Ілеспе аударманың технологиясы

Сөйлеу арқылы қатынас жасау (речевая коммуникация), соның ішінде тіларалық қатынас, сөйлеушінің айтқан сөзі – мәтіннен – тұрады. Мәтін болса, мазмұны ортақ бірқатар сөйлемдерден тұратын сөйлеу іс-әрекетінің нәтижесі деп білеміз. Мәтінде қолданылған тілдік бірліктердің – сөз, сөз тіркестері, идиома, сөйлем – мағыналары өзгеріп, бір-бірімен байланысып кең мағынада контекст туғызады. Жеке сөйлемдерді аударғанда, осы жайтты ескеріп, олардың мәтіндегі орны, басқа тілдік бірліктерімен қатынасына мән берген жөн.

Аударма барысында аудармашы мәтінді біртіндеп, жеке сөйлемдер арқылы аударатыны анық, сонымен аударма процесінің бірлігі болып жеке сөйлем саналады. Бірақ, әрине, аудармашы жеке сөйлемді екінші тілде құрастырып отырып, жадында басқа сөйлемдердің мағынасымен байланыстырады, кейде тіпті екі сөйлемді біріктіріп жібереді. Ілеспе аударма кезінде, мысалы орыс тілінен аударса, аудармашы сөйлемнің мағыналы бөлшегін ести салып екінші тілге аударуға тырысады. Қазақшадан аударғанда бұл тәсіл қолдануға келмейді, себебі сөйлемнің ең маңызды мүшесі – баяндауыш – қазақша сөйлемде соңғы орында.

Аударма процесі екі кезеңнен тұрады: 1) түпнұсқа, яғни бірінші, тілдегі (ТТ) мәтінді (мәтін-1) ұғып, мәлімет алу; 2) аударма, яғни екінші, тілдегі (АТ) қажетті тілдік бірліктерді таңдап, жаңа мәтін (мәтін-2) құрастыру. Мәтінді ұғыну дегенде, аудармашының атқаратын өте жауапты кезеңін айтамыз. Себебі жай (қарапайым) қабылдаушы немесе Рецептор (В.Н.Комиссаров) басқа тілдегі мәтінді көргенде, оның мазмұнын жобалап қана түсінуге құқылы болса, аудармашы міндетті түрде оны анық, жете түсіну және екінші тіл арқылы сол мазмұнды жеткізу керек. Сонымен, аударуға бағытталған ұғыну басқа тілде сол мәліметті жеткізуге сай соншама толық, анық болуы керек. Аудармашы түпнұсқаның синтаксистік құрылымын да анық түсініп, мәтін мазмұны жайлы нақты шешімге келеді.

Аударма процесінің екінші кезеңінде аудармашы аударма тілінде сөйлеу іс-әрекетін орындайды. Оның да жай сөйлеу арқылы қатынас құрушылардың сөйлеу іс-әрекетінен айырмашылықтары бар. Олар аудармашының түпнұсқаға негізделуінде: түпнұсқаның мазмұнын өзгертпей, дәл жеткізу мақсатында ол тілдік бірліктерді таңдайды, синтаксистік құрылымдарды да сол мақсатқа бағындырады. Зерттеушілердің айтуынша, аударма мәтіндерде басқа тілдің әсері әжептәуір байқалады: сөздік қорда – кірме сөздер, калькаланған сөздер, сөздерді қолдануда – жаңа сөз тіркестері, сөйлем құруда – жаңа синтаксистік құрылымдар пайда болады.

Аударманың басқа түрлеріне қарағанда ауызша аударма кезінде аудармашы сөздіктерді қолдана алмайды, оларды тек қана алдын ала дайындалу кезінде қарай алғанымен, аударма ісінде сөзбен, оның лексикалық мағынасымен жұмыс істеу басыңқы орын алады десек, артық бола қоймас. Сөздің мағыналарына келгенде аудармашы әсіресе абай болып, контекске көбірек үңіледі, себебі сөздің екінші тілде аудармасы болса да, ол кейде аударып отырған мәтіндегі контексте жарамай қалады. Белгілі мысалды еске салайық: қазақтың «сенің арқаңда күн көрдім» деген сөйлемді сөзбе сөз аударсақ, «за твоей спиной вижу солнце» деген түпнұсқадан мүлдем алшақ мағына тудырамыз. Мәселе «күн көру» тіркесінің тура мағынасы емес, астарлы мағынасында. Немесе тағы бір мысал: EURO-2008 футбол чемпионатын теледидардан көрсеткен кезде, спорт тілшісі қазақша түсініктемелер беріп отырып, «с этой точки (пробьют штрафной)» деген сөйлемді «осы нүктеден (айып соққысын орындайды)» деп орысшадан сөзбе-сөз аудара салды. Сөйтіп өз еңбегіне зор нұқсан келтіргені өкінішті.

Ілеспе аударма процесінде екі кезеңді белгілеп ажырату өте қиын, себебі олар бірін бірі сонша тез ауыстырып тұрады; тіпті аудармашы екінші тілде мәтін құрастыра отырып, сөйлеушіні де тыңдап мәлімет қабылдайды. Осындай дағды, әрине, арнайы тәсілдерді жете игергеннің нәтижесінде ғана пайда болады.

 








Дата добавления: 2014-11-30; просмотров: 4147;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.