Дәрі-дәрмектік электрофорез.
Дәрі-дәрмектік электрофорездегеніміз тұрақты электр тогының көмегімен дәрі-дәрмектік заттарды ағзаға енгізіп, емдеу әдісі немесе ағзаға тұрақты токпен енгізілген дәрмектік заттың әсері мен осы токтың әсерін байланыстыру (ұштастыру). Бұл жағдайда ағзаға енгізілетін дәрмектік заттардың емдік әсері тұрақты токтың әсер ету механизмімен қосылады. Олар ағзаға енгізілетін дәрмектердің қозғалғыштығына, енгізілу әдісіне, мөлшеріне, енгізілу ауданына байланысты. Ерітіндідегі дәрмектік заттар иондарға және зарядталған гидрофильді комплекстерге (жиынтыққа) ыдырайды. Осындай ерітінділерді электр өрісіне енгізген кезде олардың құрамындағы иондар қарама-карсы полюстерге қарай бағыттала орын ауыстырады (электрофорез) жэне ұлпаларға тереңірек еніп, емдік әсер етеді.
Оң электрод астындағы төсеніштен ағза тіндеріне металл иондары (тұз ерітінділерінен), аса күрделі заттардың оң зарядталған бөлшектері енгізіледі, ал теріс электрод астындағы төсеніштен қышқыл радикалдары, күрделі қосылыстардың теріс зарядталған бөлшектері енгізіледі.
Дәрмектік заттардың иондарының өтімділік қабілеті осы заттардың құрылымына және электролиттік диссоциация дәрежесіне байланысты болады. Ол әртүрлі еріткіштерде бірдей емес және ол осы еріткіштердің диэлектрлік өтімділігімен ( ) анықталдады. Суда еріген дәрмектік заттардың электр өрісінде ( = 81) қозғалғыштығы жоғары болады. Глицерин ( = 43) мен этил спиртінің ( = 26) судағы ерітінділері суда ерімейтін заттардың диссоциациясы үшін қолданылады.
Дәрмектік заттарды ион түрінде енгізу олардың қозғалғыштығын және фармакологиялық эффектісін арттырады. Препарат құрылысының күрделенуі оның қозғалғыштығын төмендетеді. Енгізілетін дәрмектік заттар терінің сыртқы қабатына (эпидермиске) еніп, терінің терінің негізгі қабаттарының (дерманың) жоғарғы кабаттарында жиналады. Одан олар микроциркуляторлы (микроайналымды) арнаның тамырлары мен лимфа тамырларына диффузияланады.Тері «депосынан» түрлі заттардың шығу периоды 3 сағаттан 15- 20 тәулікке дейінгі аралықта болады. Бұл дәрмектік заттардың ағзада ұзақ болуына, жақсы емдік әсерге әкеледі.
Электрофорез арқылы ағзаға енетін дәрмектік заттардың мөлшері емдік процедура (ем шарасы) кезінде қолданылатын дәрмектің 5-10 % -ын құрайды. Ағзаға енгізілетін заттардың
Cурет 4. Электрофорез сызбасы.
Сурет 3. Биологиялық ұлпалардағы дәрмектік заттардың электрофорезінің сызбасы.
1- интрацеллюлярлы; 2- трансцеллюлярлы; 3- тері бездерінің өзектері арқылы; 4-шашты фолликул арқылы.
мөлшерін арттыру үшін ерітінділер концентрациясын (5 %-тен жоғары) арттыру емдік әсерді жақсартпайды. Бұл жағдайда иондардың электростатикалық өзара әсерлесуі нәтижесінде электрофоретті және релаксациялы тежелу күштері пайда болады (Дебай-Хюккель
феномені). Олар ұлпаларға дәрі-дәрмек иондарының орын ауыстыруын тежейді.
