Социологиялық зерттеу
Қазақстандағы ұлттық қатынастар мәселесін социологиялық зерттеу кеңес заманында да жүргізілген және оның ішінде ұлттық қатынастар мен ұлтаралық байланысқа түсудің бірқатар аспектілерін арнайы зерттеулері бар. 1988 жылы А.М. Кимасов [23] қоғамдық пікірдегі ұлттық қатынастар проблемаларына төрт социологиялық зерттеулер нәтижесі бойынша талдау жасаған еді. Зерттеудегі іріктеу таңданарлықтай: жалпы алғанда 12 ұлт өкілінен 20 мыңдай адам сұралған. Одан бөлек көптеген комитеттер, партиялар интернационалдық тәрби беру бойынша жоспар жасау және оны орындау барысында өз бетінше халық арасында сауалнамалық сұрау өткізген. Бұл мәселе бойынша қоғамдық пікірді жүйелі зерттеу оны түрдің өзгеруі мен қайшылықтардан аман алып, бұл процесті біліп, сезіп отыру үшін және оны сауатты түрде басқару үшін қажет болды.
Бүгін Қазақстанда этносаралық қатынастарға мониторинг жасауда жоғарыда айтылған міндеттер қойылуда. Этникалық процестер отандық ғалымдардың теориялық талдауларының пәніне айналды. Оны шешу үшін түрлі талдамалық құрылымдар жұмылдырылған, олардың көпшілігі бұл мақсатта өз бетінше немесе социологиялық ұйымдармен бірлесе социологиялық зерттеулер жүргізеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда этноәлеуметтік зерттеулердің белгілі бір дәстүрлері қалыптасты. Бұл дәстүрдің қалыптасуында түрлі мемлекеттік құрылымдарындағы елімізге әйгілі талдамалық орталықтар белгілі рөлін атқарады, олардың арасында ерекше атап кететіндері Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараттық-талдау орталығы (ПАТО), Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің талдамалық және мониторинг жүргізу орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Философия және саясаттану институты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті социология кафедрасы, сонымен қатар бірқатар тәуелсіз талдамалық орталықтар - Гуманитарлық зерттеудер орталығы (ГЗО), Қазақстан әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжам институты (ҚӘЭАБИ), Қазақстан даму институты, “ЦЕССИ-Қазақстан” салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты.
2002 жылдың мамыр айында Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті социология кафедрасының бастамасымен ұйымдастырылған Қазақстан социологтарының бірінші Конгресі болып өтті. Конгресте “Этносаралық қатынастардың қазіргі үлгілері” деген арнайы секция жұмысы ұйымдастырылды, ол жерде кафедра ғалымдарының бұл бағыттағы ғылыми зерттеулерінің нәтижелері ұсынылды [24]. Диссертациялық кеңесте соңғы жылдары этносоциология тақырыбында бірқатар кондидаттық диссертациялар қорғалды (С.Ахметова, К.Жәйшібекова [25]).
Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараттық-талдамалық орталығы 1992 жылдан бері Қазақстандағы этникалық процестерге зерттеулер өткізіп келеді. Зерттеулердің мақсаты этникалық топтар өкілдерінің ұлттық сана-сезімі ерекшеліктері мен элементтерін анықтау, этносаралық қатынастардың сипатын мен олардың ушығу деңгейін анықтайтын әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-психологиялық факторларды этносаралық қатынастарда көп деңгейде жанжалдық жүріс-тұрысымен, қабылдаумен сипатталатын әлеуметтік топтың ерекшеліктерін анықтау болды. Бұл зерттеулер жақсы әдістемелік базасымен, дұрыс ойластырылған іріктеуімен ерекшеленеді. Айталық, 1996 жылғы “Қазақстандағы этноәлеуметтік қатынастардың даму тенденциясы” атты зерттеуге Қазақстанның 7 облысынан репрезентативті, квоталық және көп сатылы іріктеу бойынша таңдап алынған 1761 респондент қатысты [26]. Парламент тарапынан мұндай зерттеулер дәл осындай әдістеме бойынша соған ұқсас құралдар жиынтығы бойыша бұрынырақ, 1992 - 1994 жылдары жүргізілген болатын. Қазақстан Республикасы Парламентінің АТО тарапынан өткізілген зерттеулер ішінен ең маңыздысы этносаралық қатынастар мен тілдік (этномәдени) жағдайдың даму тенденциясын зерттеудегі үздіксіз қайталанып отыратын (2 жылда бір рет) зерттеу болып табылады. “Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі тілге байланысты жағдай” атты зерттеудің нәтижелері ғылыми қауымдастыққа М.Аренов және С.Қалмыковтың отандық және шет елдік басылымдарда жарық көрген бірқатар мақалаларының арқасында белгілі болды [27].
М.Аренов және С.Қалмыков тарапынан тілдік жағдайға байланысты өтікізілген зерттеуді соңғы жылдардағы қазақстандық оқырмандар үшін хрестоматиялық деп есептесе де болады: авторлар жасаған бағдарлама, құралдар жиынтығы, жалпы әдістемелік тұрғылар қазіргі кездегі республикадағы тілдік жағдай мен әлеуметтік-лингвистикалық процестерді зерттеушілер үшін ғылыми база ретінде қызмет етеді.
