Түсіндірме сӨздік

АҒЫТУ (Отключение) - 1) құрылғының ажыратылған қалып-күйге ауысып, қызметінің токтатылуы; 2) есептеу желілерінде - сеанстың аяқталуы.

АДРЕС - құрылғыны немесе жады ұяшығын белгілейтін сан, символ немесе символдар тобы.

АҚПАРАТ - айналадағы ортадан кабылданатын (кірістік ақпарат), айналадағы ортаға берілетін (шығыстық ақпарат) немесе кейбір жүйенің ішінде сакталатын (ішкі ақпарат) мәліметтер жиынтығы.

АҚПАРАТТЫ ӨҢДЕУ - алдын-ала анықталған мақсатқа жету үшін берілген мәліметтерді (бір ережеге жинастырылған нұсқаулар бойынша) түрлендіру әдісі.

АҚПАРАТТАНДЫРУ - адам қызметінің қоғамдық мәні бар барлық түрлерінде ақиқат білімдердің толық және дер кезінде пайдаланылуын камтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру.

АҚПАРАТТЫ САҚТАУ - келешекте пайдалану үшін ақпаратты қосалқы сақтауыш құрылғыға - магниттік таспаға немесе магниттік дискіге жазып алу.

АҚПАРАТТЫ ІЗДЕУ - сақталған ақпаратты алу және онымен жүзеге асырылатын негізгі операциялардың бірі.

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ - қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланылатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.

АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР - кітапханаларда, мұрағаттарда, корларда, мәліметтер банкілерінде және басқа да акпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғырланған мағлұматтар жиынтығы.

АЛМАСУ БУФЕРІ - 1) қосымша бағдарламалар арасында мәліметтер алмасуды ұйымдастыруға арналған, әрі Windowsжүйесімен бөлектелген жедел жады аймағы; 2) Windows ортасында - құжат бөліктерінің көшірмесін уақытша сақтауға арналған жадының арнайы аймағы; 3) Windowsоперациялық жүйесінде әртүрлі құжаттар мен қолданбалы бағдарламалар арасында ақпарат алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнайы бөлігі, яғни аралық жады не буфер; 4) құжаттар мен қолданбалы бағдарламалар арасында мәліметтер алмасу кезінде ақпаратты уақытша сақтауға арналған орын.

АНТИВИРУСТЫҚ БАҒДАРЛАМА – компьютер бағдарламаларына зақым келтіретін вирустарды табатын, әрі олардың кері әсерін жоятын бағдарлама.

АППАРАТТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА - компьютердің тұрақты жадының үлкен интегралдық схемасында іске асырылған микропроцессорлық бағдарламалық жасақтама.

АРАЛЫҚ - 1) уақыт кесіндісі; 2) тасуыштағы мәліметтер мен құрауыштардың ортасындағы аралық.

АРНАЙЫ СИМВОЛ - пернетақтада жоқ, алайда экранға немесе принтерге шығаруға болатын таңба немесе символ.

АУЫСТЫРУ РЕЖИМІ - 1) терілген бұрынғы символдарды жаңа символдармен алмастыруды жүзеге асыру; 2) экрандық редакторларда - пернетақтадан енгізілетін таңба меңзермен нұсқалатын таңбаның орнын алмастыратын режим.

АУЫСТЫРЫП-ҚОСҚЫШ - 1) есепті шешу алгоритмдерінің баламалы тармақтарын таңдауға автоматты түрде немесе бағдарламаның тапсырмасы бойынша қосылған, кейде іске қосылмаған қалпында алынған схема элементі.

Б

БАЗА - 1) негізгі, тіректі мәліметтер немесе элементтер; 2) санау жүйесінің негізі; 3) база регистріне жүктелетін, әрі салыстырмалы адрестердің (ығысулардың) саналу басы ретінде пайдаланылатын жады адресі.

