Іс-тәжірибелік жұмыс. Тақырыбы:Turbo Pascal ортасында таңдау алгоритмдерін программалау.

Тақырыбы:Turbo Pascal ортасында таңдау алгоритмдерін программалау.

Мақсаты: Таңдау алгоритмдерін программалауда қолданылатын Turbo Pascal операторлары қызметімен танысу қолдану дағдысын қалыптастыру.

ТҚЖ: компьютер.

ПЖ: Turbo Pascal – программалау тілі.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

1. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

2.Жеке нұсқада тапсырмалар орындау.

3. Сабақты қорытындылау.

 

Бақылау сұрақтары

1.Шартты оператордың жазылу нұсқалары.

2.Таңдау операторының жазылуы,орындалуы.

Жеке нұсқа бойынша тапсырмалар

№1

Аптаның күнінің номеріне байланысты (1-ден 7-ге дейінгі натурал сандар) нәтиже ретінде осы күнгі сыныптағы сабақтар санын шығаратын программа жазу керек.

№2

Санның соңғы цифрына байланысты оның квадратының соңғы цифрын анықтайтын программа жазу керек.

№3

Берілген жылға және айдың номері m-ге байланысты осы айдағы күндер санын анықтайтын программа жазу керек.

№4

Әрбір енгізілген (0-9) санға байланысты сол санның аталуын ағылшын тілінде (0-zero, 1-one, 2-two,…) шығаратын программа жазу керек.

№5

Енгізілген санға сәйкес (1-12) айдын атауын шығаратын программа жазу керек.

№6

Мектеп бағаларының ауызекі атлуын шығаратын программа жазу керек. (1-нашар, 2-қанағаттанарлықсыз, 3-қанағаттанарлық, 4-жақсы, 5-өте жақсы).

№7

Айталық шеңбер элементтері радиус (бірінші элемент), диаметр (екінші элемент) және шеңбер ұзындығы (үшінші элемент) болсын. Элемент номеріне байланысты оған сәйкес мән сұрайтын және нәтиже есептейтін программа жазу керек.

№8

Айталық, тең бүйірлі тік бұрышты ұшбұрыштың элементтері болып:

o а катеті

o b гипотенуза

o Тік бұрыштың төбесінен h гипотенузаға түсірілген биіктік;

o S ауданы.

Берілетін номеріне және сәйкес элементтің мәніне байланысты ұшбұрыштың барлық қалған элементтерінің мәнін есептейтін программа құру керек.

№9

Айдың номеріне байланысты одан кейінгі айдың атауын шығаратын программа құру керек (m=4 болғанда ақпан айын аламыз, ал 4-мамыр).

№10

Енгізілген жыл мезгілінің номеріне байланысты (1-қыс, 2-көктем, 3-жаз, 4-күз) оыс жыл мезгіліне сәйкес айларды, әр айдағы күндер санын шығаратын программа құру керек.

№11

Енгізілген өлшем бірліктерінің номеріне (1-дециметр, 2-километр, 3-метр, 4-миллиметр, 5-сантиметр) және L түзудің ұзындығына байланыстытүзудің ұзындығының сәйкес мәндерін метрмен беретін программа құру керек.

№12

1-ден 11-ге дейінгі (сынып номеріне) енгізілген сандарға байланысты “Сәлем, k-ші сынып” деген хабар беретін программа құру керек.Мысалы, егер k=1, “Сәлем, біріншіші сынып”; k=4 болғанда, “Сәлем, төртінші сынып”.

№13

Берілген 1-ден 12-ге дейінгі натурал санға байланысты (ай номеріне) осы айға кіретін мереке күндерін (мысалы, егер 1 саны енгізілген болса, онда: 1 қаңтар-Жаңа жыл, 7 қаңтар-Рождество) шығаратын програма құру керек.

№14

N натурал саны берілген. Егер ол 4-ке бөлінсе , экранға N=4k жауабын шығару керек. (мұнда k- ?); егер 4-ке бөлген қалдық 1-ге тең болса, N=4k+1; егер 4-ке бөлген қалдық 2-ге тең болса, N=4k+2; егер 4-ке бөлген қалдық 3-ке тең болса, N=4k+2.

Мысалы, 12=4*36 22=4*5+2

№15

Бөлшектердің номерленген тізімі берілген: 1)шуруп, 2)гайка, 3)винт, 4)шеге, 5)болт. Бөлшек номеріне байланысты оның атауын экранға шығаратын программа құру керек.

№16

Берілген санның соңғы цифры бойынша осы санның кубының соңғы цифрын шығаратын программа құру керек.

№17

Әрбір натурал сан үшін осы сандағы цифрлар санын шығаратын программа құру керек.

№18

Екі х және у нақты оң сандары берілгенСандармен орындалатын арифметикалық амалдар номерленген (1-қосу, 2-алу, 3-көбейту, 4-бөлу). Енгізілетін номерге байланысты сандармен осы немесе басқа амалда орындайтын программа құру керек.

№19

Енгізілетін өлшем бірліктің номеріне (1-килограмм, 2-миллиграм, 3-грамм, 4-тонна, 5-центнер) және М массасына байланысты сәйкес масса мәнін килограммаен беретін программа құру керек.

№20

Теңбүйірлі ұщбұрыштың элементтері болып: 1) а қабырғасы; 2) S ауданы; 3)h биіктігі; 4) ішкі шеңбердің r радиусы; 5) сыртқы шеңбердің R радиусы.

Берілетін номерге және сәйкес элементтің номеріне байланысты ұшбұрыштың барлық қалған элементтерінің мәнін анықтайтын программа құру керек.

№21

Келесілерді ескере отырып: қыздың жасы жігіттің жасының жартысына тең плюс 7, жігіттің жасы қыздың жасын екі еселегенмен минус 14-пен сәйкес келетінмен сәйкес некелесуге қолайлы жасты анықтайтын программа жазу керек.

№22

Берілген k таңбалы санының цифрларының туындысын табу керек.

№23

N натурал саның ондық санау жүйесінде (N<=10000) оқитын, ал шығаруда осы санды ондық жүйеде және ауыз екі тілде шығаратын программақұру керек. Мысалы, 7Þ жеті; 204Þекі жүз төрт; 52Þелу екі.








Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 2771;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.