Аралық бақылау тапсырмалары

 

1. Суретте көрсетілген процессордың таңбалауында L2 кэштің көлемі қандай?

 


A) 8 Кбайт

Ә) 800 Кбайт

Б) 1 Мбайт

В) 1200 Кбайт

 

2. Суретте көрсетілген AMD Sempron процессоры қандай ағытпаға орнатылады?

A) Socket 370

Ә) Slot1

Б) Socket 754

В) Socket 478

 

3. BIOS Setup бағдарламасы не үшін қолданылады?

A) Жергілікті желіге қосылу үшін

Ә) Бағдарламалық жасақтаманы орнату үшін

Б) Компьютердің техникалық құралдарының жұмыс тәртібі мен параметрлерін баптау үшін

В) Техникалық құралдардың жұмыс қабілеттілігін тексеру үшін

 

4. Суретте көрсетілген ағытпаларға қандай құрылғылар қосылады?

A) Пернетақта

Ә) Қатқыл дискілер

Б) Тінтуір

В) Диск-жетектер

 

5. Суретте сыртқы интерфейстің кандай ағытпасы белгіленуде?

A) LPT-порты

Ә) COM-порты

Б) Game-порты

В) IEEE-1394 порты

 

6. Жүйелік тақшада қандай ағытпа жетіспейді?

A) PCI шинасының ағытпасы

Ә) PCI Express шинасының ағытпасы

Б) PATA (IDE) интерфейсінің ағытпасы

В) процессорлік сокет

 

7. Суретте белгіленген қатқыл дискінің PATA интерфейсіне қосылатын маңдайшалардың топтамасының (jumpers) қажеті неде?

 

A) интерфейстің жұмыс жиілігін таңдау үшін

Ә) интерфейсте құрылғының идентификаторын (адресін) таңдау үшін

Б) дискінің қоректену кернеуін анықтау үшін

В) дискі шпинделінің айналу жыдамдығын анықтау үшін

 

8. Жады модулінің белгілеуі: PC133U-333-542. «133» саны модульдің қандай сипаттамасын білдіреді?

A) Мбайтпен берілген жадының көлемін

Ә) Жады шинасының Мбайт/c-та берілетін өткізу қабілеттілігі (өнімділігі)

Б) Тактімен берілген жады латенттігі

В) МГц – пен берілген жады шинасының жұмыс жиілігі

 

9. BIOS Setup бағдарламасының қай тармағында нақты уақыттың таймерін өзгертуге болады?

A) Standard CMOS Features

Ә) Advanced BIOS Features

Б) PC Health Status

В) Frequency/Voltage Control

 

10. AWARD BIOS – компьютерді қосқан кезде бір ұзын және үш қысқа дыбыстық сигнал береді. Ол қандай ақауды білдіреді?

A) Жедел жады ақауы

Ә) POST рәсімінің дұрыс аяқталуы

Б) Пернетақта ақауы

В) Орталық процессор желдеткіші ақауы

 

11. Иілгіш дискілердің стандартты өлшемі

А) 5,25 дюйм (720 КБ)

Ә) 3,25 дюйм (1,4МБ)

Б) 3,5 дюйм (1,44 МБ)

В) Дұрыс жауабы жоқ

 

12. Жедел жады неге арналған?

 

А) Ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға

Ә) Компьютердің дұрыс жүктелуін тексеруге

Б) Операциялық жүйе фрагменті мен пайдаланушы бағдарламасы, айнымалы мен оның нәтижелерінің ағымдағы сақталуы үшін

В) ЭЕМ-ді өшіргеннен кейін ақпаратты сақтау үшін

 

13. Графикалық және мәтіндік ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы:

А) Сканер

Ә) Принтер

Б) Монитор

В) Пернетақта

 

14. Компьютер қуатын қай блок анықтайды?

А) Уақытша сақтау жады

Ә) Тұрақты сақтау жады

Б) Процессор

В) Бейнекарта

 

15. ЭЕМ құрылғылары бір-бірімен не арқылы байланысады?

А) Шина

Ә) Драйвер

Б) Жоғары вольтті өткізгіш

В) Модем

 

16. Пернетақта бөліктері:

A) функционалдық, қосымша қызметші, арнайы басқарушы, алфавиттік-цифрлық

Ә) қосымша қызметші, алфавиттік-цифрлық

Б) арнайы, цифрлық

В) алфавиттік, функционалдық, қызметші

 

17. Дыбыс сигналдардың қай комбинациясы POST Award BIOS рәсімінің дұрыс орындалғанын белгілейді?

