Дербес компьютер

 

1971 жылы «Intel» (АҚШ) компаниясы ЭЕМ-ның орталық түйіні саналатын процессордың қызметін кішкентай микросхемада жүзеге асыратын құрылғыны жасап шығарды. Бұл техникалық жаңалық ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсер етіп, дербес компьютердің пайда болуына итермеледі.

Компьютер (ағылш. computer — есептеуші) - есептеулер жүргізе алатын, мәліметтерді өңдей алатын және басқа да көптеген операцияларды жүзеге асыратын бағдарламаланған электрондық құрылғы. Компьютерді тек сандық ақпаратты өңдейтіндігіне байланысты электрондық есептеуіш машина (ЭЕМ) деп атады. Электрониканың дамуына сәйкес электрондық есептеуіш машиналар тек математикалық есептерді ғана емес, кез келген түрдегі ақпаратты өңдеуге қабілетті болып, көптеген салаларда қолданылатын болды, тіпті, ол жұмыс құралына айналды. Сол себепті оны компьютер деп атауға ауысты. Бір кәсіби мәселені бір қызметкердің шешуіне мүмкіндік беретін көлемі шағын компьютерлерді дербес компьютер (ДК) деп атады.

Сегіз разрядтық i8080 және Z80 микропроцессорларының негізінде көптеген компьютерлер жасалды. Дегенмен, мұның бастауы 1976 жылғы американдық жас инженерлер Стив Возняк пен Стив Джобс жасаған әйгілі «Apple» машинасы болып табылады. Сол уақытта «Apple» дербес компьютерлерінің 2 млн. данасы сатылған. Әлемде компьютер шығару үлкен өндіріске айналды. 1981 жылдан бастап өздерінің IBM PC (PC - personal computer) дербес компьютерлерін шығара бастаған IBM фирмасы компьютерлік алыпқа айналды. Қазіргі уақытта IBM дербес компьютерлері кеңінен қолданылады. Танымалдығы жөнінен бұлардан ДЕС (Digital Equipment Corporation) дербес компьютерлерін таралуы бойынша 2-ші орындағы ДК Macintosh фирмасының Apple компьютерлері едәуір төмен. Қазіргі кезде де бұдан басқа көптеген фирмалар дербес компьютерлер өндірісімен танымал.

АҚШ-та тұңғыш дербес компьютердің (алдағы жерде ДК) көптеп шығарылуы адамзат қызметінің барлық саласында төңкеріс жасаған еді. Алғашқы дербес компьютер жеке тараптардан электронды есептеуіш машиналарын құрастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін электронды блоктар түрінде құрылды. Мұндай жиындар әуесқой электрондық құрастырғыштарда үлкен табыспен қолданылды. 1981 жылдан бастап модульді-блоктық құрылымы бар дербес компьютер шығарыла бастады. Бұл машиналар есептеуіш техника мен бағдарламалау саласында білімі жоқ тұтынушыларға үлкен ЭЕМ-ді қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болған мекемелерде және ұйымдарда тікелей мини ЭЕМ орнатылды. Дербес компьютер түрлі мамандардың жеке еңбегінің өнімділігін бірнеше рет арттыратын көпшілік қолданатын және әмбебап құрал-сайман және ол пайдаланушымен сұхбаттық режимде автономиялық түрде жұмыс істеуге арналған.

90-жылдардың басында компьютерлердің дүниежүзілік паркі шамамен 150 млн. дананы құрады, олардың 90%-ға жуығы дербес компьютерлер, сонымен қатар IBM PС типті кәсіптік ДК 100 млн. данадан асады (барлық ДК-нің 75%-ға жуығы); DEC типті кәсіптік ДК 5 млн. данаға жуық.

Қазіргі уақытта шетелде ең кең тараған компьютерлердің үлгілері Pentium және Pentium-Pro микропроцессоры бар IBM PС болып табылады.

ТМД елдері өндірістерінде DEC-үйлесімді (электроника MC-1201, Электроника 85, Электроника 32 және т.с.с. негізінде ДЕС-1-ДЕС-4 сұхбатты есептеу кешендері) және IBM PС үйлесімді (ЕС 1840-ЕС 1842, ЕС 1845, ЕС 1849, ЕС 1861, Искра 1030, Искра 4816, Нейрон И9.60, т.б.) компьютерлер шығарылды. Алайда, бұлар қазір қолданылмайды.

Компьютердің қолданыстағы ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттерге халықтың көпшілігі жеке пайдалануға сатып алуы үшін тиімді құнының қымбат болмауы, жұмыс жасағанда жеңілдік туғызатын операциялық және интерфейстік жүйелердің болуы, шеткері құрылғылардың қолжетімділігі, аппараттық және бағдарламалық жасақтамалардың конфигурациялық үндесуі жатады.

Дербес компьютер көптеген адамның «интеллектілік дербес күшейткішіне» айналып, автоматтандырылған жұмыс орындарының өзегі ретінде танылды.

1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халықаралық стандарт — РС99 қызметтік функциясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:

■ бұқаралық дербес компьютер (Consumer PC);

■ офистік дербес компьютер (Office PC);

■ ықшам компьютер (Mobil PC);

■ жұмыс станциясы (Workstation PC);

■ ойын ДК (Entertainment PC).

Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Офистік дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс станциясына жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады.

ДК жіктелуінің жаңа белгілері пайда болды (1.17-сурет).

 

Дербес компьютер  

 


Стационарлық (үстелдің үстінде)

Тасымалданушы

1.17-сурет. Дербес компьютер жіктелуі

 

Салмағының төмендеуі мен көлемінің кішіреюі LAPTOP (тізелік компьютерлер), NOTEBOOK (компьютер блокнот) және HANDHELD (қол компьютері ) деп аталатын компьютерлерді шығаруға алып келді.

