Фокус-топ
Барлық сапалы әдістемелер ішінен соңғы кездері ең көп таралғаны фокус-топтар болып табылады. Бұл - зерттелетін объект жөнінде ақпарат алу мақсатындағы топтық пікір алысулар. Соңғысы оларды мақсат - белгілі бір көзқарастың жеңісі болып табылатын ғылыми немесе саяси пікір алысулардан өзгеше етеді.
Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі пікірлер, көңіл-күй, қажеттіліктер, талғамдар айырмашылығын барынша көрсету үшін іріктеп алынады (фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады). Сонымен бірге, топтар ішінде жасы немесе білім деңгейі бойынша үлкен айырмашылықтарға жол берілмейді. Олай болмағанда, фокус-топтар әдісінде ақпарат алудың аса маңызды тәсілі болып табылатын топтық динамика жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Фокус-топтар одан сайын алуан түрлі болуда және бүгіннің өзінде оларды бірнеше негіздер бойынша жіктеуге болады. Біз келесі жіктелімді ұсынамыз:
Құрамы бойынша
1-ші жіктелім (рекруттеудің күрделілігі бойынша):
Қарапайым контингентпен (қатысушылар “бұқара” топтарын білдіреді) | Арнайы контингентпен (белгілі бір мамандық адамдары белгілі бір қызмет пен сала қызметкерлері) | Қол жеткізу қиын әйгілі контингентпен |
2-ші жіктелім (қатысушылардың біркелкі немесе біркелкі емес деңгейі бойынша):
Гомогенді (толығымен немесе көбінесе белгілі бір топ көрсетілген: жас өспірімдер, жастар, әйелдер, зейнеткерлер және т.б.) | Гетерогенді (әр түрлі әлеуметтік-демографиялық және әлеуметтік-кәсіби топтар көрсетілген) |
3-ші жіктелім (өзіндік немесе топтық/корпоративтік көзқарастары мен қызығушылықтарының көрсетілуі бойынша:
өзін-өзі білдіретін қатысушылар | ұйымдарды білдіретін қатысушылар |
Рекруттеу әдісі бойынша:
“көшеден”, кездейсоқ рекруттелгендер | Белгілі бір өлшемдер бойынша (мысалы, кәсібі, кәсіпорынның көлемі немесе меншік түрі) рекруттелгендер | Арнайы нұсқаулар бойынша рекруттелгендер (белгілі бір компания қызметкерлері, қандай да бір оқиғаға қатысушылар) |
Мақсатты нұсқаулар мен өткізілу техникасы бойынша:
Қоршаған орта проблемасын талқылау | Оқиғаларды, фактілерді талқылау | Өзіндік көңіл-күйлерді, әсерлерді, өзінің өмір стилін талқылау | Тауар үлгілері мен жарнамалық өнімдерді тестілеу |
Фокус-топтың жүргізушісі модератор деп аталады. Модератордың жұмысы жоғары біліктілікті қажет етеді, көбінесе фокус-топты кәсіби психологтар немесе социологтар жүргізеді. Модераторда терең сұхбатта гайд деп аталатын пікір алысудың жалпы жоспары болады. Бірақ, терең сұхбатқа қарағанда, фокус-топта гайд одан да төмен нақтыланған. Әдетте, ол компьютермен терілген мәтіннің 2 бетін алады. Фокус-топтың өзі 2-2,5 сағат жүргізіледі. Бұл модератордың суырып салма қабілетінің үлкен рөлін көрсетеді. Модератор фокус-топтың қымбат уақытын тек қана зерттеу мақсаттары үшін пайдалануды қамтамасыз етіп, қызықты пікір талас тудырып, әрбір қатысушыдан барынша көбірек пайдалы ақпаратты “сығып алып”, гайдтың барлық сұрақтары бойынша “пікірлер таратуды” белгілеу тиіс. Әсіресе кез келген топта таныс емес адамдар арасындағы әңгімеде кездесетін “лидерді басу” міндеті түрде қиындыққа әкеледі. Модератор тең шамада, пікір алысу үшін барлық қатысушыларды әңгімеге тартуы тиіс, өйткені олардың әрқайсысы ақпараттың бірегей қайнар көзі болып табылады.
Фокус-топтар аудио немесе бейнепленкаға жазылады, жазбалар негізінде арнайы әдістемен түсіндіру (транскриптер), резюме мен есептер дайындалады.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1754;