А) Екі қысқа

Ә) Бір ұзын және бір қысқа

Б) Бір қысқа

В) Бір ұзын және үш қысқа

 

18. Қандай құрылғы адам денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін?

A) принтер

Ә) монитор

Б) жүйелік блок

В) модем

19. Дисплейден қай бағытта зиянды сәуле көп шығады?

A) экраннан алға

Ә) экраннан артқа

Б) экраннан төмен

В) экраннан жоғары

 

20. Модем дегеніміз –бұл...

А) компьютермен жұмыс кезінде ағымдағы ақпараттың өзгертулерін сақтауға арналған құрылғы

Ә) иілгіш магнитті дискіден ақпаратты және де олардағы жазбаларды оқуға арналған құрылғы

Б) сыртқы құрылғыларының жұмысын басқаратын және де олардың негізгі тақшамен байланысын қамтамасыз ететін тақша

В) телефон желісінен белгі қабылдауға және оны сандық ақпаратқа айналдыруға арналған құрылғы

 

21. Иілгіш дискіге арналған диск-жетектегі ақпаратты оқу және жазу ... арқылы жүргізіледі

A) магниттік бастиек

Ә) микропроцессор

Б) термоэлемент

В) сенсорлық көрсеткіш

 

22. Компьютерді өшіргенде ... барлық ақпарат жойылады

А) иілгіш дискідегі

Ә) CD – ROM дискідегі

Б) қатқыл дискідегі

В) жедел жадыдағы

 

23. Компьютердің жұмыс өнімділігі неге байланысты?

А) дисплей экранының өлшеміне

Ә) процессор жиілігіне

Б) қоректендіру кернеуіне

В) пернелерді басу шапшаңдығына

 

24. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады?

А) монитор, пернетақта, жүйелік блок

Ә) монитор, тінтуір, жүйелік блок, сканер

Б) монитор, пернетақта, тінтуір, жүйелік блок

В) принтер, жүйелік блок, монитор, тінтуір

 

25. Компьютер жұмысын басқарудың негізгі құралы болып не саналады?

A) операциялық жүйе

Ә) мәтіндік редактор

Б) бағдарлама құрудың жүйесі

В) мәліметтер қорын басқарудың жүйесі

 

26. Адаптер – бұл...

А) сигналдарды түрлендіретін құрылғы

Ә) физикалық кабель мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін құрылғы

Б) желілік компонентерді автоматты түрде орнату үшін қолданылатын бағдарлама

В) желі арқылы компьютермен байланысатын тіл

 

27. Ақпаратты дискіге жазуға және дискіден ақпаратты оқуға арналған ЭЕМ-нің сыртқы құрылғысы .....

А) жүйелік блок

Ә) принтер

Б) диск-жетек

В) сканер

 

28. Дербес компьютердің жүйелік блогында қандай құрылғы орналасқан?

А) плоттер

Ә) сканер

Б) стриммер

В) жүйелік тақша

 

29. Микропроцессор –бұл...

А) компьютердің негізгі түйіні

Ә) ақпаратты сақтау құрылғысы

Б) байланыс арнасы

В) енгізу құрылғысы

 

30. Компьютердің миы дегеніміз

А) процессор

Ә) тұрақты жады

Б) қатқыл диск

В) арифметикалық-логикалық құрылғы

 

31. Модемнің негізгі сипаттамасы

А) 1 секунд ішінде берілетін бит саны

Ә) байтпен берілген ақпарат көлемі

Б) қолданбалы қуаттылық

В) 1 секунд ішінде орындалатын командалар саны

 

32. Жедел жадының көлемі немен өлшенеді:

А) файлмен

Ә) байтпен

Б) битпен

В) командалармен

 

33. Жәй телефон желісі арқылы компьютерлер арасында деректер алмасу байланысын қамтамасыз ететін құрылғы

А) принтер

Ә) модем

Б) факс

В) плоттер

 

34. “Пайдаланушы интерфейсі” термині аңықтайды:

А) желілерді басқару үшін арналған арнайы бағдарлама

Ә) арнайы желілік құрылғы

Б) пайдаланушы мен операциялық жүйенің өзара байланысын ұйымдастыру тәсілі

В) компьютерлердің бір-бірімен байланысу тәсілі

 

35. Сканер-бұл...

А) мәтіндік және графикалық ақпаратты автоматты түрде компьютерге енгізу құрылғысы.

Ә) графикалық ақпаратты шығару үшін арналған құрылғы.

Б) лазерлік принтердің альтернативті аталуы.

В) компьютерлердің бір-бірімен байланысу құрылғысы.

 

36. Тінтуірдің оң жақ батырмасымен қандай мәзірді шақырады?

