Диагностикасы. БТЕС әдетте гипофиз ісігін топикалық диагностикалау, гиперпролактинемияны анықтау мақсатында жүргізілген МРТ барысында
БТЕС әдетте гипофиз ісігін топикалық диагностикалау, гиперпролактинемияны анықтау мақсатында жүргізілген МРТ барысында анықталады. Бұл кезде ершік қуысында төмен интенсивті сингнал аймағы анықталады, бұл интраселлярлы аймақта сұйықтықтың, яғни цереброспинальды сұйықтықтың болуын білдіреді, гипофиз деформацияланған, орақ немесе жарты ай тәріздес, ершік түбіне жағылған секілді (2.10 сурет).
2.10 сурет. «Бос» түрік ершігі синдромының МРТ-сі. Ершік түбінде жағылған секілді гипофиз көрінеді. Ершік қуысы цереброспинальды сұйықтықпен толтырылған
Емі және болжамы
БТЕС болжамы оны шақырған негізгі ауру ағымымен анықталады (гиперпролактинемиялық гипогонадизм, біріншілік гипотиреоздан кейін дамитын гипофиздің екіншілік микроаденомасы және т.б.). БТЕС МРТ феномені ретінде ешқандай емді қажет етпейді.
3 БӨЛІМ
ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АУРУЛАРЫ
3.1. ҚАЛҚАНША БЕЗДІҢ АНАТОМИЯСЫ
Дата добавления: 2015-07-22; просмотров: 779;