Деректерді мұрағаттау және қалпына келтіру
Компьютердің істен шығу қаупі болғандықтан, деректерді сақтау мәселесі өте маңызды. Ол мәліметтер қорына, серверлерге және т.б. қойылатын басты талаптардың бірі болып саналады. Бірақ қарапайым қолданушының компьютері сервер болмаса да, онда сақталатын ақпараттың құндылығын азайтпайды. Сондықтан қатқыл дискіде жазылған деректерді жоғалтпас үшін, резервті көшіруді мерзімді жасап тұру керек.
Резервті көшіру - бұл қарапайым іс, оны жай қолданушы да оңайлықпен атқара алады. Операциялық жүйенің ішінде бағдарламалар орналасқандықтан, ешқандай қосымша бағдарламаларды іздеудің қажеті жоқ.
Windows Vista/7-ні өңдеушілер қолданушылардың ойынан шықты және Мұрағаттау және қалпына келтіру орталық құраушыларын ұсынды.
Біріншіден, Басқару панелін ашып, Мұрағаттау және қалпына келтіруэлементін қосу қажет.
Қорытындысында, кейбір әрекетке сәйкес келетін батырмалар мен сілтемелері бар терезе пайда болады.
Қисынды жағынан үш іс-әрекетті ерекшелеуге болады:
· файлды мұрағаттау және қайта қалпына келтіру.
· компьютерді мұрағаттау және қайта қалпына келтіру.
· жүйенің қалпына келтіру нүктесін құру және сол арқылы қайта қалпына келтіру.
Файлдарды мұрағаттау және қайта қалпына келтіру.
Бұл механизмнің көмегімен операциялық жүйедегі автоматты түрде мұрағаттауды қайта қалпына келтіреді. Бұл әрекет, болашақта керек жағдайда файлдарды қайта жаңғыртуға көмектеседі.
Ең алдымен шебер терезесінде соңғы мұрағатталған, оның жиілігін және орналасқан орнын көруге болады. Егер ондай ақпарат болса, бұл құраушы автоматты түрде орнатылғаны. Бүкіл параметрлері көңілімізден шықса, жоспардан тыс мәліметтерді мұрағаттау үшін, жәй ғана файлды мұрағаттау батырмасын басамыз. Ал егер мұрағаттау параметрін өзгертетін болсақ, параметрді өзгерту жүйесін қолдану қажет.
Осыдан кейін, жүйе болашақ мұрағатты сақтау үшін қажетті құрылғыны іздеуге кіріседі және құрылған мұрағатты сақтау үшін орын таңдауға мүмкіндік ашылады. Таңдауға қатқыл дискі, DVD диск-жетегі және компьютердің жергілікті желісі беріледі. Құрылғыны таңдағаннан кейін, Келесі батырмасын таңдаймыз.
Сақталынатын файлдың көлеміне байланысты, сақтау орнын таңдағанда, құрылған мұрағатты сыйғыза алатын құрылғыны таңдау керек. Содан кейін, файлды мұрағаттауды жүргізетін дискінің бөлімін таңдауға болатын терезе пайда болады. Автоматты түрде жүйелік дискі таңдалғандықтан, басқа бөлімдерді қоса аламыз. Әрі қарай жалғастыру үшін, Келесі батырмасын басамыз.
Содан соң, файлдың сақталу түрлері ұсынылады. Қолданушы таңдауына төменде файлдың сегіз тобы көрсетілген:
· Кескін. Көрсетілген бөлімдердің барлық қалталарында орналасқан кескіндерді қамтиды.
· Музыка. Белгілі форматтағы барлық музыка файлын қамтиды.
· Бейне. Белгілі форматтағы барлық бейнефайлдан құрылған.
· Электрондық пошта. Бұл топқа барлық Windows поштасының клиенттері, сонымен қатар адрестік кітапшалары жатады.
· Құжаттар. Бұл топқа құрылған құжаттардың барлығы жатады. Бұған мәтіндік және кесте редактор құжаттары, PDF құжаттары және т.б. жатады.
· Телехабар. Құрылған немесе Windows Media Center-ден алынған спецификалық құжаттар тобын құрайды.
· Мұрағатталған файлдар. Белгілі кеңейтілімді мұрағатты файлдар жатады.
· Қосымша файлдар.
Сонымен бірге жүйе мұрағаттау тек қатқыл дискінің NTFS-бөлімімен жасалынатынын ескертеді. Керекті топты таңдау үшін жәй ғана белгіні қойып, келесі батырмасын таңдаймыз.
Осыдан кейін, тек мұрағатты құру мерзімін көрсету ғана қалады. Бұл жерде тек жиілігін (күнделікті, ай және апта сайын) көрсетіп, мұрағатты құру күні мен уақытын таңдау қажет. Бұл әрекет баптаудың соңғы бөлімі, бұдан кейін мұрағаттау үрдісі міндетті түрде іске қосылады. Оны қосу үшін, параметрді сақтау және мұрағаттауды бастаубатырмасы басылады.
Нәтижесінде мұрағаттау үрдісін бақылай алатын терезе пайда болады. Мұрағаттау үрдісінің ұзақтығы сақталынатын файлдың көлеміне байланысты. Егер көлемі үлкен болса ұзақ уақыт алуы мүмкін. Қандай жағдай болса да, файлды мұрағаттауды керек кезінде тоқтата аламыз, ол үшін жай ғана Мұрағаттауды тоқтату батырмасын басу жеткілікті.
Мұрағаттаудың тоқтатылғанын арнайы терезенің пайда болуынан білуге болады. Оны жабу үшін қажетті батырманы басамыз. Сонымен бірге экранда арнайы қалқымалы анықтама пайда болады.
