Категориясы ретінде

 

Қоғамдағы институттанудыру процестері саяси социология үшін шешуші мәнге ие. Мысалы, әлеуметтік институт оның қорлары және қоғамдағы рөлі мен орны үшін күресте билеп-төстеу және өз қауымдастығының мүшелерін бағындыру формасы ретінде алға шығады. Әлеуметтік институт қоғамды қалыптастыруғы арналған. Онда биліктік қызметтер ұйымдасқан құрылымда топтасқан, ал қауымдастықтағы билік олардың мүшелері арасында шашыраңқы күй кешеді.

Әлеуметтік институт ұғымы социологиялық теорияда негізгі мәнге ие. Тәжірибеде әлеуметтік институттың қалыптасуы кезекті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған индивидтер, индивид топтары арасындағы қатынастарды бекітуді білдіреді. Әлеуметтік институттар әлеуметтік байланыстардың ең бір күрделісі болып табылады және әлеуметтік топтар мен ұйымдардың принциптік айырмашылығы бар.

Жалпы әлеуметтік институттардың екі деңгейін бөліп көрсеткен жөн:

Бірінші. Әлеуметтік институттар сөздің кең мағынасында түсіну формасында, яғни бүкіл қоғамның институттары. Бұл жағдайда біз жалпы социумның институттар жүйесіне немесе жалпы қоғамға барынша жақындаймыз.

Екінші. Бұл деңгейге саяси институттарды (басқаруға, ықпал жасауға, әсер етуге, бағындыруға, қоғамдық процестер үстінен бақылауға бағыт алғандар) көрсетуге болады.

“Екінші қабат” үшін саясидан басқа әлеуметтік институттарды сөздің тар мағынасында, әлеуметтік институттарды, яғни билік, бағыныштылық және басқару мәселелерімен байланысты емес қоғамдағы қандай да бір қатынастарды қайта өркендеуге бағыт алғандарды бөліп көрсетген жөн.

Маңыздылар қатарына ішкі құрылым мен институттардың тұрақтылығын және оған тән сәттерін сақтап қалуға жол ашатын факторлары енеді, бұлар олар жөнінде басқа институттармен сіңіспейтін, қандай да бір әлеуметтік конструкт ретінде айтуға мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда әлеуметтік институттардың шекараларын, олардың қоғамның тұтас жүйесі шеңберінде басқа институттарға қатысты орналасуын анықтап алу өзекті болып табылады. Әлеуметтік институттардың тігінен және көлденең түріндегі байланыстары, олардың иерархиясы, институттар жүйесі маңызды болып көрінеді. Онымен қоса әлеуметтік институттардың іс-әрекеті мен ықпал етуі, институт аралық байланыстардың, институттар атомының өзіне тән ерекшелігі жайлы мәселелер аса маңызды.

Саяси процестер белгілі бір саяси институттардың іс-әрекеті арқылы іске асырылады. Олар көбіне, олардың көмегімен қандай да бір саяси күштер өздерінің саяси мүдделерін іске асыратын, белгілі бір мекеме немесе мекемелер жүйесі ретінде көрінеді. Қоғамның саяси құрылымының қызмет етуінің осы бір тетіктері оның тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуге көзделген.

Қоғамның ең маңызды саяси институттары қатарына құқық және идеологияны жатқызуға болады. Олар мемлекеттік заң шығарушы және атқарушы билік органдары - парламент, үкімет, жергілікті басқару органдары, сонымен қатар саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының, ең алдымен радио және телевидениенің іс-әрекеттерінде өздерін көрсете алады. Осы саяси институттардың әрқайсысы өмір сүретін саяси жүйенің қандай да бір буынының әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған өздерінің өзіндік ерекшелігі бар мақсатты қызметтеріне ие.

Қоғамда өмір сүретін саяси институттардың жиынтығы оның саяси жүйесінің маңызды буынын құрайды, ал олар болса сол институттармен аяқталып қалмайды. Саяси қызметтер тек “таза саяси” мекемелер мен ұйымдар тарапынан ғана атқарылып қоймай, сонымен қатар көптеген қоғамдық ұйымдар, оның ішінде кәсіподақтар, жастар ұйымы, ардагерлер одағы және сол сияқтылармен қоса, жазушыларды, суретшілерді, композиторларды, киноматографистерді, журналистерді, т.б. біріктеретін шығармашылық ұйымдар тарапынан да атқарылады. Бұл ұйымдардың әрқайсысы қоғамның белгілі бір әлеуметтік топтардың мүдделерін және олардың саяси құқықтары мен еркіндіктерін көрсетеді және қорғайды. Осының арқасында олар қоғамда өмір сүруші саяси жүйенің қандай да бір түйінін құрайды.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтеріне:

- мемлекет органдары, оның заң қабылдау және атқарушы биліктері;

- әскер;

- құқық қорғау органдары, ең алдымен сот, прокуратура, полиция;

- мемлекеттік арбитраж;

- саяси партиялар; саяси қозғалыстар;

- қоғамдық ұйымдар (кәсіподақ, жастар, шығармашылық т.б.) жатады. Олардың іс-әрекеті қандай да бір әлеуметтік топтардың саяси мүдделерін іске асырумен байланысты белгілі бір деңгейде саяси сипат алады.

 








Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1328;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.