Ағзаға енетін дәрмектік заттардың фармакологиялық эффектісі күшті әсер ететін препараттар мен металл иондарын аз мөлшерде енгізгенде көрінеді. Дәрмектік заттар электрод астындағы ұлпаларға жергілікті әсер етеді. Олар сәйкес мүшелердің айқынды рефлекторлы реакциясын тудыруға, олардағы қанның ағысын күшейтуге қабілетті, тіндердің регенерациясына (жойылған бөлігінің қайтадан қалпына келуі) түрткі береді. Мысалы, электрофорездің көмегімен ағзаға енгізілген иод иондары дәнекер тіннің дисперстілігін арттырып, ақуыздардың гидрофильділік дәрежесін арттырады. Литий иондары зәр қышқылының литий тұздарын ерітеді. Мыс пен кобальт иондары жыныс гормондарының метаболизмін белсендіреді және олардың синтезделуіне қатынасады; магний және кальций иондары айқынды гипотензиялы (төмендеу) әсер етеді; ал цинк иондары регенрацияға түрткі береді және оның фунгицидті әсері бар.
Енгізілген заттардың кейбіреуі тері талшықтарының тактильді (түйсік сезімінің) және ауырғанды сезінуінің функционалды қасиеттерін өзгертуі мүмкін. Электр тогы мен жергілікті анестетиктердің бірлескен әсері ауырсыну ошағынан келетін импульсті ағынның кемуін тудырады және тұрақты тоқтың анальгетикалық эффектісін тудырады. Осындай құбылыстар әсіресе катод астында анық байқалады. Тұрақты электр тогы енгізілетін препараттардың фармакологиялық кинетикасы мен фармакологиялық динамикасын артады. Ұштастырылған әдістің нәтижесінде олардың көпшілігінің емдік сапасы арттырады. Теріге енген заттар жайылмай, сол жерде жинақталады. Бұл зақымданған жердің бетіндегі аймақтарда осы заттар концентрациясының артуына мүмкіндік береді. Заттарды осылай енгізу әдісі кезінде дәрмектік заттардың пероральді (ауыз арқылы) және парентеральді енгізілуіндегідей қарсы эффектілер болмайды. Балластық ингредиенттерінің (құрамындағы заттардың) әсері әлсіз, ал ерітінділер залалсыздандыруды керек етпейді. Емдік заттардың (көбінесе антибиотиктердің) ішкі мүшелердің патологиялық ошақтарында (мүше ішіндегі электрофорез), ісіктерде жинақталуы (электрохимия терапия) мүмкін. Осы кезде электрод аралығындағы тіндердегі дәрілердің мөлшері (концентрациясы) 1,5 есе артады.
Тіндер арқылы өткен электрдің қосынды мөлшері 200 Кулоннан артпау керек. Қолданылатын дәрмектік заттың мөлшері әдетте олардың пероральді (ауыз арқылы) және парентеральді енгізілуінің бір ретті мөлшерінен артпау керек.
Гальванизация.
Ағзаға күші аз болатын тұрақты токпен әсер етіп, емдеу әдісі гальванизация деп аталады. Бұл тұрақты токтың ескі атымен, яғни гальваникалық ток есімімен байланысты.
Ағза ұлпаларына токтың алғашқы әсері ұлпаларда электролит иондарының және басқа да зарядталған бөлшектердің қозғалысымен байланысты. Иондардың бөлектенуі, соған сәйкес ұлпа кұрылымының әртүрлі элементтерінде иондар концентрациясының өзгеруі иондар қозғалғыштығының бірдей болмауы салдарынан, және де жартылай өткізгішті мембраналарда, ұлпа элементтерінде, жасушаның іші мен сыртында иондардың бөгеліп қалуы мен жинақталуының салдарынан болады. Бұл жасушаның функционалдық қызметінің өзгеруіне және ұлпаларда физиологиялық үрдістердің өзгеруіне әкеліп соғады. Тұрақты токтың терапевтік әсері осы құбылысқа байланысты. Ендеше ұлпа кұрылымдарында иондар концентрациясының өзгеруі адам ағзасына тұрақты токтың алғашқы әсер етуінің негізі болып табылады. Қозғалғыштығының әртүрлі болуынан, жартылай өткізгішті мембраналарда қабықшаның болуы салдарынан иондардың бөлінуі орындалады, соған сәйкес ұлпа кұрылымдарының әр элементтерінде иондар концентрациясы өзгереді.