LAPTOP-компьютерде пернетақта мен жүйелік блок жоғарғы жағынан қақпақ сияқты өзінің электронды негізімен байланысқан сұйық кристалды дисплеймен жабылатын бір қорапта орналастырылған.

ЭЕМ мен дисплей арасындағы байланыстырушы сымдар қорапта жапсырылған. Компьютерді жеңіл тасымалдауға және қолданушының тізесінде ұстауға болады. Бұл үлгілер өздерінің техникалық параметрлері бойынша үстел үстілік дербес компьютерден біраз төмен. Олар і80386 микропроцессорында құрылған, құрамында жинақтаушы иілгіш магниттік дискілер (ЖИМД) және ЖҚМД бар. LAPTOP үлгісінің көпшілігінде монохромды дисплей қолданылады, өйткені түрлі-түсті дисплейлерді қолдану компьютердің жылдам қымбаттауына әкеледі. LAPTOP компьютерлерінің салмағы 3,5кг. артық болмауы керек.

NOTEBOOK (Компьютер-блокноттар) бір бетінің өлшемі А4 (297х210) стандартты қағазындай, толық емес пернетақтасы (80 жуық пернесі) бар. Оларда ЖҚМД және ЖИМД қолданылады. NOTEBOOK-тің жинағында орындайтын, компьютерге және телефондық желіге кабельмен жалғанған жеке үстелдік блок түрінде орындалған модем және факс–модемді қолдануға болады. Бірақ NOTEBOOK тұрқына кірістірілген және тек қана хабар беру үшін жұмыс істейтін модемдердің және факс-модемдерінің блоктары бар. NOTEBOOK компьютерлері жұмыс үстелінде орынды қажет етпейді, қағазға арналған жәшікте, портфельде сақталуы мүмкін, іскерлік іс сапарларда қолданылуы мүмкін.

HANDHELDөлшемі А4 қағазының бір бетінен кем емес өлшемді дербес компьютер (мысалы, Hentel Packard 25 LX моделінің өлшемі 160х86х25мм), сондықтан олар жұмыс жағдайына дайын, әрқашан қалтадан табылады. Бұл үлгілер электр желісіне қатыссыз жұмыс істей алады.

Тұрмыстық дербес компьютер жалпы көпшілік тұтынушыға арналған, сондықтан олар айтарлықтай арзан, сенімді әрі әдеттегіше қарапайым базалық конфигурация болуға тиіс. Тұрмыстық дербес компьютер ермек үшін (бейне ойындар), тұрмыстық техниканы басқару, оқу және жаттығу үшін үй жағдайында қолданылады. Әйтсе де, бұл машиналардың архитектурасы оларды байланыс каналдарына қосуға, шалғай жабдықтардың жиынын кеңейтуге мүмкіндік береді. Кейбір жаңғыртудан кейін бұл үлгілер мәтінді жеке өңдеу, үлкен емес ғылыми және инженерлік есептерді шешу үшін қолданылады. Тұрмыстық дербес компьютер ойын дестесімен, жергілікті желінің бағдарламалық жабдығымен және т.б. жабдықталған. Фирмалар қосымша төлемақыға винчестер типті жинақтауыш қатты магниттік диск (ЖҚМД) компьютер кешенінің музыкалық картамен, монитормен және т.б. көбейтуді ұсынады.

Жалпы міндет жүктелген компьютерлер ғылыми-техникалық және экономикалық сипаттағы есептерді шешу үшін, сонымен бірге оқыту және жаттықтыру үшін қолданылады. Олар пайдаланушының жұмыс орнында орналасады. Бұл дербес компьютерлердің жедел жад сыйымдылығы жеткілікті үлкен, иілгіш және қатты магниттік дискіде сыртқы жады, өзінің дисплейі бар. Интерфейстер есептеу желісінің құрамында жұмыс істеу үшін өте көп шалғай құрылғыларды, құралдарды іске қосуға мүмкіндік береді. Жалпы міндеттер жүктелген дербес компьютерлердің ең алдымен кәсіби емес қолданушылар пайдаланады. Сондықтан олар операциялық жүйені қосатын дамыған бағдарламалық жасаумен, алгоритмдік тілдері бар трансляторлармен, қолданбалы бағдарламалардың дестесімен жабдықталған.

Аппаратура құрамында мәтіндік те, графикалық та материалдарды шығаратын құрылғылар, басып шығарудың жоғары сапалы принтерлері кіреді. Кәсіптік компьютерлер жоғары жылдамдықтағы әрекеттерді, ақпараттардың қалың қабатын тиімді түрде беруді, жедел жадтың айтарлықтай үлкен сыйымдылығын талап ететін күрделі ақпараттық және өндірістік есептерді шешу үшін ғылым саласында пайдаланылады. Кәсіптік компьютерлерді пайдаланушылар, әдетте, кәсіби-бағдарламашылар болып табылады, сондықтан бағдарламалық жабдық айтарлықтай бай, икемді, жабдықты бағдарламалық құралдарды қосатын болуы тиіс. Кең номенклатуралы шалғай құрылғылардың қосылуы арқасында дербес компьютердің қызметтік мүмкіндіктері едәуір ұлғайды. Олар жоғары деңгейлі алгоритмдік тілі бар көп есепті режимде жұмыс істей алады. Өзінің қызметтік мүмкіндіктерімен кәсіптік көп процессорлы дербес компьютер үлкен ЭЕМ-нің бұрынғы сатыларына тек жақындап қана қоймайды, бәсекелесе де алады.

 








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 6402;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.