Бақылау
Социологиялық бақылау өзінің әр түрінде зерттеушіге сандық, сол сияқты сапалық, кейде екеуінің бір жиынтығында ақпарат береді. Ақпарат жинау процестер мен құбылыстарды визуалды және есту арқылы қабылдауға негізделген. Бақылаудың ерекше белгісі оны әдетте басқа әдістермен бір жиынтықта пайдалану болып табылады.
Бақылауды әдетте, рәсімнің формализмге негізделу деңгейі, бақылаушының орны, ұйымдастыру жағдайлары, жүргізудің жүйелілігі бойынша жіктейді. Бірінші негіздеме бойынша бақылау стандартты және стандартты емес болып бөлінеді. Стандартты бақылауды арнайы жоспар бойынша зерттелетін объектінің алдын ала анықталған элементтерінің тіркелуін білдіреді. Стандартты емес әдістемеде мұндай жоспар жоқ, зерттеу мақсаттары үшін маңызды жәйлар бақылау процесінің өзінде айқындалады.
Бақылаушының зерттеу объектісіне қатысты жағдайына орай бақылау енгізілмеген және енгізілген (қатысушы) болуы мүмкін. Енгізілмеген бақылау кезінде зерттеуші зерттелетін объектіден тыс тұрады. Ол оқиға барысына енгізілмейді және сұрақтар қоймайды. Енгізілген бақылауда зертттеуші бақыланушылармен тікелей байланыста болады, олардың іс-әрекетіне қатысады. Енгізілген бақылау өз кезегінде жасырын (жариялы емес, құпиялы) және ашық болып бөлінеді.
Ұйымдастыру жағдайы бойынша далалық және лабораториялық бақылау бөлініп шығады. Бірінші жағдайда мәліметтер жинау кәдімгі жағдайда, шынайы өмір жағдайында, екіншісінде - жасанды түрде құрылған және бақылаушының бақылауындағы жағдайда жүзеге асырылады.
Жүйелілігі бойынша бақылау жүйелі, эпизодтық және кездейсоқ болуы мүмкін.
Бақылау әдісінің қолдану аясы айтарлықтай кең - маркетингтен бастап ғылым социологиясына дейін, кіші топтарды зерттеуден бұқаралық сана мен жүріс-тұрысты зерттеуге дейін болады.
Онан ары BІSAM Central Asіa Социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығының тәжірибесінен мысалдар келтіріледі.
Қатысушы бақылау
Кешенді зерттеу қозғалмайтын мүлікті тіркеу жүйесіне арналған болатын. Бұқаралық және сарапшылық сұраулармен, фокус-топтармен қатар, онда бақылау әдісі қолданылады. Оның міндеті қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталықтарда келушілерге қызмет көрсетудің шынайы деңгейін анықтау болды.
Бірін-бірі ауыстырып отырған бақылаушылар өздерін келушілер ретінде көрсетіп, үстелде және көрмеде орналасқан үлгілер бойынша тіркеу құжаттамасын мұқият толтырып жатты. Шын мәнінде олар визуалды түрде бірнеше адамды іріктеп алып, олардың кезекте тұрудың ұзақтығын тіркеді, әсіресе келушілердің қайта-қайта бір терезе қасына келуін, осы орталықта өткізген уақыт ұзақтығын белгіледі. Келушілердің қаптауының шыңы мен басылу кезеңдері белгіленді, олардың қызмет көрсетуге байланысты әңгімелері жинақталып тіркелді. Қолайлы жағдайды таңдап алып, бақылаушы жаңа келген келуші ретінде әңгіме-дүкен құратын, ал іс жүзінде орталықтың жекелеген клиенттерінен қысқаша сұхбат алып жатты.
Бұл жерде біз қатаң құрылымдық бақылауды көріп отырмыз, әйтсе де ол сандық (келушілердің қозғалмайтын мүлік жөніндегі орталықтардың қызметін алуға кеткен уақыты, қандай да бір проблеманы шешу үшін келіп-кетудің саны, орталық қызметінің тиісті нормативке сәйкес келуі), сол сияқты сапалы (әңгіме мазмұны, туындаған қиындықтар мен проблемаларды сипаттау) ақпарат берді.
Енгізілмеген бақылау
Бақылау әдісі осы тарауда аталып кеткен “Қазіргі ауылды Қазақстан” жобасында қолданылған. Бақылаудың міндеті сұраулар мен құжаттармен жұмыс жасау барысында жиналатын әлеуметтік-экономикалық ақпаратты толықтыру болды.
Бақылаушы ауылдағы мектептің, клубтың, бала-бақшаның болуы мен жай-күйін, көше мен аула маңайының күтімін, жасыл көшеттердің шауып алынуын (90-шы жылдары ауыл саябақтары мен бау-бақшалар отынға шабылған болатын), аулада жеке автотранспорттың болуын, кедей, орташа және бай үйлердің ара қатынасын тіркеді. Мүмкін болғанша, бақылаушы сандық бағалауды, атап айтқанда аралық шамаларды пайдаланады. Алайда, кейбір тармақтар бақылаушының жеке әсерлеріне ғана негізделді.
Далалық сапар
Бұл әдіс қатысушы бақылау ретінде сипатталуы мүмкін, бірақ зерттеу компаниясының қызметкері жағдайға байланысты шетте тұрған бақылаушы позициясын ұстана алады.
Далалық сапар белгілі бір объектіге бір рет мақсатты барып-қайтуды білдіреді. Жас өспірімдер мен жастардың өмір стиліне арналған зерттеуге мұндай объектілер ретінде кинотеатрлар, түнгі клубтар, кафе, мейрамханалар, бар, дискотекалар, спорттық кешендер, жастардың уақыт өткізу орындары болды. Бақылаушы көптеген позицияларды тіркеп отырады, олар: жастар компаниясындағы адамдар саны, бір компанияның басқалармен қарым-қатынасы, сусындарды таңдауы, жарнамаға көңіл аудару деңгейі, киім стилі, киімде символиканың болуы, әңгіме тақырыптары.
Социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1919;