БАПТАУ - 1) жұмыс уақытында оның ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу үрдісі; 2) қолданбалы бағдарламаны нақты компьютерде, оған қосылған сыртқы құрылғыларды пайдаланып, жұмыс істеуге бейімдеу (оның параметрлерін орнату).

БАС МӘЗІР - әдетте, қолданбалы бағдарламалардың жоғары жағында тақырыбынан соң орналасады.

БАСҚАРУ ТАҚТАСЫ - жұмыс ортасы ыңғайластырылатын арнайы терезе.

БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТІ - бағдарлама жұмысын басқаруға және ақпаратты енгізу мен шығаруға арналған пайдаланушының графиктік интерфейсінің құралы.

БАСПА (ПРИНТЕР) - мәліметтерді баспа құрылғысына шығару. Ақпаратты басу арқылы қағазға шығарып беретін құрылғы.

БЕЙНЕАДАПТЕР (Видеоадаптер) - монитордағы бейнені басқару үшін бас тақшаға орнатылған немесе кеңейтуге арналған қосқыштарға жалғанатын схемалық тақша.

БЕЙНЕКАРТА (Видеокарта) - бейнекамера, бейнемагнитофон немесе кез келген басқа композитті сигнал көзінен алынатын бейнемәліметтерді дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін, компьютерлік графикамен және бейнемәліметтермен жұмыс істеуге арналған құрылғы.

БЕЛСЕНДІ БЕТ, ПАРАҚ - Windows жүйесіндегі қолданбалы бағдарламаларды басқаруға арналған экран бетінің ең үстінде орналасып, жұмыс істеуге дайын тұрған парақ.

БЕЛСЕНДІ ТЕРЕЗЕ - Windowsтерезелерінің берілген экранда көрініп, өз құжатымызды басқаруға арналған элементтері көрініп, жұмыс істеп тұрған ең үстіңгі терезесі.

БОС ОРЫН - баспаға немесе экранға шығарғанда оның тұрған орнында кескін шығыспайтын (бос орын қалатын) таңба.

В

ВИНЧЕСТЕР (винчестер) - қатты магниттік дискідегі десте; бастиектер мен жетектер бөлігі және дискілер дестесі бірігіп біртұтас (ауа кірмейтіндей етіліп) жабылған модуль кұрайтын сактау құрылғысы. Дербес компьютердің сыртқы жады болып табылады.

Г

ГИГАБАЙТ - компьютердің жады сыйымдылығын өлшеу бірлігі.

ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОР - 1) графикалық кескіндермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрі оларды түзетуге, толықтыруға арналған бағдарлама; графикалық ақпаратты редакциялайтын бағдарлама; 2) дисплей бетінде графикалық кескіндер салу үрдісін автоматтандыруға арналған бағдарлама; 3) графикалық кескіндерді, көріністерді, суреттерді, сол сияқты мультипликацияны құруға арналған құралдармен қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен.

Д

ДЕРБЕС БАСҚАРУ- дербес режимдегі шалғай құрылғы жұмысы.

Е

ЕНГІЗУ - мәліметтерді сыртқы құрылғыдан (мәліметтер көзінен) дербес компьютердің негізгі жадына кіргізу (беру); арнайы құрылғылар (пернетақта, тінтуір, дискі және т.б.) арқылы жүргізіледі.

ЕРЕКШЕЛЕУ (БЕЛГІЛЕУ, ТАҢДАП АЛУ) (Выделение, выбор, маркирование) - жұмыс үстеліндегі бір объектіні тінтуір меңзерімен көрсетіп тұрып, оны басу арқылы белгілеп алу.

ЕСЕП БЕРУ - ақпараттың қорытындыланып, тақырыптары мен бет нөмірлері койылып, қағазға басылған құжат түрінде бейнеленген түрі.

ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ (Вычислительная техника) - адамзат іс-әрекетінің әр түрлі саласындағы күрделі ақпараттың үлкен ағындары мен массивтерін автоматтандырылған түрде өңдеуге, жеткізуге және сақтауға арналған техникалық құралдар мен бағдарламалық жасақтама жинағы.

