Реестрді тазарту

 

Әрқашан, қандай да бір бағдарламаны компьютерге орнатқан кезде, жүйелі реестр деген арнайы қоймаға өзі туралы мәлімет енгізеді. Операциялық жүйе немесе қолданбалы бағдарламаның қалыпты жұмыс жасауы үшін инициализация параметрлері, драйвер жайында мәлімет, аралық және қорытынды нәтежелері реестрге түседі.

Уақыт өте келе маңызды қойма “жұмыс орнынан” жойып отыруға ұмытылған, кәсіби емес бағдарламалармен ретсіз толған “қоқысқа” айналады. “Толған” реестр кесірінен жүйе қарапайым операцияларды дұрыс орындай алмайды. Сол себепті, реестр жедел жадысына көшіріледі және ол мөлшерлі болған сайын, жүйеге әрқашан жетпейтін жедел жадыны таңдауға тура келеді. Осыдан реестрді жиі тазартып тұру керек деген шешімге келеміз.

Оны тазарту үшін, кәсіпкерлер мен компьютер әуесқойлары жазған көптеген бағдарламалар мен утилиталарды кездестіреміз. Бағдарламалардың көбі реестрды тазалаумен қатар, басқа да қызметті ұсынуы мүмкін, мысалы: автожүктеу мәзірін өңдеу, орнатылған бағдарламаны жою, жүйелік қызметті айыру және т.б. Негізінен бұл утилиталар барлық қызметін қолданып, ұсақ заттарға көңіл аудармай, реестрді жылдамырақ және сапалы тазартады.

Реестрді тазартатын басқа бағдарламалар: Advanced Registry Doctor Pro, Registry Defragmentation, Registry Clean Expert және т.б. болуы мүмкін. Соның бірі TweakNow RegCleaner бағдарламасы жиі қолданыста.

 

5.3-cурет. TweakNow RegCleaner бағдарламасы

 

Бағдарламаның интерфейсі қарапайым және түсінікті. Сканерлеуді бастамас бұрын, екі нұсқаның бірін таңдауды - жылдам немесе баптау сканерлеуін сұрайды. Бұл жағдайда, қажет немесе жылдам сканерлеу тізіміне түспеген “аймақты” қамтуға мүмкіндік беретін екінші нұсқаны таңдаған жөн.

Қай нұсқаны таңдасақта, Clean now батырмасын басу керек. Осы кезде терезе мазмұны өзгереді, одан сканерлеу нәтижесінің үш бағытын көруге болады: қателерді қауіпсіз жою, жоюға толықтай қауіпті емес қателер және белгісіз қателер.








Дата добавления: 2014-12-22; просмотров: 2955;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.