Кристалдар формасы. Кристалдар формасына әсер ететін факторлар.Дендритті кристализация және ликвация.
Нақты жағдайларда кристалдану процесі едәуір дәрежеде дайын кристалдану орталықтарының болуына байланысты. Мұндай орталықтардың ролін әр түрлі қоспалардың қатты бөлшектері, форманың қабырғалары атқара беруі де мүмкін. Әсіресе, өзінің кристалдық құрылымы жағынан қатаятын металға ұқсас заттың бөлшектері ерекше әсерлі. Бұл ұқсастық метал мен қоспа торларының белгілі бір жазықтықтарында атомдардың орналасуының бір-біріне ұқсастығынан болады.
Егер қоспалар беттік керілуді азайтатын беттік-активті заттар болса, онда еріген қоспалар металдарда орталықтар санын арттырады. Мұндай жағдайда кристалдану орталығының кризистік мөлшері азаяды, мұның өзі салқындау дәрежесінің артуымен парапар.
Практикада құрылымды майдалау үшін модификациялайды, яғни сұйық қорытпаларды қосымша заттар (модификаторды) ендіру арқылы өңдейді. Модификатор ретінде беттіе-активті заттар (болатта бор, алюминий және оның қоспаларында натрий) және қиын балқитын металдар (титан, алюминий және оның қоспаларында цирконий) жатады. Қорытпаларға модификатор проценттің мыңдық үлесінен ондық үлесіне дейін қосылады.
Сұйық металдағы кристалданудың қосымша орталықтарының ролін атқаратын қоспалар температура жоғарылағанда ериді, албеттік-активті қоспалар активсізденеді. Сондықтан құюдың алдында сұйық металл температурасының жоғарылауы кристалдану кезінде түйіршіктердің ірі болуына әсер етеді.
Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 1379;