 

Ж

ЖАБУ - аяқтау процедурасы; белгілі бір жұмыс түрін істеп бітірген кездегі жүйе әрекеті.

ЖАДЫ (памятъ) - 1) компьютерде ақпаратты сақтау тәсілін анықтайтын жалпы термин; 2) компьютердің әр түрлі деректер сақтайтын бөлігі; деректерді қабылдау, сақтау және беруге арналған компьютер құрылғысы; 3) ақпаратты сақтауға және қолданбалы бағдарламаларды жүктемелеуге арналған аймақ; 4) ақпаратты тұрақты немесе уақытша сақтайтын орын.

ЖАДЫНЫҢ ШАПШАҢДЫЛЫҒЫ (Быстродействие памяти) - ақпарат үлесін шығарып оқуға немесе жазуға кажетті уақыт.

ЖЕДЕЛ ЖАДЫ (Оперативная память) - компьютердегі ішкі жады бөлігі.

ЖАҚТАУ - құжаттарды дайындаудың интерактивтік жүйелерінде - мәтіннен, кестеден графиктен немесе бірнеше қатталған жақтаудан тұратын және дисплей экранында жеке терезеде бейнеленетін құжат кұрылымының бөлігі.

ЖАЛАУША - белгілі бір шарттың орындалуын айғақтайтын, сол туралы куәлік беретін индикатор.

ЖАСАҚТАМА - әлдебір объектінің, үрдістің қалыпты жұмыс істеуіне қажетті әдістердің, құралдар мен шаралардың жиынтығы. Жасақтама қажет ететін объектіге немесе үрдіске байланысты әр түрлі болады: аппараттық (техникалық) жасақтама, базалық бағдарламалық жасақтама, ақпараттық жасақтама, математикалық жасақтама және т.б.

ЖАСЫРЫН ФАЙЛ – каталогтағы файлдардың жалпы тізімінде көрсетілмейтін файл.

ЖЕЛІ - мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізетін бір-бірімен телеқатынас құру құралдары

ЖҰМЫС КІТАБЫ - кестелік процессордың кұжаты.

ЖҰМЫС ҮСТЕЛІ - әр түрлі объектілер орналасатын Windows операциялық жүйесінің экраны.

ЖҮЙЕЛІК БЛОК - дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары мен қоректендіру блогы орналасқан блок.

ЖҮКТЕУ - мәліметтерді процессор операцияларында тікелей пайдалану мақсатымен оларды дискілерден (мәлімет тасуыштан) негізгі жедел жадыға немесе негізгі жадыдан регистрлерге жіберу.

И

ИДЕНТИФИКАТОР - операциялык жүйе немесе бағдарламалау тілі элементтеріне атау ретінде қойылатын лексикалық бірлік. Ол берілген бір мәліметке не олардың тобына қойылады, ал өзі латын әріптері мен цифрлардан тұратын, бірақ міндетті түрде әріптен басталатын символдар тізбегінен кұралады. Кейбір тілдерде #, &, -, - тәрізді өзге символдар және ұлттық әріптер пайдаланыла береді.

ИЕРАРХИЯ - 1) жұмысы жағынан жоғары тұрушы байланыстардың қандай да бір жиынтығы; 2) орталықтандырылған жүйелердегі басқару қағидасы; 3) құрауыштары бағыныштылығына карай сараланған, олардың арасындағы байланыс белгілі бір ережелерге сәйкес жүзеге асырылу мақсатындағы сипаттамалы құрылым.

К

КЕҢЕЙТУ - файл атауларының типін анықтайтын оның кеңейтілуі.

КЕСТЕ - мәліметтерді жолдар мен бағаналар қиылысында орналастыру арқылы ұсыну тәсілі.

