Мысал: “N” қаласының қоғамдық өмірінің қандай мәселелері Сізді көбірек алаңдатып отыр ?
1. нашар экологиялық жағдай
2. тағам өнімдері мен ең керекті тауарларға жоғары бағалар
3. коммуналдық қызмет көрсетуге бағаның өсуі
4. жұмыссыздық қауіпі
5. қылмыстың өсуі, жеке қауіпсіздік мәселелері
6. басқалар (көрсетіңіз) _______________.
7. жауап беруге қиналамын
Жауаптардың шүбасыздығын көтеруге бірқатар әдістемелік талаптардың сақталынуы көмектеседі: респондент жауаптан бас тарту, жауап беруге қиналамын, бағалау қиын (жоғарыдағы мысалды қараңыз) деген анықталмаған пікір білдіру мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс.
Сауалнаманың едәуір көлемінде сұрақтар блок бойынша орналасады:
Мысал:
1.“N” қаласында әлеуметтік-экономикалық жағдайларды бағалау;
2. халықтың қалалық әкімшілік қызметіне көзқарасы;
3.қалалық билік құрылымдары басшыларының рейтингін анықтау
Сауалнаманы толтыру техникасы бойынша нұсқаулық тапсырмалардың да үлкен маңызы бар:
Мысал:
Сіз болашақта басқа қалаға тұрақты тұруға ауысқыңыз келе ме?
1. Иә
2. Әлі шешкен жоқпын
3. Жоқ (( 3 сұраққа көшу)
4. Жауап беруге қиналамын ((3 сұраққа көшу)
Құралдар жиынтығына қойылатын талаптардың бірі оның жеңіл оқылатындығы болып табылады. Сондықтан, сауалнаманың дайындалуына ерекше көңіл аудару керек: шрифт, мәтіннің қағазда орналасуы, қағаздың сапасы, кестелердің ажырауы және т.б.
Сұрақ қағазының соңында “шағын төлқұжат” орналасып, онда респондент (немесе сұхбат алушы) әлеуметтік-кәсіби өлшемдерді белгілейді. Сауалнама респондентке үндеумен басталады, алғыс айтумен аяқталады.
Мысалы:
Өзіңіз туралы айта кетсеңіз:
Сіздің жасыңыз: | Ұлтыңыз: |
1.18-ден 30-ға дейін | 1. қазақ |
2. 31-ден 45-ке дейін | 2. орыс |
3. 46-дан 60-қа дейін | 3. өзге ұлт өкілі (қандай екенін көрсетіңіз)______ |
4.61-ден және жоғары |
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1275;