Эпидемиологиясы. «Бос» түрік ершігі синдромы халықтың 10%-да анықталады, 10 жағдайдың 9-да гипоталамус-гипофиз дисфункциясы белгілері

«Бос» түрік ершігі синдромы халықтың 10%-да анықталады, 10 жағдайдың 9-да гипоталамус-гипофиз дисфункциясы белгілері болмайды. БТЕС 80 %-ы әйел адамдарда кездеседі, науқастардың 75%-ы семіздікпен ауырады.

 

Клиникалық көріністері

1. Нейроофтальмологиялық симптомдар: жиі (70%) бас ауыру мен бас айналу, тез шаршағыштық, еңбекке қабілетінің төмендеуі. Көз жүйкесінің қантамырлық компрессиялы нейропатиясы, хиазмалық симптоматика, сирек жағдайда ликворея, ликворея «бос» түрік ершігі әсерінен емес, гипофиз ісігінен немесе операциялық араласудан кейін дамиды.

 

2.9 сурет. «Бос» түрік ершігінің қалыптасуы:

а —қалыпты анатомиялық қарым-қатынастар;

б —«бос» түрік ершігі; оның кеңеюі ершік диафрагмасының ақауы арқылы арахноидальды кеңістіктің шығуынан туындаған

Сурет 2.9. Твердая мозговая оболочка- Қатты ми қабықшасы Мягкая мозговая оболочка- Жұмсақ ми қабықшасы Арахноидальное пространство- Арахноидальды кеңістік Базилярные цистерны (ЦСЖ)- Базилярлы цистерналар (ЦСЖ) Передняя доля гипофиза- Гипофиздің алдыңғы бөлігі Диафрагма турецкого седла- Түрік ершігінің диафрагмасы  

 

 

2. Эндокринді-алмасулық бұзылыстар: барлық симптомдар мен

зертханалық феномендер ішінде жиі орташа гиперпролактинемия кездеседі (25 %). 10 % жағдайда ғана субклиникалық ағымдағы аденогипофизарлы жеткіліксіздік кездеседі, ол өсу гормонының орташа тапшылығы ретінде көрінеді. Сирек екіншілік гипокортицизм, гипотиреоз, гипогонадизм; өте сирек — қантсыз диабет анықталады.

 








Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 1017;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.