Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар.

Берілген х аргументі үшін у функциясының мәндерін есептеудің блок схемасын программасын жазыңыз:

a) y=

 

 

ә) y=

 

б) y=

 

в) y=

 

г) y=

 

д) y=

 

е) y=

 

 

№1

Үш нақты сандар берілген. Мәндері теріс еместерін квадраттау, ал терістерін төртінші дәрежеге шығару керек.

№2

А(х1, у1) және В(х2, у2) нүктелері берілген. Нүктелердің қайсысының координат басына жақын орналасқандығын анықтайтын программа құру керек.

№3

Үшбұрыштың екі бұрышы (градуспен) берілген. Осындай үшбұрыштың болатындығын анықтау керек. Егер болса, ол тікбұрышты ма.

№4

Бір –біріне тең емес х және у нақты сандары берілген. Екеуінің кішісін олардың қосындыларының жартысымен ауыстыру керек, ал үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен ауыстыру керек.

№5

ХОУ жазықтығында өзінің координаталарымен А нүктесі берілген. Оның қай осьте немесе қай координата бұрышында орналасқанын көрсету керек.

№6

m,n бүтін сандары берілген. Егер сандар тең болмаса, онда олардың әрқайсысын

№7

N үш орынды сан берілген. Оның цифрларының қосындысы тақ сан болатынын тексеру керек.

№8

Берілген үш орынды санның квадраты осы санның цифрларының қосындысының кубына тең болатынын анықтау керек.

№9

Бүтін N саны тақ екі орынды сан болып табылатынын анықтау керек.

№10

Қабырғалары a,b,c болатын үшбұрыш тең қабырғалы болатынын анықтау керек.

№11

Қабырғалары a,b,c болатын үшбұрыш тең бүйірлі болатынын анықтау керек

№12

a, b, c сандарының арасынан бір-біріне қарама-қарсы ең болмағанда екі санның болатынын анықтау керек.

№13

a,b,c сандарының арасынан теріс сандардың санын санау керек.

№14

a,b,c сандарының арасынан оң сандардың санын санау керек.

№15

a,b,c сандарының арасынан бүтін сандардың санын санау керек

№16

k саны a,b,c сандарының қайсысының бөлгіші болатынын анықтау керек.

№17

Телефон желісінің қызметі келесі ереже бойынша төленеді: бір айда А минутқа дейін сөйлесу В тг тұрады, ал көрсетілген мөлшерден артық сөйлесу минутына С тг.-мен төленеді. Бір айдағы сөйлесуге кеткен уақыт үшін телефон ақысын есептейтін программа құру керек.

№18

Бір үшбұрыштың үш қабырғасы және басқа үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Осы үшбұрыштардың тең болатындығын, яғни олардың аудандары тең болатынын анықтау керек.

№19

Жағымпаздану программасы. Экранда «Сен кімсің: қызсың ба, әлде ұлсың ба? Қ немесе Ұ-ны енгіз » деген сұрақ пайда болады. Жауапқа байланысты экранда «Маған қыздар ұнайды!» немесе «Маған ұлдар ұнайды!» деген мәтін пайда болуы керек.

№20

Бір қаладан жүк машинасы V1 км/сағ жылдамдықпен шықты. t уақыттан кейін дәл осы бағытта V2 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина шықты. жеңіл машина t1 уақыттан кейін жүк машинасын қуып жететіндігін анықтайтын программа құру керек.

№21

Перне тақтадан енгізілген даталардың (күндер 1-ден 31-ге дейін, айлар 1-ден 12-ге дейін) дұрыстығын анықтау керек. Егер сәйкес емес мәліметтер енгізілсе, онда оны хабарлау керек.

Б

№22

3 санның ең үлкені мен ең кішісінің қосындысын табатын программа жазу керек.

№23

Барлық үшбұрыштардың арасынан олардың қабырғаларының ұзындықтары бойынша тік бұрыштысын анықтайтын программа жазу керек. Егер ондай үшбұрыш жоқ болса, онда С бұрышын есептеу керек.

№24

max{min(a,b),min(c,d)}-табу керек.

№25

a,b,c сандары берілген. Олардың қайсысы d –ға тең екенін анықтау керек. Егер ешқайсысы d-ға тең болмаса, онда max(d-a, d-b, d-c) табу керек.