КОД - 1) кодтауға пайдаланылатын символдар жинағы; 2) ақпаратты ұсыну үшін пайдаланылатын шартты белгілеулер жинағы; символдардың және оларды түсіндірудің бір мәнді ережелерінің жүйесі.

ҚАТҚЬІЛ ДИСКІ (Жесткий диск) - есептеу машинасында тұрақты орналасқан дискі.

ҚОРЕКТЕНДІРУ БЛОГЫ (Блок питания) - кернеуі, жиілігі, куаты белгілі электр энергиясымен компьютерді немесе басқадай аппаратураны жасақтайтын кұрылғы.

ҚҰРЫЛҒЫ (Устройство) - 1) жүйе аппаратурасының белгілі бір міндетін атқаратын элементі; 2) белгілі бір қызметтік міндеті бар кұрылымдық аяқталған техникалық жүйе; құрылымдық және қызметтік тұтастықта болатын бөлшектердің, тораптардын, элементтердің жиынтығы.

 

Қ

ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ - жүйені қате жіберілгеннен кейін немесе мәліметтерді байқамай өшіріп алған соң қалпына келтіру мүмкіндіктері.

ҚОРЖЫН - Windowsортасының жүйеге қызмет ету бағдарламасы немесе жүйелік қаптамасы деп те айтылады.

ҚОСЫМША - ақпараттық жүйелерде сақталатын ақпаратты тұтынушылар мен қолдану аймағының жиынтығы.

ҚҰЖАТ - мәтіндерден тұратын ақпараттық іздестіру жүйесіндегі мәліметтер тобы; қолданбалы бағдарламалар көмегімен пернелер арқылы енгізілген мәліметтерді пайдаланып түзетілген немесе дискіде сақталып қалған, даяр ақпараты бар кез келген материалдық объект.

ҚҰЖАТТАРДЫ САҚТАУ - құжаттарды қоймада орналастыру және кейін пайдалану үшін оның сақталуын жасақтау үрдісі.

ҚЫЗМЕТ - әртүрлі өнімдерді пайдалануда жеке адам мен ұйымның мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған кәсіпорынның немесе тұлғаның өндірістік емес қызметінің нәтижесі.

Л

ЛОГИКАЛЫҚ ДИСКІ (Логический диск) - 1) қатқыл дискінің кеңейтілген бөлігінің ішкі бөлігі; 2) латын әріптерімен жазылған аттары арқылы, мыс., А:, В:, С: және т.б., олармен қатынас құрып, мәліметтер жазу/оқу үшін пайдалануға болатын тәуелді магниттік дискі. Бір физикалық (бүтін) дискі бірнеше логикалық дискілерден тұруы мүмкін.

МАГНИТТІК ДИСКІ (Магнитный диск) - жалпақ дөңгелек табақша немесе дискі түрінде жасалып, мәліметтер сақтау үшін, беті магниттік кабықшамен қапталған металл немесе шыны пластина. Олардың иілгіш және қатты етіп жасалған түрлері бар.

МАРКЕРЛЕУ – шарт белгілік таңбаны түсіру; ентаңбаны телу және жазу; белгілеулерді телу.

МӘЛІМЕТТЕР - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге ыңғайлы түрде берілген мағлұмат.

Арифметикалық (сандық мәліметтер) - арифметикалық амалдар орындауға болатын мәліметтер, яғни сандар.

Әріптік мәліметтер - алфавит әріптері мен бос орындардан тұратын мәліметтер.

Графикалық мәліметтер - 1) графикалық бейне түріндегі (сурет, схема) мәліметтер; 2) графикалық объектілерді бейнелеуге жеткілікті болатын олардың машиналық өрнегі.

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ - жүйелі түрде ұйымдастырылған және пайдалануға ұсынылған мәліметтер жиынтығының объективтік формасы, бұл мәліметтер компьютер көмегімен оңай табылады және өңделеді.

