Шөгінді тау жыныстары

Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75% алып жатыр. Үстінде топырақ дамып және топырақ түзуші үрдістер өтетін, ең көп тараған топырақ түзуші жыныс болып табылады.

Магмалық және метаморфты тау жыныстарының мүжілу нәтижесінде шөгінді тау жыныстары пайда болады (15-сурет). Тау жыныстарының пайда болуынан бастап мүжілу үрдістері үзбей жүріп отырады.

Мүжілу үрдістері (выветривание, гипергенез) дегеніміз тау жыныстарының бұзылуына әкелетін үрдістер мен құбылыстар жиынтығы.

 

 

15- сурет Шөгінді тау жыныстары.

 

Шөгінді жыныстар кесектер мүсіні мен құрылымына байланысты (яғни кейбір мүжілу үрдістердің басым болуынан) 3 топқа бөлінеді:

– кесектi

– балшықты

– химиялық және органогенді.

Кесектi жыныстар. Механикалық немесе кесектi жыныстар – магмалық және метаморфтық жыныстардың химиялық құрамы өзгермей физикалық бұзылу өнiмдерi.

Кесекті жыныстар ірі кесекті, орташа кесекті және ұсақ кесектілерге бөлінеді (3-кесте).

Кесекті жыныстарды жіктеу кесектердің көлемі мен пішіні, сырғымалық дәрежесі мен бірігуіне негізделген. Қатты бөлшектер көлеміне байланысты шөгінді жыныстар мынадай топтарға бөлінеді:

· Ірі кесекті (псефиттер) көлемі 1 мм-ден және одан жоғары (бірнеше метрге дейін) тоң кесектер, дөңбек тастар (қойтас), қиыршық тас, малта тас ж.т.б.

· Орташа кесекті (псамиттер) бөлшектер көлемі 0,05-1 мм-ге дейін (құмдар, құмайттар).

· Ұсақ кесекті (алевриттер) бөлшектер көлемі 0,01-0,05мм (лөс, лөс тәрізді құмбалшықтар).

Ірі кесектi жыныстар көбiнесе теңiздердiң, көлдердiң, тау өзендерiнiң жағалауына, әсiресе сол өзендердiң еңкiстi жазыққа шыға берiсiнде көп тараған. Ірі кесектi біріккен жыныстардың бұрышталған жиынтығы брекчия деп, жұмырланғандары – конгломерат деп аталады.

 

3-кесте. Кесектi шөгiндi жыныстардың жiктелуі

 

Жыныстар тобы Кесектер көлемi, мм Жыныстар аты
Борпылдақ кесектер Біріккен
Қырлы Жұмыр Қырлы Жұмыр
Iрi кесектi (псефиттер) > 100 10-100 1-10 жақпартас қиыршық тас шөгіртас қойтас, малта тас майда тас жеңілтас     шоғыртас гравий
Орташа кесектi (псамиттер) 1-0,05 әр түрлi құм құмдақ құмтас
Ұсақ кесектi (алеврит-тер) 0,01-0,05 лөс лөс алевролит алевролит
Балшықты (пелиттер) <0,01 балшықтар балшықтар аргелиттер аргелиттер
Аралас <1 құмайт құмбалшық құмайт құмбалшық - -
             

 

Құмдар – кең тараған борпылдақ орташа кесектi шөгiндi жыныс. Құмның ең үлкен алқаптары шөлдер мен шөлді далаларда жинақталған. Өзендердің жағалауында және олардың террасаларында құмдар жиі топырақ түзуші жыныс болып келеді.

Лөс - ашық қуқыл түсті шаңды түйіртпекті ұсақ кесекті, карбонатқа бай, ұсақ саңылаулы жыныс, HCl-дан қатты «қайнайды». Лөстер ең жақсы топырақ түзуші жыныс деп саналады, олардың үстінде құнарлы топырақтар қалыптасады.

Лөс тәрізді құмбалшықтар сыртынан лөстерге ұқсайды, бірақ тығыздау, карбонаттары азырақ.

