Енгізу құралдары

Енгізу құрылғыларынапернетақта, манипуляторлар (тінтуір, джойстик, трэкбол, жарық түсіретін қалам (сәулелік қаламұш), т.б.), графикалық планшеттер, сканер (оқу автоматтары), сенсорлық экрандар, өлшеу аспаптары жатады.

Мәліметтерді енгізудің ең негізгі құрылғысы пернетақта болып табылады. Одан басқа да енгізу құрылғыларына тінтуір, джойстик, трекбол және т.б. жатады. Джойстик - компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын рычагты манипулятор. Ол қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе қорабында орналасқан бір немесе бірнеше батырмалары болады. Джойстикті кейде терте деп те атайды.

5.1-сурет. Джойстиктер

Трекболдың тінтуірден айырмашылығы оның қорапқа орнатылған кішкене шары алақанмен қозғалысқа келтіріледі және ол жазық бетті қажет етпейді, сондықтан ықшам компьютерлерде қолданылады.

Графиктік мәліметтерді енгізу үшін сканерлер, графиктік планшеттер (дигитайзерлер) және цифрлы фотокамералар қолданылады.

Сканер

Сканерлердің көмегімен символдардан тұратын мәліметтерді де енгізуге болады. Бұл жағдайда берілген материал графикалық түрде енгізіледі, содан соң арнаулы бағдарламалық құралдардың көмегімен өңделеді. Сканерлер парақ бетіндегі мәліметтерді оқып, оны компьютерге енгізеді.

5.2-сурет. Сканер

 

Сканер көмегiмен кез келген мәтiндiк және графика түрiндегі мәлiметті компьютерге тасымалдауды автоматтандыруға болады. Әдетте, қағаз парағы, журнал, кiтап, слайд, үлдір және тағы басқаларды қолданады.

Сканердiң даму жолында көптеген технологиялар және сканерлеу әдiстерi өзгерді.

Үй және кеңсе қолданушыларының арасында үлкен планшеттi сканер көп таралым алды. Планшеттi сканерлерге сканерлеуші бастиектің қозғалтқышы арқылы түпнұсқаны бойлай жылжитын сканерлер жатады.

Көшіргі аппараттар секілді, сканерде түрлi объектілер көшіретін шағылдырғыш қақпағы бар.

Әдетте планшеттi сканер қалыпты А4 парақтарын сканерлеуге арналған, бiрақ үлкен өлшемді сканерлерде кездеседі.

Үлгiлердiң көп түрі болса да, сканерлерді бiрнеше белгi бойынша топтастыруға болады:

· түрлi түстi суреттi цифрлау мүмкiндiгі,

· суреттi құрастырудың әдiсі,

· қолданудың ерекшелiктерi (тетiктiң түрi немесе оның жоқтығы),

· максималды шешуі және компьютерге қосылу әдiсі.

Сканерлердiң шешуі көпшiлiгiнде 1 дюймға 100-150-ден бiрнеше мың нүктелерге дейін өзгереді. Бұл жерде, оптикалық және интерполяциялық шешулерін айыруға болады. Бiрiншiсi, сканердiң оптикалық мүмкiндiктерінің салдары болып табылады. Екіншісі, көршi нүктелердiң бағдарламалық интерполяциясын қолдану арқылы жоғары шешуін алады, бірақ суреттiң сапасы төмен болады. Оптикалық шешуі бар принтер жақсырақ, себебі шешуі жоғары болған сайын сапасы да жоғарылайды.

Планшеттi сканерлер шешуі кемiнде 600 dpi, кейде 1200 болады. Бұл көрсеткіш жақсы планшеттi сканерлерiнде 2400-800 dpi-ға жетедi. Фотосурет сканерлеп және оны сурет түрiнде сақтау үшiн 600-1200 dpi шешуі әбден жеткiлiктi. Мәтiнді айырып тану үшiн 600 dpi жеткілікті.

Шешуі көлденең және тiк жағынан тең келмейді. Кiшi сан қозғаушының қадымын белгiлейді, ал үлкені - сканерлеу элементінің шешуін белгілейді.

LPТ-ның параллельді порты сканердi қосудың ескi әдiсінің бірі. Мұндай қосудың кемшiлiгі компьютерге сканерден деректердi беру жылдамдығы төмен болуында, сондықтан LPT интерфейсi бар сканер көп кездеспейдi. Дәл қазiр USB шинасына қосу әдiсі ұтымды, барлық қазiргi жүйелік тақташаларда USB-порттар бар.

Соңғы кезде SCSI және FireWire бейімдеуіштерге қосылатын сканерлерді кездестiруге болады.








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 4870;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.