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ - мәліметтер базасында ақпарат енгізу, реттеу және іздеп-табумен байланысты мәселелерді шешу.

МӘЛІМЕТТЕР ЖАЗБАСЫ - мәліметтер базасы құрылымының бірлігі.

МӘЛІМЕТТЕР ТИПІ - бағдарламалауда - мәліметтердің мүмкін мәндерінің ауқымын, оларға рұқсат етілген операциялар жиынын және бұл мәліметтерді сақтаудың тәсілін анықтау арқылы оларды бір топқа біріктіру жолы. Мынадай топтар: сандық, символдық, логикалық, мерзімдік (дата) және т.б. болады.

МӘТІНДІК ФАЙЛ - құрамында құрылымдалмаған түрдегі ақпарат мәтіні бар файл; әріптерден, цифрлардан және тыныс белгілері мен арнайы символдардан құрастырылған қарапайым мәтіндік файл.

«МЕНІҢ КОМПЬЮТЕРІМ» - Windows ортасының жүйеге қызмет ету бағдарламасы немесе жүйелік қаптамасы деп те айтылады. Ол дискілердегі (магниттік, лазерлік) мәліметпен жұмыс істеуді және компьютер құрылғыларын тағайындау, орнату істерін жүзеге асырады.

МӘЗІР - интерактивті жүйелерде - дисплей экранында бейнеленетін командалар тізімі. Жұмыс істеуші адам тыңдап алуға ұсынылатын және экран бетіне шығарылатын, осы сәтте орындала алатын іс-әрекеттер (опциялар) тізімі - олар: команда атаулары, жауап нұсқалары, т.б. Таңдап алынған нұсқалар жүйенің келесі орындалатын іс-әрекеттерін анықтайды.

МЕҢЗЕР - экранда тиісті операциялар жүргізілетін активті орынды көрсету үшін пайдаланылатын, жанып-сөніп тұратын жылжымалы белгі.

МОДЕМ - стандартты телефон желісі арқылы компьютердің мәліметтерді жөнелтуді және қабылдауды іске асыруына мүмкіндік беретін электрондық құрылғы.

МУЛЬТИМЕДИА - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін, жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациалық түрде шығаруды жүзеге асырады.

МҰРАҒАТТАЛҒАН ФАЙЛ - тығыздалған түрде біртұтас файлға орналастырылған бір немесе бірнеше файлдың мұрағатталған көшірмесі.

МІСRОSОҒТ ОFFІСЕ - құрамында мәтіндік процессоры, электрондық кестесі, мәліметтер базасы, графикалық презентация бағдарламалары және электрондық поштасы бар біріктірілген жүйе.

Н

НӘТИЖЕ - операцияның, бағдарламаның, тапсырманың аяқталуы бойынша алынатын мәліметтер жиынтығы.

НҰСҚА - бағдарламалық өнімнің бір варианты немесе басқа файлды түрлендіру арқылы алынған файл.

НҰСҚАҒЫШ - сілтеме.

О

ОБЪЕКТІ - Windows жүйесінде қолданбалы бағдарламаларда даярланған (түзетілген) және содан кейін басқа құжаттарға кірістіріле алатын кесте, диаграмма, сурет, формула немесе мәліметтердің басқа түрлері.

ОҢҒА ТУРАЛАУ - мәтін жолдарын беттің немесе бағананың оң жағындағы шеткі түзу бойымен реттеп орналастыру.

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ - компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернетақтасын, экранды, диск-жетектерді пайдалануды), сонымен қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа бағдарламалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған бағдарлама.

ОРЫНДАУ - электронды есептеу техникасы құралдары арқылы командада, тапсырыста, бағдарламада көрсетілген белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыру.

Ө

ӨРІС - 1) мәліметтер қорында - файл жазбасының дербес мағынасы бар қызметтік бөлігі, яғни кесте түріндегі базаның бір бағанасы; 2) белгілі бір мақсатқа пайдалануға арналған экранның, бланктің, басылған құжаттың немесе мәліметтер тасуыштарының арнаулы бөлігі.

