Байланыс құралдары

 

Желілік контроллер оны басқа компьютерлерден ақпарат алмасу және жергілікті немесе корпоративті желі аумағында жұмыс істеу үшін қызмет етеді.

Модемдер (МОдулятор+ДЕМодулятор) алыс қашықтықтағы компьютерлер арасында байланыс арналары бойынша мәліметтер алмасу үшін қолданылатын құрылғы. Мұндағы байланыс арналары деп кабельдік, радиожиіліктік және сымдық байланыстар түсініледі. Байланыс арналарының типіне қарай қабылдау-жіктеу құрылғыларын радиомодемдер, кабельдік модемдер және т.б деп бөледі. Компьютерден модемдерге түскен ақпарат сандық модуляциялық жолмен түрленіп (фазасы, амплитудасы, жиілігі бойынша), телефон желісіне бағытталады.

Модем және компьютердiң аралығында ақпарат алмасу, тек цифрлік деңгейі бойынша, модемдер аралығында ақпарат алмасу аналогты және цифрлік бағыт арқылы iске аса алады.

Модем процессор, жады, модемді телефон желiсімен қосып тұратын аналогты бөлiктен және барлығын басқаратын бейімдеуіштен тұрады.

Ақпарат алмасу 300-3400 Гц жиiлiктерiнiң аралығында (аналогты немесе цифрлық) телефон желісі бойынша жүреді. Аналогты сигнал нақтылы жиiлiкпен оның сипаттамасын өлшеп, нақтылы алгоритм бойынша цифрлық ақпаратқа өзгертіліп жазылады.

Модемдерді екi түрге бөлуге болады: iшкi және сыртқы. Ішкi модем бейімдеуіш арқылы PCI-слотқа қондырылады. Сыртқы модем - қажетті кіру және шығу жиынтығы арқылы телефон желісі мен компьютер арасындағы ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін дайын шешім құрылғы.

5.8-сурет. Модем ADSL D-Link DSL-2640U/ RU, ADSL Wi Fi

 

Қазiргi аналогты модемдердiң жылдамдығы 56 Кбит/с-қа жетедi.

Бұл телефон желісінің теориялық шегi оның сипаттамасына байланысты. Бұдан басқа, XDSL/ADSL - модемдер бар, деректердi беру жылдамдығы: анағұрлым жоғары, 10 Мбит/с-ке жетедi.

Қазiргі кезде көбiрек жоғары жылдамдықты ADSL-модемдерді қолданады, телефон арқылы сөйлесуге арналған бұл телефон желісін параллель қолдануға мүмкiндiк беретiндiгiнен, қолданушылар дәл осы үлгіні таңдайды.

Өз жұмысына радиожиiлiктердiң нақтылы диапазондарын қолданатын сымсыз модемдердің қолданысын жиі көруге болады.

Егер модемдi жаңғыртуға келсек, уақытқа сай ынта бiлдiрiп, қазiргi ADSL – модеміне көшуге болады.








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 3836;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.