П.П. Лазаревтің тітіркенудің иондық теориясына сәйкес қабықшаның екі жағындағы иондар концентрацияларының белгілі бір қатынасының бұзылуы жасушада қозу күйін тудырады, осы қозу электр тогының әсеріне жасушаның реакциясы болып табылады. Осы жағдайда бір валентті Na және К иондарының концентрациясының Са және Mg екі валентті иондарының концентрациясына қатынасының мәні зор.
Осы қатынастың артуы қозу реакциясын тудырады, ал кемуі тежелу реакциясын тудырады.
Токты тұйықтаған кезде, катодтың маңайында әсердің болуы қозғалғыштығы аса жоғары бір валентті иондардың, әсіресе К, Na иондарының концентрациясының артуымен байланысты, ал анод тұсында қозудың артуы нашар қозғалатын иондардың мөлшерімен байланысты, сол себепті анод жанында Са, Mg және т.б. екі валентті иондар мөлшері артық болады.
Гальванизация кезінде кернеуі 60-80 В, күші 5- 15 мА болатын, токтың тығыздығы 0,1 mА/см2 шамасынан артық болмайтын тұрақты ток ұлпаларға электродтардың көмегімен жіберіледі. Электродтардегеніміз ток көзінің полюстерімен жалғанатын металл өткізгіштер. Электродтарды терінің бетіне тікелей орналастыруға болмайды. Өйткені электродтар бетінде ұлпалар құрамындағы хлорлы натрий, тер құрамындағы ас тұзы ерітінділерінің электролизі кезінде түзілген өнімдер теріні күйдіруі мүмкін. Ол үшін гигроскопиялық материалдан ( байка, фланельден) жасалған қалындығы 1 см-ден кем болмайтын, өлшемдері барлық периметрі бойынша металл пластинканың өлшемдерінен 1,5-2 см-ге артық болатын қалың төсеніштер қолданылады (сурет 6). Төсеніш сумен не әлсіз тұзды ерітіндімен дымқылданады. Ол электродтағы екінші ретті реакция өнімдерін өзіне сіңіреді.
Осы төсеніш электрод (2) астындағы адам терісінің бетіне қойылады. Төсеніш пен электрод дененің керекті жеріне тартқыштардың не созылмалы бинттердің (3) көмегімен нық орнатылады. Төсеніштер қайнату арқылы залалсыздандырылып, қайтадан қолданылады.
Науқас адамның дене бөлігіне тұрақты токпеп әсер ету үшін белгілі бір пішінді және өлшемді электродтар қолданылады. Электрод металл пластинкадан немесе токты жақсы өткізетін материалдан тұрады. Электродтар материалы ретінде қалайыланған қорғасын қолданылады. Бір жағынан ол жұмсақ, екінші жағынан ол ең нашар қозғалатын иондарды құрайды. Өйткені қорғасын иондары токтың пайда болуына қатынаспайды.
Электродтарды аппарат клеммаларына қосу үшін көп тарамды, оқшауланған сымдар колданылады.
Гальванизацияның емдік шарасын жүргізуді дайындау кезінде гидрофильді тесеніштерді ыстық крандағы сумен дымкылдап, оларды бірқалыпты сығып, көп тарамды сымдармен жалғанған ток өткізетін пластинкалармен бірге дененің әсер ететін бөлігіне орналастырады. Барлығын бірге созылмалы бинтпен байлап, құмы бар кішкене қапшықпен бастырып қояды. Төсеніштердің денеге нығыз және бірқалыпты орналасуы және ұлпаға электродтың металл бөлігінің тиіп кетпеу мүмкіндігі тиянақты тексерілу керек, сонымен бірге электрод астында терінің жарақатының, эпидермалы кабаттың басқа да бүлінуінің болмауын тексеру қажет
(терінің кішігірім ақауын мақта түйіршігімен немесе вазелині бар марлімен жауып қою керек).
Дененің бетіне тікелей орналастырылған электродтар арасындағы ағзаның жеке бөліктерінің электр өткізгіштігі тері мен тері асты қабатының кедергілеріне өте байланысты.
