Бравэ торларының түрлері

Кристалдың ішкі құрылысының қазіргі теориясының негізі ХІХ ғасырдың басында Р. Гайюидің молекулалардың тығыз қорабы теориясы В. Волластонның кеңістік торы заңы бойынша кристалл құрылымы идеясына орын бергенде салынған.

В.Волластон Гайюидің бөлек тұрған микрокристалды молекулаларын оларға жазылған ортамен ауыстыруға ұсыныс жасады.

1842 ж немiс кристаллографы М.Франкенгейм кеңiстiк торлары туралы көрініске сүйене отыра, кеңiстiкте (нүктелерді ) түйiндердi орналастырудың 15 түрлi нұсқаларын алып шықты. 1848 ж алты жылдан кейiн француз кристаллографы Бравэ Огюст Франкенгейм шығарған торлардың екеуі бiрдей, сондықтан кеңiстiктiң торларының саны 14 ке тең екенін орнатты. Бұл торлар Бравэның кеңiстiк торлары атауына ие болды.

О.Бравэ шексіз қайталанған параллелипипедтердің ішінен тек біреуі арқылы барлық торды сипаттауға болатынын математикалық жолымен дәлелдеді. Қайталанғыштық (ұяшық) параллелепипедi (4-шi сурет) алты параметрлермен сипатталады: а,б және с қабырғалар және олардың арасындағы бұрыштар α,β,γ. Осы параметрлерді шамасы мен өзара бағытталуына қарай кеңістік торларының мүмкін болатын санын шектейтін әр түрлi симметриясы болады. Барлық кристалдық құрылымдар Бравэ торларына сәйкес келетін бағытталған топтармен сипатталады және элементар формалары мен симметриясы бойынша ерекшеленетін 7 сингонияға бөлінеді. Сингонияға құрылымдарының элементарлы ұяшықтарының симметриясы және координат осьтерінің кристаллографиялық жүйесі бірдей кристалдар біріктіріледі.








Дата добавления: 2015-06-10; просмотров: 4484;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.007 сек.