Микропроцессордың дербес компьютерлер дамуындағы орны
Микропроцессор (МП) дербес компьютердің (алдағы уақытта ДК) негізі болып табылады. Техниканың және микропроцессорлар технологиясының дамуы ДК буындарының алмасуымен анықталады. Бірінші буын (1975-1985 ж.ж.) - 8 разрядты МП базасында; екінші буын (1981-1985 ж.ж.)-16 разрядты МП базасында; үшінші буын (1986-1992 ж.ж.) 32 разрядты МП базасында; төртінші буын (1993ж.-қазіргі уақытқа дейін) 64-разрядты және одан жоғары 256, 512-разрядты МП базасында жасақталған.
ДК дамуында IBM корпорациясы 1981 жылы Intel 8086 микропроцессор базасында шығарған IBM компьютерінің пайда болуы үлкен рөл атқарды. Бұл дербес компьютерлер нарығында жетекші орынды иемденді. Оның негізгі артықшылығы – «ашық архитектура», соның арқасында қолданушылар әртүрлі шеткері құрылғыларды қоса және компьютерді қажеттілікке қарай жаңғырта алады. Басқаша айтсақ, ДК мүмкіндігін кеңейте алады. Кейін басқа фирмалар да IBM РС негізінде өз компьютерлерін жасай бастады. Сөйтіп, IBM РС компьютері ДК класының стандартына айналды. Қазіргі күндерде сатылатын барлық ДК-нің 85%-ке жуығы IBM РС архитектурасына негізделген.
Дербес компьютерлер өзінің микропроцессорларының параметрлері бойынша бөлінуі төмендегі кестеде көрсетіледі.
1.4-кесте. Микропроцессорлардың сипаттамалары
Параметр | Микропроцессордың типі | |||||
80386 SХ/ DХ | 80486 SХ | 80486 DХ | Pentium | Pentium Pro | Pentium 4 | |
Тактілік жиілігі, МГц | 25-40 | 33-80 | 50-100 | 60-150 | 100-200 | |
Разрядтылық, бит | ||||||
ОСҚ көлемі, Мбайт | 1;2;4/ 2;4;8 | 2;4;8 | 4;6;8 | 4;8;16 | 8;16; | 32/64/ 128/ |
КЭШ-жад көлемі, Кбайт | Жоқ/ 64; | 128; | 256; | 512; | 512; 1024; | |
НЖМД сыйымдылығы, Мбайт | 210/ 420 | 200Гб | ||||
Бейне адаптор VGA/SVGA,% | 30/70 | 10/90 | 0/100 | 0/100 | 0/100 | 0/100 |
Сопроцессордың бар болуы, % | 45/67 | |||||
Транзис-торлар саны, мың |
Болашақта элементтік базасы ретінде оптоэлектроника пайдаланылатын машиналардың интеллектуалдық мүмкіндіктердің жетілдіруі, оған қажетті бағдарламалық жасақтамалардың пайда болуы күтілуде. Жасанды интеллекті жүйелеріне, білім қорына, эксперттік жүйелерге негізделген жаңа ақпараттық технология құру көзделіп отыр. Сонымен қатар, қазіргі кезде желілік технология аясын кеңейту кезек күттірмейтін мәселеге айналды.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 2816;