Тері ауруларының жалпы этиологиясы

Тері аурулары көптеген себепкер ықпалдардан дамиды. Бұл себепкер ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі топқа ажыратылады. Экзогендік себепкер ықпалдарға:

● механикалық және физикалық (механикалық қажалу, үйкелу, тырнау, ыстық немесе суық температуралар, күн сәулелері, ультракүлгін және иондағыш сәулелер, электр қуаты) ықпалдар;

● химиялық (қышқылдар мен сілтілер, үй тұрмысында қолданылатын және өндірістік химиялық заттар, дәрі-дәрмектер, тағамдық өнімдер, тітір-кендіргіш шөптер т.б.) ықпалдар;

● биологиялық (бактериялар, майда саңырауқұлақтар, қышыма қотыр кенесі, жануарлар құрттары) ықпалдар - жатады.

Эндогендік себепкер ықпалдарға:

● тұқым қуалаушылыққа бейімділік;

● иммундық бұзылыстар (аллергиялық серпілістер, аутоиммундық үрдістер, иммундық тапшылықтар);

● зат алмасуларының бұзылыстары;

● гипо- және авитаминоздар;

● теріде қан және лимфа айналымдарының бұзылыстары;

● жүйке жүйесінің бүліністері;

● эндокриндік бездердің бұзылыстары;

● ішкі ағзалардың (әсіресе ас қорыту жолдарының, бауырдың, бүй-ректің) аурулары;

● қан өндіру жүйесінің дерттері т.б. - жатады.

Терінің жағдайы тұтас организмнің жағдайынан байланысты болады. Бүйрек бүліністерінде теріде азоттық өнімдердің ұнтақтары пайда болады; бадамша бездерде, тістерде орныққан жұқпалардан дерматоздар дамиды. Экзема, есекжем, нейродермит пайда болуы және дамуы, шаштың дөңгеленіп түсуі дербес жүйке жүйесінің бұзылыстарында жиі байқалады. Жоғары жүйке жүйесінің тозуынан психогендік дерматоздар дамиды. Эндокриндік жүйенің бұзылыстарына да тері жауап қайтарады. Қалқанша бездің қызметі жеткіліксіздігінен тері микседемасы, қатты терлегіштік, қышыну, есекжем, экзема дамуы байқалады. Анабездің қызметі бұзылуы нәтижесінде теріде сарғыш-қоңыр түсті гиперпигментация, Иценко-Кушинг ауруында (синдром-ында) әйелдерде сақал, мұрт өсуі пайда болады; ұйқыбез ауруларында фурункулез дамиды. Үлкен қанайналым шеңберінде қан іркілуі тері көктамырларының одырайып кеңуіне, варикоздық ойық жаралар пайда болуына ықпал етеді.








Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 3810;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.