Ағза ішінде ток негізінен қантамырлары, лимфа тамырлары, бұлшықеттер, жүйке өзегі арқылы таралады. Терінің кедергісі терінің күйімен анықталады: қалыңдығымен, жасымен, ылғалдығымен және т.б. Электродтарды пациент денесінде көлденең, бойлай немесе қиғаш орналастыру қабылданған. Бір- біріне қарсы қойылған екі электродтардың шеттері арасындағы қашықтық осы электродтардың біреуінің енінен кіші болмау керек. Әдетте бірдей өлшемді электродтар қолданылады. Бірақ кейбір жағдайларда дененің белгілі бір бөлігіне токтың әсерін арттыру қажет болғанда осы бөлікке екінші электродпен салыстырғанда ауданы кіші электрод қойылады. Қолдың саусақтары мен табанның ұсақ буынды аймақтарына әсер ету кезінде жазық ванналар (бір не екі камералы) пайданылады. Осы кезде ваннаға батырылатын дененің металл электродпен кездейсоқ жанасуын болдырмау үшін металл электродты одан алысырақ болатындай етіп, ваннаға түсіреді. Ал екінші электрод науқастың қолына не аяғына, мойын- жауырынды аймаққа не омыртқа жотасының белдеме аймағына орналастырады.
Гальванизацияны жүргізу үшін «Поток – 1» аппараты қолданылады. Гальванизация аппараты желіден қоректенетін реттелетін тұрақты ток көзі. Аппараттың меншікті қаңқасы мен алмалы- салмалы түбі бар. Аппараттың қаңқасы соққыға төзімді полистиролдан жасалған.
Миллиамперметр (1) аппарат қаңқасының сол жақ жоғарғы жағында орналасқан. Токты реттегіш тұтқасы (3) амперметрдің оң жағында, әрірек токтың диапазондарын ауыстырғыш пен миллиамперметрдің өлшеу шектерін ауыстырғыштар «5mA–50mA» (4), сигналдық жарық көзі (2), желімен ажыратқыш «Вкл-Выкл» (5), шығу ұяшықтары (6) « +» – қызыл тиек, «-» - қара тиек) орналасқан.
Ем шарасын жүргізер алдында желінің кедергісін қосқыштың дұрыс орнатылғанын тексеру керек. Желіден ажыратқышты «Выкл» жағдайына, диапазондарды ауыстырғышты «5 mA» жағдайына, ал токты реттегіш тұтқасын 0-дік жағдайға ауыстыру керек. Желіге қосқышты қоректендіру желісіне қосу керек. Жалғағыш сымдарды шығу қысқыштарына қосып, осы қысқыштарға таңдап алынған электродтарды бекіту керек. Науқас адамның денесіне сумен не дәрі ерітіндісімен (дәрмектік электрофорезді жүргізу кезінде) дымқылдандырылған төсенішпен электродтар орналастырылады. Желілік кедергіні қосып (осы кезде басқару панеліндегі сигналдық жарық көзі жанады), реттегіштің тұтқасын баяу бұра отырып, токтың қажетті мәнін тағайындау керек. Ем шарасын бастағаннан кейін алғашқы минуттарда дененің кедергісінің біршама төмендейтінін есепке алу керек. Бұл токтың артуына әкеледі. Осы себеппен ем шарасының басында токтың шамасын бақылап отыру керек, қажет болған жағдайда оны реттеу керек.Токтың диапазонын азайту үшін токты реттегіш тұтқаны алдын- ала бастапқы жағдайға қою керек және пациенттен электродтарды алып тастау керек.Жұмыс барысында үзіліс жасағанда желіні ажыратқыш тұтқасын «Выкл» жағдайына ауыстырып, желілік қоректендіруді өшіру керек. Токты қосу 0-дік жағдайдан басталу керек және ол баяу, біртіндеп, ешбір рывков и толчоксыз арту керек. Өшіру де 0-ге дейін өте баяу орындалу керек. Ем шарасы аяқталған соң аппаратты өшіріп, сымдарды аппараттан ажырату керек.
Жалпы гальванизацияның емдік шарасы кезінде ванналар қолданылады. Олар сумен толтырылады және оларға науқастың аяқ- қолдары түсіріледі.
