Магмалық тау жыныстары
Балқынды магманың жер бетiне шықпай жер астында бiртiндеп суып немесе жер бетiне шығып төгiліп қатуынан пайда болатын жыныстарды магмалық тау жыныстары дейміз.
Пайда болу жағдайына байланысты барлық магмалық тау жыныстары үлкен екі топқа бөлiнедi:
- терең орналасқан немесе интрузивтi;
- төгiлген немесе эффузивтi.
Интрузивті тау жыныстары жер қабатының ішінде жоғары температурада және үлкен қысым жағдайында пайда болады. Біркелкі кристалды масса пайда болуымен, әр түрлі интрузивті денелер құрып (гранит, сиенит, габбро), тау жыныстарының арасында балқынды магма біртіндеп суиды және олар қатаяды.
Балқынды магма жердің бетіне қарай көтеріліп жер қыртысында әр түрлі тереңділікте тығыз әр түрлі формалы суыған кристалды масса құрайды. Олар: батолиттер-(грек тілінен “батос” — тереңдік деген сөз) күмбез тәрізді денелер, алқабы 200км2–ден жоғары; лакколиттер-(грек тілінен алғанда “лакос” — шүңқыр дегенді білдіреді) шөгінді қабаттар арасында диаметрі 200км2–ге дейін жететін саңырауқұлақ пішінді денелер; лополиттер-(грек тілінен аударғанда “лопос” — табақ дегенді білдіреді) шөгінді жыныстар арасында құрамы негізді магмадан суына келе қатайып жайпақ пішінді, табақ пішінді дене, алқабы 100-200 ден 3-10км2 –қа дейін орналасады; штоктарцилиндр тәрізді, кейде бұрыс пішінді интрузиялық денелер (14-сурет).
14 – сурет. Магмалық жыныстардың пішіндері
Эффузивті тау жыныстары төмен қысыммен төмен температура жағдайында магманың жер бетіне немесе суға төгілуінен пайда болады. Бұл жағдайда магма, аморфты тығыз масса құрып, тез суыйды. Тез суу үрдісінде суып жатқан магмадан шыққан газды өнімдер бөлігі, саңылау сияқты із қалдырады. Эффузивті жыныстар жоғары кеуектілікпен (пемза, жаңартаулы туф), шынылықпен (жанартаулы әйнек-обсидиан), біріктілікпен (базальт) ерекшеленеді. Олардың массасы аморфты және жасырын кристалды, атқылау көзінен түбегейлі күмбез пішінді орналасады. Көп масса төгілгенде қабық пайда болады және ағындары едәуір алқапты алып жатады.
Жер бетіне шыққан, магмалық тау жыныстар біртіңдеп үгіледі, ыдырап мүжілу қабатын құрайды. Олардан құралған топырақтар мүжілген қабаттың топырақтары деп аталады. Әр бір тау жынысы, анық геологиялық жағдайда құрылып белгілі қасиеттерімен сипатталады. Олардың ішінде маңыздысы болып минералогиялық құрамы, құрылымы, құрылысы (текстура) және түсі болып саналады.
Тау жыныстарының минералогиялық құрамы әр түрлі. Олар бір (мономинералды) немесе бірнеше (полиминералды) минералдардан құралуы мүмкін. Мономинералды жыныстардың үлгісі болып, жалғыз кальциттен құралатын мәрмәр, әктас, немесе жалғыз кварцтен құрылатын кварцит саналады. Полиминералды жыныстардың үлгісі болып ортоклаз, слюда, кварц, платиоклаз және мүйіз алдамышынан құралатын гранит болып саналады.
Эффузивті тау жыныстары жартылай кристалды құрылыммен сипатталады, олар мынандай түрлерге бөлінеді:
1. Афонитті құрылым - қарапайым көзбен көрінетін, кристаллды дәндердің болмауымен сипатталады.
2. Порфирлы құрылым – тығыз, ұсақ дәнді немесе шынылы негізгі массамен сипатталады, ішінде бөлек кристалдар көрінеді. Көбінесе бұл кристалдар кварцтан, дала шпатынан, трахиттен тұрады.
3. Шынылы құрылым тұтас кристалданып үлгірмеген магмалық массадан құрылады.
Магмалық жыныстар құрылысы массивті және борпылдақ болады. Массивті құрылыс – тұтас, минералдар бір-біріне тығыз байланыста болады, ал борпылдақ құрылыс - қарапайым көзбен көрінетін саңылаулардың болуымен сипатталады (пемза).
Тау жыныстары түсінің өзгеруі жыныстарды құраушы мен оның массасында жайылған екінші дәрежелі минералдардың түсіне байланысты. Магмалық жыныстардың түсі олардың минералогиялық құрамына байланысты және әр түрлі – ақ түстен қараға дейін болады. Түсті жыныста көп кездесетін түстен анықтайды.
Барлық магмалық тау жыныстары құрамында кремнезем кездеседі. Егер минерал құрамында ол көп болса минерал ашық түсті болады, егер аз болса, минерал түсі күңгірт болады. Магмалық тау жыныстары құрамындағы SiO2 мөлшеріне байланысты қышқыл, орташа, негізді және ультранегізді топтарға бөлінеді (2 –кесте).
2-кесте. Магмалық тау жыныстарының құрамындағы SiO2 мөлшеріне байланысты жіктелуі
№№ | Тау жыныстар топтарының аты | SiO2 мөлшері, % | Жыныстар түсі | Тау жыныстары | Минералды құрамы | |
интрузивтi | эффузивті | |||||
Қышқыл | > 65 | Қара түсті минералдар 5-20% шұбар, көбінесе ашық түсті | Гранит | Пемза, обсидиан, жанартау лы туф, липарит | Калийлы дала шпаты, кварц, слюда, мүйіз алдамшы | |
Орташа | 52-65 | Қара түсті минералдар 35 % | Сиенит диорит | Андезит, трахит, порфирит | Ортоклаз, плагиоклаз,биотит, мүйіз алдамшы | |
Негiздi | 52-40 | Қара түстi минералдар 50% | Габбро, лабрадор | Базальт, диабаз | Плагиоклаз, авгит, оливин | |
Ультра негізді | <40 | Қара түсті минералдар мол | Дунит | Пикрит | Оливин, биотит, мүйіз алдамшы |
Дата добавления: 2015-04-21; просмотров: 10376;