Дербес компьютердің сыртқы құрылғылары

 

Компьютердің сыртқы құрылғылары оның жүйелік блогына қосылып, көмекші қызмет атқарады.

Сыртқы құрылғылар әр түрлі, олар бірқатар белгілері бойынша төмендегідей түрлерге бөлуге болады:

§ мәліметтерді енгізу құрылғылары;

§ мәліметтерді шығару құрылғылары;

§ мәліметтерді сақтау құрылғылары;

§ пайдаланушының сұхбаттасу құрылғылары;

§ байланыс және телекоммуникация құралдары.

Енгізу-шығару құрылғылары.Бұл құрылғылардың көмегімен компьютерге өнделетін ақпарат енгізіледі, сондай-ақ, машинадан оның жұмысының аралық және ақырғы нәтижелері адам түсінетін түрде шығарылады.

Магниттік дискілер мен лазерлік дискілерге қосымша мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларына стриммерлер, ZIP-тасуыштар және HiFD-тасуыштары жатады.

Стриммерлер - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғылар. Стриммерлерге арналған магниттік таспалардың (картридж) көлемі жүздеген мегабайтқа жетеді.

ZIP-тасуыштарды мәліметтерді сақтаудың сыртқы құрылғыларын жасауға негізделген Iomega компаниясы шығарады. Бұл құрылғы өлшемдері стандарттық иілгіш дискіден сәл ғана үлкен және сыйымдылығы 100-ден 250 Мбайт болатын дискілермен жұмыс жасайды. ZIP-тасуыштардың негізгі кемшілігі олардың 3,5 дюймдік иілгіш дискілерімен үйлесімсіздігінде.

Sony компаниясы жасап шығарған HiFD құрылғысы кәдімгі стандарттық иілгіш дискілермен үйлесімді болып келеді. Олар сыйымдылығы 200 Мбайт болатын арнайы тасуыштармен де, кәдімгі иілгіш дискілермен де жұмыс істеуге бейімделген.

Пайдаланушының сұхбаттасу құрылғыларына бейнемониторлар, пульттік басу машинкалары, енгізу-шығарудың сөйлеу құрылғысы жатады. Енгізу-сөйлеу құрылғысы ретінде адам айтатын және сөзді тануға, оларды күрделі бағдарламалық жабдықтармен кодтауға мүмкіндік беретін әр түрлі микрофондық акустикалық жүйелер танылса, шығарудың сөйлеу құрылғысы ретінде компьютерге қосылған дыбыстық зорайтқыштар арқылы естілетін немесе ойналатын сөздердің цифрлық өңделуін орындайтын дыбыстық синтезаторлар қаралады. Бұлар мультимедианың жылдам дамитын құралдары болып табылады.

Байланыс және телекоммуникация құралдары байланыс каналдарына, есептеу желілеріне дербес компьютерлерді қосу үшін қолданылады.

 








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 5214;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.