Тарау. ЭТНОСОЦИОЛОГИЯ
Этносоциология ғылыми бағыт ретінде этнология, әлеуметтік психология мен социологияның тоғысқан жерінде пайда болды.
Этносоцилогия әр түрлі этникалық орталар мен әлеуметтік топтардағы этникалық процестерді анықтайтын әрі зерттейтін ғылыми пән.
Этносоциология арнайы социологиялық орта деңгей теориясы ретінде эмпирикалық зерттеулер негізінде қалыптасты.
Этносоциологияның пәні - этникалық топтардың дамуының әлеуметтік аспектілерін және қызмет етуін, олардың бірдейлігін, өзін-өзі ұйымдастыру формалары мен мүдделерін, ұжымдық жүріс-тұрыс заңдылықтарын, этникалық топтардың әрекеттесуін, осы топтарға енген тұлғалардың өзара байланысын және әлеуметтік ортасын зерттейді [1].
Этносоциологиялық зерттеудің саласы өте кең. Олар - әлеуметтік өзгерістердің этникалық ерекшеліктері, кәсіби ұстанымдардағы тенденциялар, этникалық топтардағы әлеуметтік жылжулар қарқыны, ішкі және сыртқы көші-қон, отбасы ішіндегі қатынастардың этникалық өзіне тән ерекшелігі, тілдердің дамуындағы этнолингвистикалық жүріс-тұрыс пен тенденциялар, мәдени аралық өзара әрекеттесу, мәдени аралық шекаралар проблемалары, мәдени ара қашықтықтағы діннің рөлі, этникалық өзіндік сана-сезім, авто және гетеро таптаурындар, этносаралық ынтымақтастық, этникалық мүдделер мен этносаралық тілдесуге нұсқама, этносаралық ұстанымдар, шыдамдылық пен шыдамсыздық, ұлтшылдық проблемалары, этносаралық жанжалдардың әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық негіздері.
Этносоциология қоғам өмірінің барлық әлеуметтік маңызы бар салаларының этникалық өзіне тән ерекшеліктерін социологиялық өлшемдер мен социологиялық зерттеу әдістерін қолдану тұрғысынан қарастырып, зерттейді.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 2351;