Жергілікті анестезияның түрлері

Жергілікті анестезия инъекциялы және инъекциялы емес болып бөлінеді. Инъекциялыға – инфильтрациялық, өткізгіштік, А.В. Вишневскийдің «жылжушы инфильтраты», инъекциялы емеске – химиялық, физикалық, физика-химиялық, инесіз инъектор, инерефлексанестезия жатады.

Жергілікті анестезияның инъекциялы емес түрлері.Апликация анестезиясы (сыртқы-терминальды, химиялық түрі) анестетикті белгілі бір жерге жағу немесе басып тұру. Анестезияның бұл түрі ауыз қуысы мен мұрынның кілегей қабығына қолданылады (дикаин, лидокаин, анестезин).

Кілегей қабықты сілекейден құрғатып, мақталы тампонды анестетикке батырып немесе ұнтағын сеуіп анестезия жасалатын жерге 2-3 минутке қояды.

Химиялық түріне көз ауруларында қолданылатын тамшыларды айтуға болады.

Физикалық түріне өте төмен температурамен мұздату (хлорэтил) жатады. Себілген дәрң тез буланып тін салқындап барып мұздайды, нәтижеде сыртқы нерв талшықтарының өткізгіштігі тоқталынады.

Хлоэтил (қайнау температурасы 12-13°) ампуладан 30-35 см қашықтықтан анестезия жасалатын жерге шапшып ағады. Бұл тәсіл қазір стоматологияда қолданылмайды.

Физика-химиялық түрі – бұл электрофарех арқылы анестетикті тінге енгізу. Үшкіл нервтің невралгиясын емдеуге, тістің қатты тіндерін анестезия жасауға қолданылады.

Соңғы кездегі стоматологияда анестезияның жаңа түрлері рефлекстерапия, инешаншу, электроакупунктура – аналгезия өріс алды.

Жергілікті анестезияның инъекциялы түрі. Анестетиктің тінге ине немесе жоғары қысым арқылы енгізілуі инъекция түріне жатады. 1853 жылы Вудтың іші қуыс ине арқылы операция жасалатын жерге әртүрлі дәрілерді енгізуі инъекциялы анестезияға жол ашты. Шприц пен инеге мынандай талаптар қойылады: поршеньнің шприцке дәл келуі, иненің ұзындығы 4-5 см-дей болуы, тиісті тереңдікке енгізілген соң да иненің 1-1,5 см-дейі қалуы керек, иненің түбі таттанбаған, ұшы қайырылмаған, ұшы 45° бұрышпен өткір болуы шарт. Ең дұрысы бір-ақ рет қолданылатын шприц.

Аспаптарды стерилизациялау.Ыдысты шприц пен инені мұқият жуады, содан соң биолот (1 литр суға 5 г биолот) ерітіндісі немесе 3% сутегі тотығына 0,5% синтетикалық жуатын ерітіндісімен тазартады. Тағы да суға жуып 45 минут бойы тазартылған суда қайнатады. Шпицтерді шынысын дәкеге орап, поршенін бөлек алып салқын суға салып қайнатады. Инелерді мандрендерімен қайнатады. Шпирцтер мен инелерді арнайы стерилизаторларда дайындайды.

Анестезияның инъекциялы түрлерін дәл орындау үшін, жақ пен беттің анатомиясын, жақ сүйектердің құрылысымен кілегей қабықтың жылжымалы, жылжымайтын бөліктерін білу, тістердің инервациясы, жақ айналасындағы тіндер жайлы мәліметтерді жете білу қажет.

Анестезияны орындауда мынадай реттілік шараларды есте сақтаған абзал. Олар нысана анестетиктің жіберілетін жері, нысананы анықтайтын белгілер (нысана маңындағы анатомиялық құрылымдар), ине шаншитын нүкте (ине бағытының қиылысы), бағыт, шаншу тереңдігі, анестезия жасайтын нерв, анестезия аумағы.








Дата добавления: 2015-04-03; просмотров: 4205;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.