Компьютерлер жіктемесі
Компьютердің маңызды сипаттамалары:
- машина бір уақыт бірлігінде - MIPS, орындайтын операциялардың орташа мөлшерімен өлшенетін тез әркеттілігі;
- ЭЕМ-де жүргізілетін сандарды ұсынудың түрі және разрядтылығы;
- құрылғыларының сыйымдылығы және тез әрекеттілігі.
1.18-сурет. ЭЕМ жіктемесі
Компьютерлердің цифрлық және аналогтық деп аталатын негізгі екі тобы белгілі.
Компьютерлерді функционалдық қызметі, жұмыс өнімділігі мен өлшеміне байланысты жіктеуге болады.
Қазіргі кезде «Cray» мен «IBM SP2» (АҚШ) қуатты супер-ЭЕМ мысалы ретінде қарауға болады. Супер-ЭЕМ температуралық режимді, кейде сумен немесе сұйық азотпен суытуды талап етеді.
Үлкен ЭЕМ супер ЭЕМ-ге қарағанда қолжетімді. Олар арнайы орынды, температуралық режимді талап етеді. Мәселен, АҚШ-тағы IBM 370 машиналары, ЭЕМ БЖ (ЕС ЭВМ) осы топқа жатады.
Мини-ЭЕМ 70-жылдардың басында пайда болды. Олар жергілікті желі машиналарын немесе технологиялық үрдісті басқару үшін пайдаланылады.
Микро-ЭЕМ микропроцессорлардың пайда болуына сәйкес жасалды. Олардың ішінде көппайдаланушыларға арналған, басқа құралдарға қосалқы тіркелген болуы ықтимал. Мысалы, автомобильдің ішкі жүйесі.
1.3-кесте. ЭЕМ сипаттамалары
Параметр | Супер ЭЕМ | Үлкен ЭЕМ | Мини ЭЕМ | Микро ЭЕМ |
Өнімдігі, MIPS | 1000-100000 | 10-1000 | 1-100 | 1-100 |
Ішкі жад сыйымдылығы Мбайт | 2000-100000 | 64-10000 | 4-512 | 4-256 |
Сыртқы жад сыйымдылығы Гбайт | 500-5000 | 50-1000 | 2-100 | 05-10 |
Разрядтылығы, бит | 64-118 | 32-64 | 16-64 | 16-64 |
ЭЕМ атының өзі, яғни, электрондық есептеуіш машиналары, осы түсініктің мәнін толық бейнелемейді. «Электрондық» сөзі элементтік база ретінде электрондық шамдар ұғымын білдіреді. Осы замандағы ЭЕМ-ді (ЭВМ) микроэлектрондық деп атаған дұрыс болады. «Есептеуіш» сөзі есептеуді орындау үшін арналған құрылғыны түсіндіреді, бірақ ЭЕМ қолдануды зерттеу сараптамасы қазіргі ЭЕМ уақытты деректерді жіберу, салыстыру, енгізу, шығару және т.с.с. операцияларды орындауға жұмсайтынын көрсетеді.
Үлкен ЭЕМ-ді қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болған мекемелерде және ұйымдарда тікелей мини ЭЕМ орнатылды.
Дербес компьютер микро ЭЕМ-ге жатады және жеке қолдану машиналары болып табылады. Бұл - әртүрлі бейіндегі мамандардың жеке еңбегінің өнімділігін бірнеше рет арттыратын көпшілік қолданатын және әмбебап құрал-сайман. Дербес компьютер қолданушымен сұхбаттық режимде автономиялық түрде жұмыс шағын, оны қолдану жағдайларына да, қолданушының дайындық деңгейіне де арнайы талаптар қойылмайды.
Шетелдік дербес компьютер ішінде америкалық IBM фирмасының: 80286 (16 разрядты) микропроцессорлардағы IBM PC/XT, IBM PC/AT IBM PS/2 8030-PS/2 8080 (PS-Personal System) 16 разрядты PS/2 8080, 32 разрядты PS/2 8080 басқа барлық PS, 80386 және 80486 (32 разрядты) МП-дағы IBM PC, Pentium және Pentium-Pro (64 разрядты және одан жоғары) МП-дағы IBM PC компьютерлерін атау керек.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 3462;