Осымен файлды мұрағаттауды құру үрдісі аяқталды. Қажет болған жағдайда, мәліметтерді қайта құруды жеңілдету үшін, арнайы ақпарат басты терезеде пайда болады.
Операциялық жүйенің істен шығуынан, қолданушының қателігінен немесе компьютерге кірген вирустың салдарынан маңызды деректер жойылуы мүмкін. Бұл жағдайда файлды қайлпына келтіру әрекеті қолданылады. Ал бұл үшін автоматты түрде құрылған файлдың мұрағаттық көшірмесі қажет болады. Өте қолайлы жағдай, егер автоматты мұрағаттауды күнделікті жүргізсе, маңызды ақпараттың жойылуын минимумға апаруға болады.
Компьютерді мұрағаттау және қалпына келтіру.
Компьютердің барлық деректерін мұрағаттау және операциялық жүйені қайта қалпына келтіру мүмкіндігі Windows Vista/7-де табылады. Бұл жағдай қосымша сақтау жабдығын талап етсе де, жұмыс істеу қасиетін жүз пайыз қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Компьютерді мұрағаттау механизмі қарапайым. Бағдарлама тек қана файл құжаттарын ғана емес, сонымен қатар дискі бөліміндегі деректерді де мұрағаттайды. Бұл ақпаратты түпнұсқасымен қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді.
Ең алдымен Басқару панелін таңдап, Мұрағаттау және қайта құру орталық элементін іске қосамыз.
Әрі қарайКомпьютерді мұрағаттаубатырмасын басамыз. Бұдан кейін бағдарлама деректерді сақтау үшін тиімді құрылғыны іздей бастайды. Іздестіру аяқталғаннан кейін, құрған мұрағатты сақтауға арналған құрылғыны таңдау терезесі ашылады. Қалыпты жағдайда қатқыл дискі немесе DVD диск-жетегін таңдауға болады.
Қатқыл дискіде сақтауға орын жетпесе, арнайы ескерту пайда болады. Бұл ескерту көбінесе ақпараттық түрде келеді. Себебі, мұрағаттың нақты көлемін білу мүмкін емес. Сондықтан, мұндай хабарламаға көңіл бөлмеуге де болады. Бірақ тәуекелге бармай, сақтайтын басқа орын іздеген жөнді шешім болар еді, мысалы, DVD жинақтағышқа.
Кейін, мұрағатқа сақтауға қажет дискілердің қасына кішкене жалаушалар қою қажет. Автоматты түрде жүйелік дискі белгіленіп тұрады. Себебі ол бұл жағдайда ең маңызды рөл атқарады. Өз талғамыңызға қарай басқа бөлімдерді де кірістіруге болады, бірақ бұл жағдай мұрағаттау бөлімінің және мөлшерінің көп болуына алып келеді де, DVD жинақтағышты көп қолдануыңызға тура келеді.
Келесі терезеде бағдарлама мұрағаттауға қанша дискі бөлімі қатысатыны және қаншамасы керек екендігі туралы ақпарат береді. Жалғастыру үшін Мұрағаттау батырмасын басу керек. Егерде артқа оралу қажет болса, терезенің сол жақ жоғарғы жағында орналасқан сілтеуішті қолданамыз.
Мұрағаттау батырмасын басқаннан кейін, бағдарлама өз жұмысын бастайды. Қысқа уақыт өткеннен кейін, таза DVD-жинақтағышты салуды талап етеді. Осындай хабарлама бірнеше рет пайда болуы мүмкін. Бұл құрылған мұрағаттыңмөлшеріне және DVD-жинақтағыш мөлшеріне байланысты.
Егер Компьютерді қайта қалыптастыру батырмасын бассақ, компьютерді бір батырманы басумен қалпына келтіру мүмкін емес екендігі туралы хабарламаны көреміз. Бұл үшін, ең алдымен компьютерді қайта қосып, мәзірде орналасқан компьютерді қалыптастыру параметріндегі нұсқауларды орындау керек.
Сонымен қатар, жүйе компьютерді қалыптастыру кезінде дискілердің қайта форматталатынын ескертеді. Сондықтан мұрағатты компьютерді мұрағаттау механизмі арқылы құрғанда, сақтап үлгермеген файлды сақтау жағдайын ойлау қажет.
Нұсқау арқылы операциялық жүйені қайта қосқанда F8 пернесін басып, ұстап тұру қажет. Бұл мәзірдің пайда болуына әкеледі, ал одан қосымша қайта қосу нұсқауын, содан кейін, Жүйені қайта құру тармағын таңдау қажет.
Егерде бұл нұсқау қиындық тудырса, басқа өндеушілердің өнімдерін қолдануға болады. Мысалы: Acronis True Image арқылы қайта қалыптастыруды біршама жеңілдетуге болады.
Қалпына келтіру нүктесін құру.
Қалпына келтіру нүктесі, өз ішінде жұмысшы реестрдің және қатқыл дискідегі кейбір файлдардың көшірмесін құрайды. Ол автоматты түрде немесе қолданушының өз бетімен де орындалуы мүмкін.
Ең алдыменБасқару панелін ашып, Мұрағаттау және қалпына келтіру орталықэлементін іске қосамыз. Кейін терезенің сол жағынан Қалпына келтіру нүктесін құру және параметрді баптау сілтемесін таңдаймыз.
Нәтижесінде, параметрлер орналасқан қалпына келтіру нүктесін құру және одан жүйені қалпына келтіретінЖүйені қорғау активті қосымшасы бар терезе ашылады.
Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 8758;