Электрлік қауіпсіздік.

Электромедициналық аппаратураны құрастырудағы, өндіріст жасап шығарудағы жәнеқолдануындағы маңызды мәселелердің бірі қызмет көрсетенін персонал мен пациенттердің толық электрлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Электр тогының ағзаға әсерінен сақтанудың негізгі құралы жермен тұйықтау, нөльдеу. Ағзаның электр тогымен жарақаттануы электрлік жарақат не электрлік соққы түрінде болуы мүмкін. Электрлік жарақат- сыртқы токтың денеге жергілікті әсерінің нәтижесі: электрлік күйік, терінің электрлік металдануы, ток таңбалары (белгілері). Электрлік күйік адам денесі арқылы өтетін токтың жылулық әсері болып табылады, немесе кернеуі 1000В-тан жоғары болатын қондырғылардағы қысқаша тұйықталу кезінде пайда болатын электрлік доға әсерінен болады. Терінің электрлік металдануы токтың әсерінен балқыған металдың ұсақ бөлшектерінің теріге енуі кезінде болады. Терінің ерекше дөңгелек дақ тәрізді жарақаттануы болып табылатын электрлік таңбалар дене бөліктерінің кернеумен тығыз контактіде болған кезінде токтың денеге енген және шыққан жерлеріндепайда болады. Электрлік соққы- бұлшықеттердің еріксіз құрысып, жиырылуымен сүйемелденетін ағза ұлпаларының токтың әсерінен қозуы. Электрлік соққылар адамның ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпелер, орталық жүйке жүйесі және т.б.) аса қатал зақымдануын, жүрек қызметінің берекесіздігін (ырғақтың бұзылуы, жүрек қарыншаларының фибриляциясы), тыныс алудың берекесіздігін, естен тануды тудырады, электрлік соққы аса ауыр жағдайларда өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Электр тогының ағзаға әсері көптеген әртүрлі факторларға байланысты, олардың негізгілері: денеге берілген кернеу мен дене кедергісімен анықталатын ток шамасы, токтың түрі мен жиілігі, әсер ету ұзақтығы, токтың өту жолы.

Токтың шамасы жарақтану дәрежесін анықтайтын негізгі параметр болып табылады. Жиілігі 50-30 Гц айнымалы токты сезіну электродтарды қолмен қысып тұрған кезде токтың күші 1мА болғанда білінеді, қолдың салдануы токты 5-10 мА-ге дейін арттырғанда басталады, токтың шамасы 12-15 мА болған кезде электродтарды қолдан босату өте қиынға түседі. 50-80 мА кезінде тыныс алудың салдануы басталады, ал 90-100 мА-де және әсер ету ұзақтығы 3 секунд және одан жоғары болғанда жүректің салдануы басталады. Ал тұрақты тоқтың әсері кезінде осындай реакциялар тізбектің тұйықталуы және ажыратылуы кезінде болуы мүмкін және токтың үлкен шамасында басталады. Тұрақты токты сезіну 5-10 мА кезінде білінеді, тыныс алудың қиындығы 50-80 мА кезінде, тыныс алудың салдануы 90-100 мА кезінде білінеді. Дененің электрлік кедергісі тұрақты шама емес. Төменгі жиіліктерде ол негізінен терінің мүйізді қабатының кедергісімен анықталады. Жарақатттанбаған құрғақ терінің меншікті көлемді кедергісі 10 Ом *м шамасындай болады. Дымқыл терінің кедергісі ондаған не жүздеген рет төмендеуі мүмкін.

Терінің кедергісі сызықтық шама емес, ол берілген кернеудің шамасы мен уақытына байланысты және ол терінің жоғарғы қабатының ойық жерлерінен кейін біршама кемиді. Терінің қызуымен және тердің бөлінуінің артуымен терінің кедергісі төмендейді, ол едәуір контактілі қысым мен контакт ауданының үлкен болуы кезінде болады. Ішкі мүшелердің кедергісі жоғарыда айтылған факторларға байланысты емес және ол 1000 Омға тең деп алынады.

Токтың ағзаға әсер ету уақыты сәтсіз оқиғаны болғызбауда маңызды мәні бар. Әсер ету уақыты азайғанда токтың күші артады, ол салдануды не жүректің фибрилляциясын тудырмайды.

Токтың денедегі жолы өте маңызды. Токтың жүрек пен өкпе арқылы, яғни қолдан қолға, қолдан аяққа өтуі кезінде жарақаттану жағдайлары өте қауіпті.

Электр тогымен жарақаттану жағдайлары қоректендіру желісінің кернеуінде болатын металл бөліктерге жанасумен байланысты және олар жиі кездеседі. Олар желі сымдары, зақымдалған изоляциясы бар және желінің қанқамен қысқаша тұйықталуы болатын өнімнің металл қанқалары болуы мүмкін. Жермен тұйықтау кедергісі адам денесінің кедергісінен қанша есе кіші болса, жанасқан кездегі кернеу де сонша есе төмендейді. Электромедициналық аппаратураны қолдану кезіндегі жермен қорғанышты тұйықтау кедергісі 4 Омнан артпау керек. Электромедициналық құралдар мен аппараттардың токпен не пациенттің денесімен жанасатын жұмыс бөліктері болады (электродтар, сәулелендіргіштер, датчиктер). Терапевтік, хирургиялық электромедициналық аппараттарды қолданған кезде пациент денесінің ұлпаларына электр энергиясы осы аппараттардың жұмыс бөлігінің көмегімен беріледі. Диагностикалық электромедициналық құралдарды пайдаланған кезде биопотенциалдар осы құралдардың жұмыс бөлігінің көмегімен қабылданады. Жұмыс бөлігінің болуы пациент пен аппаратураның байланысын тудырады және элекр тогымен жарақаттанудың аса қауіптілігіне әкеліп соғады. Электр тогы кейбір емдеу аппараттарында ағзаға емдік әсер ету үшін қолданылады. Осындай аппараттарды дұрыс пайдаланбау артық мөлшерлеу (передозировка) мүмкіндігімен байланысты.

Көптеген жағдайда пациент электр тогының әсерін сезіне алмайды. Ол салданып не наркоздың әсерінде болуы мүмкін. Пациенттің тері қабаты дезинфекциялайтын және басқа да ерітінділермен өңделіп, өзінің қорғаныш қасиеттерін жоғалтады. Диагностикалық және емдеу процедурасын жүргізу шарттары әртүрлі болуы мүмкін, емдеу мекемесінің бөлмесінен бастап тұрғын үйлерге дейін. Эксплуатацияның әртүрлі шарттары аппаратураның элекртлік қауіпсіздігіне қосымша талаптар қояды.








Дата добавления: 2015-05-26; просмотров: 3834;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.