ӨСУІ БОЙЫНША СҰРЫПТАУ - жазбалар кілттік өріс мәндерінің өсуі бойынша реттеп сұрыптау.

П

ПАЙДАЛАНУШЫ - 1) басқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын бағдарлама немесе жүйе; 2) терминал (пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

ПАРАҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ - басылымға дайындалатын қағаз бетінің пішімін анықтайтын параметрлер жиынтығы.

ПАЛИТРА - 1) дисплей экранында әр түрлі бейнелерді айқын көрсету мақсатында пайдаланылатын түстердің жалпы саны (жиыны); 2) түрлі фигуралар, әр түрлі калыңдықтағы сызықтар салуға арналған қылқаламдар мен аспаптар жиыны.

ПЕРНЕ - пернетақтадағы бір перне; оны басқанда таңбаға сәйкес код қалыптасады да, ол экранға шығады немесе белгілі бір әрекет іске асады.

ПЕРНЕТАҚТА - компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы.

ПИКСЕЛЬ - дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік. Әдетте, бұл жалғыз көп түсті нүкте. Бейнесызбалық объектілерді бейнелеу үшін қолданылады.

ПИКТОГРАММА - бағдарламаны, мәліметтер файлын және компьютерге қатысты басқа да кейбір қызметті көрсететін экрандық символ.

ПРИНТЕР - баспа құрылғысы.

БАҒДАРЛАМА - 1) белгілі бір алгоритмді жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өндеу жүйесінің нақты құрауыштарын (компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі; 2) орындалуға (өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін сипаттайтын бағдарламалау тілінің сөйлемдер жиыны; 3) бағдарламалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы бағдарламаларға, процедураларға, бағдарламалық модульдерге машиналық бағдарламалар мен олардын үзінділеріне арналған жалпы атау.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ДЕСТЕ - компьютерде пайдалануға толық дайын болған бағдарламалар, мәліметтер, құжаттамалар және және басқа материалдардың жинағы.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМА - 1) белгілі бір типтегі есептеуіш машиналарға арналған бағдарламалар жиынтығы; компьютерлерге арналған алгоритмдер мен бағдарламаларды әзірлеу; 2) пайдалануға кажетті мәліметтер мен бағдарламалық құжаттарды өңдеу жүйесі бағдарламаларының жиынтығы.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМДІЛІК, БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҮЙЛЕСІМДІЛІК - әр түрлі компьютерлерде тек сол бір ғана бағдарламалардың орындап, ұқсас нәтижелер алу мүмкіндігі.

ПІШІМ - 1) кұжаттағы мәтінді, мәліметтер базасындағы, файлдағы мәліметтерді және т.б. қағаз (экран) бетін орналастыру тәсілі мен оның кұрылымы; 2) дискі бетін онда мәліметтер жазылатын етіп, адрестелген элементтерге (жолдарға және секторларға) жіктеу тәсілі; 3) файлда мәліметтерді сақтау тәсілі.

ПІШІМДЕУ - 1) ақпараттың кағазда ұсынылатын түрін: өріс енін, кестелер түрін, бағандар енін және т.б. анықтау. Пішімдеу командасын көбінесе редакциялық бағдарламаға енгізеді; 2) дискі бетін онда мәлімет жазылатындай етіп адрестелген элементтерге (сызық жолдарға және секторларға) жіктеу процедурасы. Ол көбінесе дискіні бірінші рет пайдалану алдында орындалады. Дискіні пішімдеу оған осыған дейін жазылған мәліметтердің бәрін жойып жібереді.

Р

РАСТРЛЫҚ ГРАФИКА - кескін нүктелердің екі өлшемді жиым түрінде (Растрлық элементтер) берілетін машиналық графика.

