Метаморфты тау жыныстары

Метаморфты тау жыныстары, жер қыртысының кейбiр тереңдiгінде өтетiн, жоғары қысым мен температураның әсерiнен магмалы және шөгiндi тау жыныстарының қайта кристалдануымен терең өзгеруiнiң нәтижесiнде пайда болады. Метаморфоза үрдiсi нәтижесiнде жыныстың құрылымы және олардың минералогиялық құрамы өзгереді.

Барлық метаморфты жыныстардың құрылымы ұсақ кристалды болады, олар алғашқы жыныстардың қатты күйіндегі түрінен жаңадан кристалдану нәтижесінде пайда болады.

Метаморфты жыныстардың құрылысы түрлері келесідей болады:

-Тақта тас тәрізді – жалпақ бетiмен параллельдi орналасатын ұзынша пішінді минералдар болуымен сипатталады.

-Алқапты – әр түрлi ендi минерал алқаптарының кезектесіп орналасуымен ерекшеленеді.

-Талшықты – бiр-бiрiмен өрiлiп жатқан талшықтардың, түрлi минералдармен кезектесуімен сипатталады.

-Массивті - біркелкі минералдар бір-біріне тығыз жабысып тұрады. Метаморфты тау жыныстарын зерттегенде: құрылымымен құрылысынан басқа олардың түсі мен минералогиялық құрамын ескеру қажет.

Метаморфты тау жыныстарының түсі әр түрлі және олардың минералогиялық құрамымен анықталады. Метаморфты тау жыныстарының құрамына бастапқы және туынды минералдар кіреді.

 

4 - кесте. Метаморфты жыныстарды жіктеу

 

Құрылысы Бұрынғы жыныстар Метаморфты жыныстар Минералды құрамы
  Алқапты Шөгінді гранит, сиенит Гнейс Дала шпаты, кварц, слюда, мүйіз алдамышы
Тақта тас тәрізді Балшықты Сланец Тальк, слюда, хлорит, мүйіз алдамышы
Талшықты /дән тәрізді/ Әк, доломит Мәрмәр Кальцит, кейде доломит
Массивті /дәнсіз/ Кварцит, құмтас Кварцит Кварц және қосындылар







Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 4997;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.