1996 жылы Қазақстан даму институтының саяси зерттеулер орталығы тарапынан Қазақстан қоғамындағы өмірлік құндылықтар мен қоғамдық санадағы мұраттар жүйесін анықтау бойынша біршама кең көлемді социологиялық зерттеу жүргізілген болатын.
Осы зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес қорытындыланған нұсқада қазіргі қазақстандықтарда өз бағыты мен құрылымына ие ұлттық арманы бар деп айтуға болады. Еліміздің түрлі ұлт адамдарының өзіндік өмірлік арманы бар және армандарға қатысты пікірлері бір-бірімен толық сәйкес келеді. Қазақтарда да, орыстарда да сонымен қоса өзге ұлт өкілдерінде де мықты денсаулық, отбасының аман-саулығы, материалдық молшылық, жақсы демалыс пен жеке қауіпсіздік жайында армандайды.
Кезінде ЕКҚҰ-ның (ОБСЕ) Аз ұлттардың істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының миссиясы тарапынан этносаралық қатынастарға мониторинг жасау үшін грант бөлінген еді. Гуманитарлық зерттеу орталығы (В.Курганская [28]), Қазақстан халықтары ассамблеясы мен ЕКҚҰ-мен бірге семинарларда ұлттық мәдени орталық басшылары тарапынан талқыланатын және этносаралық тақырыптағы теориялық ойдың белсене түсуіне жол ашатын талдамалық баяндамалар дайындауда. Осы жылдар ішінде мониторинг жүйесін ұйымдастыруда тұрақты әріптес Қазақстан әлеуметтік-экономикалық ақпарат және болжау институты болып келді (С.Жүсіпов [29]).
Қазақстандағы этносаралық қатынастарды зерттеу түрлі халықаралық қорлардың қолдауымен де өткізілуде. Бұл бағытта қазақстандық ғалымдарға “Сорос-Қазақстан” қоры “Еуразия” қорымен бірлесе белсенді көмек көрсетуде. Екі қор тарапынан ұйымдастырылған Қазақстан үшін басымдыққа ие қоғамдық саясат саласындағы қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру үшін арналған грант байқауы шеңберінде орындалған соңғы еңбектер арасынан О.Аринованың “Этносаралық қатынастарға мониторинг механизмінің қалыптасуы” және Г.Исмуханованың “Қазақстандағы этносаралық/ішкі эникалық тұрақтылықтың/шиеленісудің индикациясы: социологиялық аспект” атты жұмыстарын атап кеткен жөн [30].
А.Забирова Дж. және К. МакАртуров қорының қолдауымен “Қазақтар арасындағы көші-қон, урбанизация және сәйкестендіру” (Case study Аstana) жобасын іске асыруда [31].
“ЦЕССИ-Қазақстан” салыстырмалы әлеуметтік зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Парламентінің АТО мен бірглесе ортақ жоба шеңберінде Қазақстандағы этносаралық қатынастарға мониторинг жүргізуде (2000 - 2002), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту жөніндегі департаментінің тапсырысы мен мемлекеттік қызмет және білім беру саласындағы, жалпы елдегі тілдік жағдайға мониторинг жүргізді. Бұл зерттеулердің нәтижелері авторлар тарапынан отандың және бірқатар шет елдік басылымдарда жарық көрді.
Жалпы, бүгінгі таңда Қазақстанда этносоциологиялық зерттеулерде айтарлықтай үлкен тәжірибе жинақталған. Зерттеулердің көпшілігі тілдік жағдай, көші-қон, ұлтаралық қатынас проблемаларының айналасында шоғырланды. Қазіргі уақытта діни-этникалық қайта өркендеу поцестерімен байланысты зерттеудер өзекті болып отыр.
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Президенттің этносаралық зерттеулерде мониторинг жүйесін ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасын іске асыра отырып, республикадағы этносаяси жағдайды зерттеу бойынша жүйелі мониторинг дайындаудың негізгі принциптері мен механизмдерін сипаттайтын талдау бағдарламасын даярлады. Мониторинг әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-экономикалық процестерді зерттеулерде алғашқы ақпаратты алу үшін қажетті социологиялық сұраулар өткізуді мақсат етіп отыр.
Ұлтаралық қатынастарда социологиялық зерттеулермен мақсатты түрді айналысып жүрген мемлекеттік құрылымдар арасынан, Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің талдау орталығын атап кеткен жөн.
Осы министрлік жүргізген [32] этносаралық қатынастар мониторингінде қазақстандықтардың этносаралық әрекеттесулерінің сипатын анықтайтын бірқатар индикаторлар пайдаланылады. Этносоциологиядағы ең кең таралған және жалпыға мәлім нақтылы мемлекет тұрғындарының ұлтаралық өзара әрекеттесу сипатын анықтаушы индикатор болып табылады. Қазақстан тұрғындары 2001 жылдың күзінде өткізілген социологиялық зерттеудің нәтижесі бойынша этностар арасындағы өзара қарым-қатынастарды көп жағдайда жақсы деп бағалайды (83.0%). Этникалық өзара әрекетте шиеленісушілік пен жанжалдықты тек 2.5% ғана келтіреді.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 3462;