Егер барлық ағзада бір ионның мөлшерін арттыру керек болатын болса, онда төрт камералы ванна қолданылады.
Науқасқа берілетін ток тығыздығы (ток күшінің электрод ауданына қатынасымен) бойынша мөлшерленеді (дозаланады).
Жергілікті гальванизация кезінде мүмкін болатын токтың күші 0,1 mA/сm2 шамасынан артпау керек. Жалпы әсер ету кезінде токтың мүмкін болатын күші бір тәртіпке төмен болады – 0,01 mA/сm2 – 0,05 mA/сm2. Обьективті көрсеткіштерден басқа, мөлшерлеу кезінде науқастың субьективті сезулерін де ескеру қажет. Ем шарасы кезінде ол электродтар астында аздап шаншуды сезіну керек. Оның күйдіруді сезінгені өткізгіш тогының тығыздығын төмендету керектігінің сигналы болып табылады. Ем шарасының ұзақтығы, оны жүргізу жиілігі, емдеу курсындағы оның жалпы саны аурудың сипатына, кезеңіне, фазасына, науқастың жалпы көңіл-күйіне, жеке бас ерекшеліктеріне байланысты. Гальванизацияның ұзақтығы 20-30 минуттан аспау керек. Әдетте емдеу курсында 10-15 ем шарасын тағайындайды. Қажет болған жағдайда гальванизацияның қайталану курсы бір айдан соң жүргізіледі.
Гальванизацияны жоғары жиілікті магнитотерапиямен (гальваноиндуктотермия, пелоидотерапиямен (гальванопелоидотерапия) және акупунктурамен (гальваноакупунктура) ұштастырады.
Дәрмектік электрофорез әдісінің артықшылықтарына мыналар жатады:
1. тері депосының құрылуы, онда дәрмекік заттар 1 күннен 3 күнге дейін жиналады;
2. патологиялық ошаққа тікелей әсер ету;
3. физиологиялық реакциялардың едәуір сиректеуі;
4. дәрмектік заттарды ауырсынбай енгізу.
Гальванизация мыналардыемдеуде көрсетілген:
- шеткі жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттануын емдеуде (плекситтер, радикулиттер, моно- және полинейропатия, невралгия және т.б.),
- орталық жүйке жүйесінің аурулары мен жарақатын емдеуде (мидың, жұлынның жарақаттарын, олардағы қанайналымның бұзылуын),
- вегетативті дистонияны, неврастенияны және т.б. жүйке күйлерін,
- моторлы және секреторлы функцияларының бұзылуымен жүретін ас қорыту мүшелерінің ауруларын (созылмалы гастрит, колиттер, холецистит, қарынның ойық жаралы аурулары, жұмыр ішек аурулары),
- гипертониялық және гипотониялық ауру, стенокардия, алғашқы кезеңдердегі атеросклероз,
- түрлі мүшелер мен тіндердегі созылмалы қабынған үрдістер,
- жарақатты, ревматизмді табиғатты созылмалы артриттер, периартриттер,
Гальванизацияға қарсы көрсетілімдер:
ісіктер, қабынудың және іріңнің қатал үрдістері, қанның жүйелі аурулары, кенет айқындалған атеросклероз, III кезеңдегі гипертониялық ауру, қызбалық күй (лихорадка), экзема, дерматит,
электродтар орналасқан жердегі тері бетінің тұтастылығының кең көлемді бүлінуі мен терінің сезімталдығының берекесіздігі, қан кетуге бейімділік, жүктілік, гальваникалық токқа жекелей төзімділігі.
Дәрмектік электрофорездің көрсетілімдері:
өте кең- енгізілетін препараттың фармакотерапевтік қасиеттерімен анықталады, осы кезде тұрақты токты қолдануға көрсетілімдерін есепке алу керек.
Дәрмектік электрофорезге қарсы көрсетілімдер гальванизацияға арналған қарсы көрсетілімдердей, және де дәрмектік заттарды жекелей төзуге болмайтындығы.
Дата добавления: 2015-05-26; просмотров: 4954;