Лазерлік принтер
Лазерлік принтер фотокөшірме технологиясын немесе электрофотографияны қолданады. Ол бетте нүктенiң дәл орнын сәуле өткiзетiн жартылай өткiзгiштен арнайы үлдірде электр зарядын өткізу арқылы анықтайды.
5.5-сурет. Лазерлік принтер
Лазерлік принтердiң ең маңызды бөлігі бұл суретті қағазға түсіретін айналмалы фотобарабан болып табылады. Фотобарабанның металлдық цилиндрі (әдетте цинктiң оксидi) жартылай өткiзгiш жұқа үлдірмен жабулы. Барабан бетінде тұрақты заряд бiр қалыпты таралады. Бұл заряд, иондалған облыс немесе тәж пайда болатын жоғарғы кернеулі тоқ берілетін жұқа сым немесе тәжденулі сым деп аталатын тор арқылы алынып тұрады.
Лазер микроконтроллермен басқарылатын айналмалы айнаға жарық сәулесiн кері түсіреді. Сол сәуле фотобарабанға түсіп, ондағы қарапайым алаңдар (нүкте) жарықтандырылады. Сөйтіп келгенде, фотобарабанда суреттiң көшiрмесi пайда болады.
Келесi кезеңде девелопер (developer) деп аталатын басқа барабанның көмегiмен фотобарабанға графиттi негiзде өте ұсақ бояуғыш тонер түсіріледi. Тонердiң майда бөлшектерi тұрақты зарядтар әсермен барабанның беттерiне оңай тартылады, нәтижесінде сурет қалыптасады.
Білікшелер жүйесi арқылы қағаз парағы барабанға жылысады. Содан соң параққа тұрақты зарядты хабарлайды, барабанға жарық түсiрілген нүктелердiң зарядына қарама-қарсы тоқ қосылады. Барабаннан тонердiң кiшкентай бөлiгi қағазға тасымалданады. Параққа тонердi бекiту үшiн заряд жіберіледі және оның температурасы 180-200 °С-қа дейін қызады.
Барабан баспадан кейiн толық разрядталып, шырыштанған тонерлерден арылады және баспаның жаңа циклына дайын болады.
Осы үрдістiң ерекшелiгi, жарықтың сәулесiмен арнайы майда дисперсиялық ұнтағымен нүкте суретін құрастыра алатыны. Бұл сурет матрицасының аз өлшемді нүктесiн анықтап және сәйкесiнше бір дюймға 300-1200 нүктелер құрайтын үлкен шешу қабiлеттiлiгін көрсетеді. Бұл полиграфиялық макеттер жасауы үшін, түрлi мәтiндiк және графикалық ақпаратты басуға қолданады.
Лазерлік құрылғыларда, әдетте, ары қарай кеңейетін мүмкiндiгi бар 4 Мбайттан асатын буферлiк жады бар.
Лазерлік принтер кәдiмгi және жоғары сапалы қағазды қолданады, мәтiн және графиканы минутына сегiз және одан көп А4 форматты парақты басып шығара алады.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 11055;