РЕДАКЦИЯЛАУ - мәліметтердің орналасу ретін, пішімін және мазмұнын өзгерту; құжатқа өзгертулер енгізу (құжатты түзету).

РЕЖИМ - компьютер немесе бағдарлама жұмыс істей алатын әр түрлі қалып-күй.

С

САЙМАНДАР ТАҚТАСЫ - Windows жүйесінің әрекеттерді орындау батырмалары орналасқан басқару тақтасы; құрамында опцияның іске қосылғанын (қосылмағанын) көрсететін, әр түрлі әрекеттерді атқаратын көптеген жалаушалар мен қанат белгілер болады.

САҚТАУ - мәліметтер тобын жедел жадыдан сыртқы жадыға жазу; дайындалған құжаттарды белгілі бір ат койылған файл түрінде дискіге жазып сақтау командасы.

СИМВОЛ (ТАҢБА) - 1) таңбалық жағдайда басқа объектінің орнына қолданылатын объект; 2) белгілі бір алфавит бірлігі, таңбасы. Стандартты әріптік, цифрлық белгілерден немесе арнайы таңбалардан тұратын символ.

СКАНЕР - компьютердің жадына бейнені енгізу құрылғысы; құжаттан шағылған сәулені қабылдап, олардан цифрлы сигналдар құрастыратын, суреттерді, мәтінді, фотографияны оптикалық түрде оқи алатын құрылғы.

СТИЛЬ - шаблонда сақталатын кұжат мәтінін пішімдеу параметрлерінің атау берілген жинағы. Мәтіндік процессорларда кеңінен пайдаланылады.

СУРЕТ - векторлық табиғаттың объектісі (сызықтар, түзулер мен қисықтар, геометриялық фигуралар, стандартты және стандартты емес).

СҰРАНЫС - 1) компьютерлік жүйедегі ресурс бөлуді талап ететін кірістік хабарлама; 2) мәліметтер базасынан немесе ақпараттық іздестіру жүйесінен керекті ақпарат (жауап) беруді талап ету.

СҰРЫПТАУ - 1) баламалар арасынан таңдау; 2) белгілі бір ережеге сәйкес жиын элементтерін топ бойынша үлестіру.

СҮЗУ - көрсетілген кейбір белгілері бойынша теріп алынған мәліметтерді өңдеу үрдісі (бағдарламасы). Ол қажетті мәліметтерді басқалардан айырып алуға мүмкіндік береді.

СІЛТЕМЕ - 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталған элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.

СІЛТЕУШІ - Windows ортасының жүйеге қызмет ету бағдарламасы немесе жүйелік қаптамасы.

СТРИММЕР - тізбекті қатынас құру құрылғысы; қатқыл дискідегі мәліметтерді резервке сақтап қоюға арналған көлемді мәліметтер жинақтайтын магниттік таспадағы компьютерлік магнитофон.

Т

ТАҚЫРЫП - құжаттың бастапқы бөлігі; терезенің немесе аспаптар тақтасының жоғарғы бөлігіндегі көк немесе басқа түсті көлденең белдеу.

ТАҢБА - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы.

ТАСПА (Лента) - магниттік таспа түріндегі ақпарат тасуыш.

ТЕРЕЗЕ - пайдаланушы немесе бағдарлама жеке экран ретінде жұмыс істейтін дисплей экранының бөлігі.

ТИП - 1) қандай да бір заттың белгілі бір қасиеттерді иеленген пішіні; 2) объектінің нақты жиыны, сипаттамасы.

ТОҚТАТУ - компьютердің жадынан командаларды автоматты таңдау мен олардың орындалуы тоқтатылатын қалып-күйге өтуі.

ТОПТАСТЫРУ - біртектес қасиеттеріне сай бір жүйеге келтірілетін объектілерді өзінше дербес жаңа объект-топтарға біріктіріп жүйелеу.

ТОРАП (ТҮЙІН) - негізгі желілік қызметті (желіге қызмет ету, хабарларды жеткізу және т.б.) орындайтын желідегі компьютер.

