ЫСҚАРТЫЛҒАН сӨздЕР

АТХ - Жүйелік блоктың конструкциялық жасалуы. АТ стандартының кеңейтілуі.

BIOS- Енгізу-шығарудың базалық жүйесі. Аппараттық жасаудың операциялық жүйемен өзара әрекеті, компьютердің және басқа базалық функциялардың алғашқы тестілеуі.

CD-ROM- Лазерлік компакт-дискілердегі жинағыш.

CMOS- Қондырылған батареядан қоректенетін және энерготәуелді ROM BIOS, ол BIOS қолданатын нақыштауды сақтайды.

COM- Тізбекті порт. Компьютерге модемді, "тышқан" тетігін және басқа да құрылғыларды қосу үшін арналған.

DIMM- 168 түйіспесі бар жады модулінің конструкциясы.

DMA- Жадыға тура жету жол арнасы. Кейбір құрылғылармен қолданылады, мысалы, қатаң магнитті дискімен немесе CD-ROM диск-жетегімен.

DOS- Дискеттік операциялық жүйе. ІВМ-үйлесімді дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелер.

DVD-ROM- Лазерлік компакт-дискілеріндегі жинағыш, оның CD-ROM -нан айырмашылығы DVD-дискілерінен деректемелерді оқи алады.

EPROM- Тұрақты жады, FLASH ROM-нан айырмашылығы жазбаның аппараттық әдісін қолданады.

FDD- Иілгіш магниттік дискі жетегі.

HDD- Ауыстырылмайтын тасушыны қолданатын қатқыл дискідегі жинағыш.

IDE- Жүйелік тақша және қатқыл дискі немесе CD-ROM диск-жетегі арасында деректемелермен ауысуға арналған стандартты порт.

IRQ- Үзілімге сұрау. Процессормен қабылданатын сигнал. Ол ағымдағы тапсырманың орындалуын үзіп, басқа тапсырманың орындалуын қосады.

LAN- Компьютерлерді мекеменің немесе өндірістің ішінде бір-бірімен қосатын жергілікті торап.

LPT- Параллелді порт. Принтерді, сканерді, басқа да құрылғыларды компьютерге қосуға арналған.

MIDI- Джойстик немесе әртүрлі мультимедиалық құрылғыларды компьютерге қосуға арналған интерфейс.

PnP- Рlug&Р1ау-қызметтік функциясы. Ол компьютердің немесе сыртқы құрылғылардың құрамына кіретін кұрылғыларды автоматты түрде конфигурациялауды қолдануға мүмкіндік береді.

POST- Компьютердің өзіндік тестісі, компьютер қосылған сайын автоматты түрде жүргізіледі.

PS/2- Пернетақтаны және тінтуір тетігін қосуға арналған ІВМ фирмасы жетілдірген стандартты интерфейс.

RAM- Ерікті таңдамамен жасалатын жадтайтын кұрылғы. Жедел жады, энерготәуелді, деректемелерді көп мәртелік жазуға және оқуға болады.

ROM- Тұрақты, энерготәуелсіз жады, деректемелерді бір мәртелік жазуға және көп мәртелік оқуға болады.

SCOM- SCSI хаттамасы, осы хаттаманы сүйемелдейтін SCSI-құрылғыларына автоматты түрде ID-нөмірлерін береді.

SCSI- Деректемелердің жоғары жылдамдықты құрылғы, компьютерге дискілерді және басқа тезәрекетті құрылғыларды қосуға қолданылады.

USB- Универсалды тізбекті құрылғы. Компьютерге сәйкес порттары бар әртүрлі құрылғыларды "тізбекпен" қосуға мүмкіндік береді.


 








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 1990;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.