Жеке нұсқалар бойынша тапсырмалар
1. Күрделі бояғыш заттың 60% - көк компонент, 10% - ақ, 18% - сары компонент, қалғаны -қоспалар. N килограмм бояғыш затта әр компоненттен қанша килограммнан бар?
2. Үш орынды бүтін оң саны берілген. Берілген үш орынды санды кері жазғанда шығатын санды анықтауға мүмкіндік беретін бағдарлама жаз. Мысалы: 123 → 321.
3. Төрт орынды оң бүтін сан берілген. Берілген санның бірінші екі цифрының қосындысын есептеуге мүмкіндік беретін бағдарлама жаз. Мысалы:
1723 →1+7= 8.
4. Бүтін айнымалы Н-қа оң бүтін К санының оңнан солға санағанда үшінші цифрын меншікте (мысалы, егер К=3798 болса, онда Н=7).
5. Төрт орынды оң бүтін сан берілген. Ондық саны берілген санның бірінші цифрына сәйкес, ал бірлік саны – соңғы цифрына сәйкес келетін екі орынды санды анықтауға мүмкіндік беретін бағдарлама жаз. Мысалы: 5726 → 56.
6. Х айнымалысына клавиатура арқылы енгізілген үш орынды К санының цифрларының қосындысын меншікте
7. Пайдаланушыдан жазықтықтағы ұшбырыштың төбелерінің координаттарын сұрайтын және оның периметрімі мен ауданын экранға шығаратын бағдарлама құр.
8. Үшбұрыштың бір қабырғасы 4 см, екіншісі оның жартысына тең, ал үшіншісінің ұзындығы алғашқы екеуінің ұзындықтарының қосындысынан 2 есе қысқа. Үшбұрыштың ауданын есепте.
9. Екі сан берілген. Осы сандардың кубтарының арифметикалық ортасын және модульдерінің геометриялық ортасын тап.
10. Сынып оқушыларының информатика курсынан алған бағаларының пайыздық құрамын анықтайтын («өте жақсың, «жақсың, «қанағаттанарлықң) бағдарлама жаз. Жауабы мәтін түрінде берілсін (мысалы, «Үштік бағаң _____ «пайыз»).
11. Теңбүйірлі трапецияның табаны және биіктігі берілген. Трапецияның периметрін тап.
12. Екі сан берілген. Олардың модулдерінің арифметикалық және геометриялық ортасын табатын бағдарлама құр.
13. Тікбұрыштың қабырғалары берілген. Оның периметрі мен диагоналдарының ұзындықтарын табыңдар.
14. Трапеция табандары және үлкен табанында жатқан бұрышы берілген. Трапецияның ауданын табыңдар.
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 1977;