ТУРАЛАУ - мәтінді өңдеу барысында азат жолды сол және он жақ өрістердің аралығына туралап орналастыру әдісі.

Ұ

ҰЯШЫҚ - электрондық кестелердің бағанасы мен жолы қиылысқан жердегі мәлімет сақтайтын төртбұрышты ұя түріндегі негізгі элемент.

Ү

ҮЙЛЕСІМДІЛІК - 1) жүйе құрылғысының басқа құрылғымен немесе жүйемен үйлесімді түрдегі байланыса отырып, қызметті бірлесіп орындау қасиеті; 2) қолданбалы бағдарламаның компьютердің ескі модельдерінде жұмыс атқару қасиеті; 3) әр түрлі құрылғылардың құрылымы бойынша үйлесімді қызмет атқару қасиеті.

Ф

ФОРМА - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелерінде (мыс., Ассеss-те) - мәліметтер қорындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.

ФОРМУЛАЛАР РЕДАКТОРЫ - мәтін процессоры құрамындағы математикалық формулалар мен символдар енгізетін сервистік бағдарлама.

ФУНКЦИОНАЛ ПЕРНЕ - бағдарламаланатын функциялы пернелер тобына кіретін перне.

X

ХАБАР - 1) таратқыш пен қабылдағыш арасында тасымалданатын ақпаратты ақпарат жүйесі мен оны қоршаған орта арасындағы алмасу бірлігі; 2)коммуникацияда - бір құрылғыдан екінші құрылғыға жіберілген мәліметтер элементі.

Ц

ЦИФРЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР - санаудың белгілі бір жүйесінде үздікті қалыпта ұсынылған мәліметтер; цифрлық код түрінде берілген мәліметтер.

ЦИФРЛЫҚ АНАЛОГТЫҚ ТҮРЛЕНДІРГІШ (Цифро-аналоговый преобразователь) - дискрет шамаларды аналогтық шамаларға түрлендіруге арналған құрылғы.

Ш

ШАҒЫН (ЭЛЕКТРОНДЫҚ) БАСПАЛЫҚ ЖҮЙЕ - баспалық басылым макетін дайындау мен беттеуге арналған, құрамында дербес компьютер, лазерлік принтер, сканер және арнайы бағдарламалар дестесі бар аппараттық бағдарламалық кешен.

ШАПШАҢДЫЛЫҚ - белгілі бір уақыт аралығында орындалатын әрекеттердің саны арқылы есептеу жүйесінің өнімділігін сипаттайтын параметр.

ШЕБЕР - көптеген Windows бағдарламаларында тұтынушыдан мәліметтер сұрай отырып, керекті әрекеттер тізбегін қатесіз әрі жылдам орындауға көмектесетін сараптаушы шағын ішкі бағдарламалар. Олар берілген күрделі тапсырманы кішкене қадамдарға бөліп, сұхбат терезелер арқылы мәліметтер сұрап, әрі қарай не істеу керектігі туралы біртіндеп нұсқау беріп отырады.

ШЕГІНІС - жолдың сол жақ шекарасынан оңға ығыстырыла орналасқан символға дейінгі кеңістік, яғни азат жол алдындағы өріс.

ШЕРТУ - тінтуір батырмасын жылдам басып және босатып жіберу.

ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ (Устройство вывода) - мәліметтерді компьютерден шығаруға арналған кұрылғы.

Э

ЭЕМ (ЭВМ) - әр түрлі электрондық құрылғылармен жабдықталған цифрлы есептеуіш машина.

ЭЕМ ЖЕЛІСІ (Сеть ЭВМ) - желінің есептеу ресурстарын пайдаланушылардың қатынас құруы үшін, мәліметтерді жеткізу жүйесімен байланысқан электрондық есептегіш машиналар мен абоненттік пунктер жиынтығы.

 









Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 6247;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.07 сек.