ЭЕМ-нің даму кезеңдері

 

Электрондық есептеуіш техниканың тарихында ЭЕМ-ды кезеңдерге бөлудің өзіндік ерекшелігі бар. ЭЕМ-нің даму кезеңдері жасау кезінде пайдаланылған физикалық элемент бойынша анықталатын физика-технологиялық қағидаға негізделді. Дегенмен, кезеңдердің дәл уақытын көрсету өте қиын, өйткені машинаны жобалау, құрастыру жұмыстары тарихта анықталған уақыттан әлдеқайда бұрын басталады. Сол себепті тарихи кезеңдер машиналардың өндіріске енуімен байланысты деп түсінеміз.

 

1.1-кесте. Электрондық есептеуіш техникасының элементтік базасының даму кезеңдері

Кезең Элементтік база Жылдамдық Қолдану
I (1946 - 1959) Электрондық шамдар секундына 10 - 20 мың операция Математикалық есептеулер
II (1960 - 1969) Жартылай өткізгіш секундына 100 - 500 мың операция Инженерлік, ғылыми, экономикалық есептер
III (1970 - 1979) Интегралдық микросхема секундына шамамен 1млн. операция АБЖ, АЖЖ, ғылыми-техникалық есептер
IV (1980 – ж.ғ.) Үлкен интегралдық схема, микропроцессор секундына шамамен он және жүз млн. операция Басқару, коммуникация, АЖО, мәтін мен графиканы өңдеу

Кестедегі қысқартылған сөздер: АБЖ – автоматтандырылған басқару жүйесі; АЖЖ – автоматтандырылған жобалау жүйесі; АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны, ҮЭСМ және КЭСМ – үлкен және кіші электрондық санау машиналары.

 

Қазіргі кезде физика-технологиялық қағида бойынша даму кезеңдерін анықтау жеткіліксіз екені дәлелденген. Өйткені, машиналардың бағдарламалық жасақтамасы, жылдамдығы, байланыс құралдары ескерілуге тиіс. Төмендегі кесте осы ерекшеліктерге сәйкес алдыңғы кестеге түзетулер енгізе отырып, толықтырады.

 

1.2-кесте. Электрондық есептеуіш машиналарының әр түрлі кезеңдегі ерекшеліктері

Кезең Элементтік база Жылдам- дық, опер/сек Бағдарлама-лау тілдері Пайдалану-шымен байланыс құралдары
I (1951-1954) Электрондық шамдар секундына 10 - 20 мың операция Машиналық код Басқару пульті мен перфокарталар
II (1958-I960) Жартылай өткізгіш секундына 100 - 500 мың операция Ассемблер Перфокарта-лар мен перфолента- лар
III (1965-1966) Интегралдық микросхема секундына шамамен 1млн. операция Жоғары деңгейдегі процедуралық тілдер Алфавитті- цифрлық терминал
IV (1976-1979.) 1985-? Үлкен интеграл-дық схема секундына шамамен 10 және 100 млн. операция Жоғары деңгейдегі жаңа процедура-лық тілдер Монохромды графикалық дисплей, пернелік тақта
Өте үлкен интегралдық схема секундына шамамен 1000 000 000 операция Процедура-лық емес тілдер Түрлі-түсті графикалық дисплей, пернелік тақта, «тінтуір», т.б.
  Оптоэлектроника, криоэлектроника (нанотехно-логияға негізделеді) секундына шамамен 1000 000 000 000 операция   Жаңа процедура-лық емес тілдер ЭЕМ-нің дауыстық байланыс құралдары

 

Екінші кезеңнен бастап машиналар үлкен, орташа және кіші болып бөліне бастады. «Наири», «Раздан», «Мир» сияқты машиналар көптеген оқу орындарында қолданылды.

70-жылдардың басында интегралдық схемалардың пайда болуына сәйкес үшінші кезеңнің ЭЕМ-сы қолданысқа шықты. Бағдарламалау тілдері жетілдіріліп, жоғары деңгейлі процедуралық тілдер мен трансляторлар бағдарламалаушылар танымын кеңейтті.

Оқу үрдісіне мини ЭЕМ-дер енгізіле бастады. УКНЦ, ДВК, Агат сияқты кешендер пайдаланылды.

ХХ ғасырдың аяғында дербес компьютерлер пайда болып, оқу орындары онымен қамтамасыз етіле бастады. Бағдарламалар өзгерді.

 








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 12564;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.