Талдықорған 2014 жыл
Оқытушы туралы мәліметтер: Шалтабаев Алтай Ақанұлы – «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, Ph.D., электрондық поштаның адресі –altai_shaltabaev@ mail, жұмыс телефоны 25-54-64 (228), сот. 87018836174, №2 корпус, 316 кабинет
Консультация уақыты – 14 00 №2-ші корпус, 316 ауд
Пәннің пререквизиті:«Программалау тілдеріне кіріспе» курсын оқып- үйрену орта мектептің информатика, математика, физика пәндерінен алған базалық білімдерге негізделеді және арнайы даярлықты талап етеді.
Пәннің постреквизиты:осы пән бойынша меңгерілетін білім «Программалау технологиясы», «Объектіге бағытталған программалау» пәндерін оқып үйренуге қажет.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Программалау тілдеріне кіріспе - бұл алгоритмнің базалық құрылымдарын, түрлерін және мәліметтер құрылымын анықтай отырып студенттерді программа құра білуге дағдыландыратын, ой-өрісін кеңейтетін пән. Пәнді оқу студенттерге программа құруда нақтылы тәжірибе береді, программалаудың жақсы стилі мен программа құжаттарын дайындау жайлы түсініктер алуларына көмектеседі. Бұл пән басқа программалау тілдерін меңгеру үшін фундаментальды негіз болатын пән болып есептеледі.
Курстың мақсаты: есептердің алгоритмдеу негізін, программалаудың автоматьтық негіздерін, программалау тілінің жіктемесін, мәліметтер типтерін және Турбо Паскаль 7.0 тілінің операторларының жіктемесін оқыту: ішкі программаларды қолданып программа, стандартты модульдер, деректердің динамикалық құрылымын, программалық қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программмалау стилін, программалаудың сапа көрсеткішін, программаны сынау мен қалыптастыру тәсілін, объектілі-бағытталған программалаудың негіздерін қолданып программа құру болып табылады.
Студенттер пәнді оқу процесінде Турбо Паскаль тілінде қолданылатын есептердің алгоритмдеу негіздерін, мәліметтер түрлерін, операторларды, ішкі операторларды, тұрғызылған функцияларды, программалық қамтаманы қамтамасыз етуді жобалау тәсілдерін, программалау стилін, программалаудың сапа көрсеткіштерін, программаны сынау мен қалыптастыру тәсілдерін, объектілі- бағытталған программалаудың негіздерін қолданып программа құру тиіс.
Студенттер пәнді үйрену нәтижесіндеәртүрлі алгоритмдердің құрылымдық схемасын білуі керек, талап ететін есептерге сәйкес мәліметтер құрылымын ұйымдастыруды программалау тілін таңдау, тіл құрылысын қолданып берілген программалау тілінде программа құру және жақсы стильде программа жазу, программаны сынау және қалыптастыру, сапалы программалық құжаттарды құруды білулерікерек.
«Программалау тілдеріне кіріспе» пәнінің мағынасы мен алатын орны осы пәнді оқу кезінде алған білімдері мен осы пәнмен өзара байланысқан басқа пәндердің есептерін шешу кезінде қолдана білу мүмкіндіктерімен қорытындыланады.
Қолданушы ретіндеқоғамымыздыңкез-келген саласында кездесетін есептерді шығару үшін алгоритм құра білуді меңгерулері керек.
Пәнді меңгеру нәтижесінде төмендегі құзырылықтар қалыптасады:
негізгі құзырылықтар:
қалыптастырушы:қазіргі ақпараттандырылған қоғамның дамуы кезінде ақпараттың мәні мен маңызын түсіну;
жүйелеуші: алгоритм негізін, алгоритмдердің қасиеттері туралы білімді меңгеру, программа құра білу;
зерттеу: есептің алгоритмін құра білу және пайдалану, түрлі деректерді қабылдау және қолдан білу;
пәндік құзырлықтар:
коммуникативтік: түсінікті болу үшін алгоритм құра білу, тапсырмаларды уақытылы орындау;
технологиялық: білімгерлердің өздігінен жоспарлаған есептердің алгоритмдерін құру және оны өңдеу мүмкіндігін түсіну;
бақылаушыя:ақпараттандыру саласындағы білімді меңгеру, бақылаушы-бағалаушы материалды дайындау, алынған нәтижені өңдеу;
арнайы құзырлықтар:
бағдарламалық: ақпаратты қабылдау, сақтау, өңдеу әдіс-тәсілдерін меңгеру, ақпаратты басқарушы құрал ретінде компьютерде жұмыс жасай алу, программа құра білусжәне өз бетімен жұмыс істей алу қабілетінің болуы;
пәнаралық: компьютерлік сауаттылықты меңгеру және әр түрлі пәндердің материалдарымен жұмыс істеу кезінде қолдана алу;
әлеуметтік: ұжымда жауапкершілікпен жұмыс істей алу;
дамытушы: алгоритм немесе программа құрудың әдіс-тәсілдерін меңгеру, жоғары кәсіби тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесін үйрену және тарату;
креативті: компьютермен басқарылатын конструкторлық материалдарды пайдалану арқылы құрастыру және модельдеу;
ұйымдастырушы-әдістемелік: нормативтік құжаттарды меңгеру, ұйымдастырушы қабылетін дамыту;
Дата добавления: 2014-11-29; просмотров: 1524;