А) жанама

Ә) негізгі

Б) бас

В) сол жақ

 

37. Қай пікір дұрыс?

А) монитор- ақпаратты сақтау құрылғысы

Ә) принтер- ақпаратты өңдеу құрылғысы

Б) Notebook -қалталы калькулятор.

В) пернетақта- ақпаратты енгізу құрылғысы.

 

38. Күрделі сызбаларды салу үшін қандай құрылғыны қолданылады?

A) лазерлік принтер

Ә) плоттер

Б) сканер

В) стриммер

 

39. Дискета не үшін қолданылады?

А) ақпаратты уақытша сақтау үшін

Ә) әр түрлі компьютерлер арасында бағдарламалар мен ақпараттар алмасу үшін;

Б) ақпаратты экранға шығару үшін;

В) ақпаратты мұрағаттау үшін

 

40. Монитордың атқаратын қызметі:

А) альфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізеді, ДК-дің жұмысын басқарады;

Ә) ақпаратты қағазға шығарады;

Б) экранға мәтіндік және графикалық ақпаратты шығарады

В) ақпаратты қатқыл дискіге сақтайды

 

41. Суретте сыртқы интерфейстің кандай ағытпасы белгіленуде?

 


A) тінтуір тетігі

Ә) модем

Б) монитор

В) джойстик (joystick)

 

42. Суретте көрсетілген Intel Pentium 4 процессорының ағытпасы қандай ?

A) Socket 754

Ә) Socket 940

Б) Socket 462

В) LGA 775

 

43. Суретте көрсетілген ағытпаға қандай құрылғылардың шлейфтері қосылады?

A) IDE - құрылғылары

Ә) FDD- диск-жетегі

Б) SATA құрылғылары

В) SCSI құрылғылары

 

44. Суретте сыртқы интерфейстің кандай ағытпасы белгіленуде?

A) LPT порты

Ә) COM порты

Б) IEEE-1394 порты

В) USB порты

 

45. POST (Power On Self Test) дегеніміз не?

A) құрылғылардың баптаулары сақталған жүйелік блоктағы арнайы микросхема

Ә) компьютерді қосқан кезде өздік тестілеу жүргізетін рәсім

Б) процессордың жұмыс жасау режимі

В) енгізу-шығару базалық жүйесі

 

46. Келісілген модульдерді жедел жадының қай жұмыс режиміне қолданады?

 

A) Бір каналды

B) Екі каналды

C) Бір банкілі

В) Екі банкілі

 

47. Суретте белгіленген ағытпаға қандай құрылғы жалғанады?

 

A) бейнетаспа

Ә) спутник кұрылғысы

Б) теледидар

В) DVI цифрлы интерфейсті монитор

48. CMOS жадысының қоректену батареясының кернеуі қандай?

A) 5 В

Ә) 12 В

Б) 3 В

В) 6 В

 

49. Суретте көрсетілген жүйелік тақшаның маңдайшасын қолданып, қандай әрекеттерді іске асыруға болады?

A) BIOS-ті қайта орнату

Ә) Windows XP құпия сөзін жою

Б) CMOS жадын тазарту

В) жедел жадын босату

50. Суретте көрсетілген радиатор жүйелік тақшаның қай микросхемасында орнатылған?

A) Оңтүстік көпір

Ә) Солтүстік көпір

Б) Батыс көпірі

В) Шығыс көпірі

51. Суретте көрсетілген ағытпаның белгісі?

A) А типті USB

Ә) B типті USB

Б) C типті USB

В) D типті USB

52. Жүйелік тақшада орнатылған жарықдиоды нені белгілейді?

A) жедел жадының істен шығуын

Ә) жүйелік тақшада кернеу бар екенін

Б) қораптың ашулы қалғанын

В) қатқыл дискінің жұмысын

53. Суретте көрсетілген кабель қай құрылғыға жалғанады?

A) LPT портқа

Ә) SATA интерфейсіне

Б) COM портқа

В) PATA (IDE) интерфейсіне

54. BIOS Setup бағдарламасының баcқаша атауы?

A) System Restore

Ә) Media Setup

Б) Configuration Utility

В) CMOS Setup

 

55. Жады модулінің таңбасында PC2 4200 көрсетілген. Бұл жадының қандай түрін анықтайды?

A) SDRAM

Ә) RDRAM

Б) DDR2 SDRAM

В) DDR SDRAM

 

56. Суретте көрсетілген ағытпаға қандай құрылғылардын шлейфтері қосылады?

 

A) IDE - құрылғылары

Ә) FDD- диск-жетегі

Б) SATA құрылғылары

В) SCSI құрылғылары








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 4034;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.081 сек.