№26

A1(x1,y1), A2(x2,y2), A3(x3,y3), A4(x4,y4) төрт нүктесі берілген.олар паралелограмның төбелері болатынын анықтау керек.

№27

A (x1,y1), В(x2,y2), С(x3,y3) үш нүктесі берілген. Олардың бір түзудің бойында орналасатындығын анықтау керек. Егер орналаспаса, онда

< АВС –ны есептеу керек.

№28

a, b, c нақты сандары берілген. Егер a<b<c болса, осы сандарды екі еселеу керек, әйтесе осы сандарды олардың абсолют мәндерімен ауыстыру керек.

№29

ОХ осінде a, b, c нүктелері орныласқан. b, c нүктелерінің қайсысы а нүктесіне жақын орналасқанын анықтау керек.

№30

a, b, c оң сандары берілген. Олардың үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары болатынын тексеру керек. Егер болса, онда үшбұрыштың ауданын есептеу керек.

№31

Тіктөртбұрыш төбелерінің координаттары берілген: (x1, y1), (x2, y2), (x3,y3), (x4, y4). Тіктөртбұрыштың бірінші координат ширегінде жатқан бөлігінің ауданын анықтау керек.

№32

R радиусты шеңбер берілген. Қабырғасы а болатын дұрыс үшбұрыштың осы шеңберге сиятындығын анықтау керек.

№33

x, y, z сандары берілген. Өрнектің мәнін табу керек:

№34

х саны берілген. sin x, cos x, ln x сандарын өсу ретімен теру керек. Егер қандайда бір х-те кейбір өрнектердің мәні болмаса, ол туралы хабарлама шығару керек және мәні болатындарын ғана салыстыру керек.

№35

Тікбұрышты тесіктің - А, В және кірпіштің - X, Y, Z өлшемдері берілген. Кірпіштің тесіктен өтетінін немесе өтпейтінін анықтау керек.

№36

Радианмен берілген шаманы градусқа немесе керісінше ауыстыруды орындайтын программа құру керек. Программа қандай ауыстыруды жүзеге асыруды сұрау керек және көрсетілген әрекетті орындау керек.

№37

Небоскреб N қабаттан және тек бір подъезден тұрады; әр қабатта 3 пәтерден; лифт тек тақ қабаттарда ғана тоқтай алады. Адам лифтке отырады да өзіне керек М пәтерінің номерін тереді. Лифт жолаушыны қай қабатқа апарады ?

№38

Берілген үш санның ішінен екі санның қосындысы оң болатынын анықтайтын программа жазу керек.

№39

a1 , a2 , a3 және a4 сандарының ішіндегі біреуі басқалардан өзгеше екені белгілі, өзара тең болатындарына; осы санның номерін меншіктеу керек.

№40

А мен В бүтін сандарының қосындысы толып кетуге (яғни 32767 – ден артық болатын нәтижеге) алып келетінін тексеретін программа құру керек . Егер толып кететін болса, онда бұл туралы хабарлау керек, әйтпесе осы сандардың қосындысын шығару керек.

В

№41

a, b, c (a>0) нақты сандары берілген. ax4 + bx2+с=0 биквадратты теңдеуін толығымен зерттеу керек, яғни, нақты түбірі болмаса, ол туралы хабарлау керек, әйтпесе нақты түбірлерін тауып, олардың нешеуі әртүрлі болатынын хабарлау керек.

№42

A(x, y) нүктесі берілген. Оның төбелері (x1,y1), (x2,y2), (x3,y3) болатын үшбұрышқа тиісті екенін анықтау керек.

№43

A1x+ B1y+ C1=0 мен A2x+ B2y+ C2=0 түзулері перпендикуляр екенін анықтайтын программа жазу керек. Егер болмаса, онда олардың арасындағы бұрышты табу керек.

№44

Егер үш өзара әртүрлі нақты X, Y, Z сандарының қосындысы бірден кіші болса, онда осы сандардын кішісін қалған екеуінің қосындысының жартысымен ауыстыру керек; кері жағдайда Х пен У-тің кішісін қалған екеуінің қосындысының жартысымен ауыстыру керек.

№45

Үш оң таңбалы сандары берілген. Қабырғаларының ұзындықтары осы сандарға тең болатын ұшбұрыш құруға болатындығын анықтау керек. Егер болса, олар сүйірбұрышты бола ма деген сұраққа жауап беру керек.








Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 3805;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.024 сек.