Іс-тәжірибелік жұмыс.
Тақырыбы:Программалауда бір өлшемді массивтерді қолдану.
Жұмыс мақсаты:Программалауда бір өлшемді массивтермен жұмыс істеу принциптерімен танысу және қолдануды меңгеру.
ТҚЖ: компьютер.
ПЖ: Turbo Pascal – программалау тілі.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Жеке нұсқада тапсырмаларды компьютерде орындау.
Орындалған жұмыс туралы есеп беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Массив дегеніміз не?
2. Turbo Pascal программалау тілінде массивті қалай ұйымдастыруға болады?
3. Массивтің қандай түрлері бар?
4. Программалауда массивтерді қолдану арқылы қандай жетістіктерге қол жеткізуге болады?
5. Массивтерді сипаттаудың қандай ерекшеліктері бар?
6. Массив типіне қандай типтерді қолдануға болады?
7. Массив элементтерін қалай енгізуге болады?
8. Массив элементтерін қалай баспаға шығаруға болады?
9. Массивке тұрақтыларды қолдануға бола ма?
1.х1,х2,…,хn сандарының көбейтіндісі ме, жоқ, квадраттарының қосындысы үлкен бе? Жауапты мәтін түрінде бер.
2.K[5] сызықты кестесі берілген. Арифметикалық өрнек жаз, мәні:
3.а) екі еселенген кестенің үшінші элементінің мәні;
4.ә) кестенің бірінші және екінші элеметінің қосындысы;
5.б) кестенің барлық элементтерінің көбейтіндісі болатын.
6.Массив элементтерінің теріс сандарының ең үлкенін анықтайтын программа құру.Массив элементтері нақты сандар.
7.Массив элементтерінің теріс сандарының ең үлкенін анықтайтын программа құру.Массив элементтері нақты сандар.
8.Массив элементтерінің тақ сандарының ең кішісін анықтайтын программа құру. Массив элементтері бүтін сандар.
9.Массив элементтерінің жұп сандарының ең үлкенін анықтайтын программа құру. Массив элементтері бүтін сандар.
10. Сыныптағы оқушылардың бойының орташа ұзындығын табатын бағдарлама құр.
11. М(20) жиымы берілген. Осы жиымның теріс элементтерін оң элементке айналдыратын бағдарлама құр.
12. A(n) жиымы берілген. Осы жиым ішінен 2-ге және 3-ке бөлінетін элементтерін алып таста.
13. х1,х2,…,хn - нақты мәнді сан тізбегі. Тізбектің тақ позициядағы элементтерін 2-ге, ал жұп позициядағы элементтерін 3-ке көбейт.
14. N={n1,n2,…,n15} жиымы берілген. 3-ке немесе 7-ге бөлінетін элементтерінің қайсысы көп екенін анықта.
15. Бір өлшемді жиымды үш жолмен: формула бойынша, кездейсоқ сан функциясын пайдалану, элементтерін клавиатурадан енгізу арқылы құрастыратын және әр жағдайда алынған жиымды экранға шығаратын бағдарлама жаз.
16. 10 элементтен тұратын 2 жиым берілген. Осы жиымдардың сәйкес элементтерінің қосындысын үшінші жиымның сәйкес элеметтері етіп алатын программа құр.
17. N натурал саны мен а(1), а(2), а(3), … , а(N) жиымы берілген. Мәндері тақ элементтер санын анықта.
18. А={a1,a2,…,a14} жиымы берілген. 9-ға бөлінетін және 8-ге бөлінбейтін элементтер санын анықта.
19. Бүтін мәнді бір өлшемді жиым берілген. 4-ке еселі элементтерін экранға шығар.
20. а1, …, а10 нақты сандары берілген. Есептеу керек а1+а22+…+а1010
21. а, n, х1, …, хn бүтін сандары берілген. Мәні а-ға тең жиым элементінің нөмірін тап.
22. А(50) жиымы берілген. Осы жиымдағы мәні өзінің индексіне тең элементтерді анықта.
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 2161;