm/│q│ v
Мұндағы: Fm-зарядқа оның жылдамдық векторының перпендикуляр бағытта әсер ететін максимал күш. q-заряд мөлшері; v-заряд қозғалысының жылдамдығы.
Магнит өрісіндегі ферромагнитті материалдардың магнниттік қасиеті
Ферромагнитті материалдан жасалған өзекше магнит өрісін күшейтетіні белгілі. Мұның себебі оның затының қасиетінде. Ферромагнитті денелер магниттенген аймақтардан тұрады. Аймақтардың магниттік күйін магниттенгендік векторымен анықталады. Олардың бағыттары әржақты болғандықтан тұтас алғанда дененің магниттік қасиеті білінбейді. Егер ферромагнитті денені магнит өрісіне қойса,онда аймақтардың магниттенгендік векторы өрістің бағытымен біріңғай орналасады да дене магниттен болып шығады. Сондықтан магнит тізбегінің ферромагнитті бөлікшесінде өрістің магниттік индукциясы бірнеше есе күшейеді де шарғының магнит қозғаушы күшін азайтуға мүмкіндік береді.
Толық ток заңы бойынша өзексіз және ферромагнитті өзегі бар шарғылардың көмегімен олар бірдей магнит индукциясыын алу үшін әр түрлі магнит қозғаушы күш тудыру керек:
Hl=wl; H,l=wl,немесе B/μl=wl және B/μμl=wl.
Магнит козғаушы күштер бірдей болғанда, ферромагнит өзегі бар шарғыда өзексііз шарғыға қарағанда магнит индукциясы μесе көп болады.
Әдетте ферромагниттік материалдың магниттік қасиетін магниттеу сызығымен сипаттайды. Ферромагнитті материалдың магниттеу сызығы деп ондағы магнит өрісінің индукциясының магниттік кернеуліктен тәуелділігінің графигін айтады.
Магнит кернеулігі өскен сайын магнит индукциясы даартады.(5,3-сурет).
В 2 5.3-сурет. Өзексіз(I), ферромагнит өзекті(2),магниттік кернеулік(3).
1
О 5.3 H
9-лекииялык дәріс.
Дата добавления: 2015-08-14; просмотров: 4660;