Балшықты жыныстар. Балшықты жыныстар физикалық және химиялық мүжілудің бірлесуі нәтижесінде пайда болады. Балшықты жыныстар көлемі 0,01 мм-ден кіші бөлшектерден құралады. Олардың құрамында каолинит, монтмориллонит және иллит тобының минералдары және осылардан басқа кремнийдің, темiрдiң, алюминийдiң сулы тотықтары, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары кіреді. Балшықтарды негізінен туынды минералдар құрайды.

Балшықтардың түсі құрамындағы минералдардың үлесіне және бояғыш қоспаларына байланысты әр түрлі (ақ, жасыл, сұр), құрғақ күйінде борпылдақ немесе тығыз болады. Суды көп мөлшерде сіңіріп, қатты ісінеді және көлемі күрт өсіп, иленгіш болып келеді. Құрылысы тығыз, қатты біріккен күңгірт түсті балшықты жыныстар аргиллит деп аталады, көбінесе олардың су өткізгіштігі шамалы. Олар балшықтардың тығыздану, гидратация және бірігу үрдістері нәтижесінде пайда болады.

Құмайттар – сұр сары түсті, жер тәрізді, құрамында 10-20% балшық және құмды және шаңды бөлшектері бар топырақ түзуші жыныс. Олардың су өткізгіштігі жақсы, тұрақсыз шар жасалады, бірақ жіп бау жасауға келмейді. Құрамында негізінен кварц, слюда, темір тотықтары кездеседі.

Құмбалшық – қыртыссыз жер тәрізді жыныс, құмайттарға қарағанда құрамында балшық көп (20-60%), басқа бөлігі шаң мен құмнан тұрады. Құм мен балшық мөлшеріне байланысты әр түрлі физикалық қасиеттерге ие, олардың балшықтарға қарағанда иленгіштігі аз, су өткізуі жақсы. Құрамында балшықты минералдар бар, бастапқы минералдардан кварц, слюда кездеседі.

Химиялық және органогенді жыныстар. Химиялық шөгінді тау жыныстары су ертіндісінен тұздардың шөгуі нәтижесінде немесе жер қыртысында немесе оның үстінде болып жатқан химиялық реакциялар әсерінен пайда болады. Мысалы гипс, ангидрид, тас және калий тұзы, әкті туф.

Түгел немесе бір бөлігі жануарлармен өсімдіктердің организмдердің өмір сүру нәтижесінде пайда болған жыныстарды органогенді деп атайды. Мұндай жыныстарға - бор (мел), әк-ракушечник, диатомиттер, шымтезек, көмір, сапропель жатады. Көбінесе химиялық және биологиялық үрдіс табиғатта бір уақытта өтеді және соңында биохимиялық шөгінді денелер бөлінеді. Бұл жолмен темірлі және марганецті жыныстар, фосфориттер, бокситтер ж.б. пайда болады.

Химиялық шөгінді тау жыныстарға гидрототықтар (бокситтер), фосфатты (фосфориттер, апатит), кремнийлі (трепел, яшма, диатомит), карбонатты (әктас, мергель, доломиттер), галоидты (гипс, тас тұзы, калий тұзы) жатады.

Агрокендер тыңайтқыш ретінде топырақтың құнарлығын көтеру үшін және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттыру үшін қолданады. Агрокендерде өсімдіктер қоректенуіне қажетті бірқатар элементтер бар (азот, фосфор, калий ж.б.). Сонымен бірге оларды топырақтардың қасиетін жақсарту үшін қолданады (гипс, әк, доломит, мергель).

Басты агрокендерге азот қышқылды, фосфор қышқылды, калийлы, әкті, гипсті, органикалық және құрамында микроэлементтері бар тау жыныстарымен минералдар жатады (азот селитрасы, фосфорит, апатит, гипс, вивианит, сильвинит, әк, глауконит және т.б.).

 








Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 13990;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.