Химиялық құрылымы

 
Газ Көлемі бойынша, % Салмағы бойынша, %
Азот 78,084 75,50
Оттек 20,946 23,10
Аргон 0,932 1,286
Су 0,5-4
Көмірқышқыл газ 0,0387 0,059
Неон 1,818×10−3 1,3×10−3
Гелий 4,6×10−4 7,2×10−5
Метан 1,7×10−4
Криптон 1,14×10−4 2,9×10−4
Сутек 5×10−5 7,6×10−5
Ксенон 8,7×10−6
Азоттың шала тотығы 5×10−5 7,7×10−5
Жоғарыдағы құрғақ ауа құрылымына кірмейтін бөлігі:
Су буы (H2O) ~0.40% атмосфера үстінде, бет жағында жалпы 1%-4%

Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.

Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.

Атмосфера бізді микрометеориттердің үздіксіз атқылауынан және ғарыш сәулелерінің – жедел қозғалатын бөлшектердің ағынының бүлдіру әрекетінен де сақтайды. Атмосфера Жердің жылу балансында ерен маңызды роль атқарады. Көрінетін Күн сәулелері атмосфера арқылы ешбір бәсеңсімей өте алады. Оларды Жер беті жұтады, осыдан келіп ол жылынады да, инфрақызыл сәулелер шығарады. Осы күнгі көзқарастар бойынша гидросфераның және атмосфераның болуы арқасында ғана жерде тіршілік пайда болған. Міне, сондықтан да экология мәселесі, біздің бірегей ғаламшарымыздың табиғатын қорғау ерекше маңыз алуда. Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық затгектерді және биологиялык микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.Ластағыш заттектердің коршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әртүрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:

- әлемдік көлемде ластайтындар - кай жерде шығарылса да қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын кабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы (бірнеше жыл немесе айлар) сақталатьн шығарынды (тастанды) заттектер (көмір кышқыл газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары радионуклидтер);

- аймактық. (регионалды) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) - үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осымөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтсрі, пестицидтер, ауыр металдар);

- жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңбсрінен аспайтын) - атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер (ірі дисперсиялык аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен

қатар жоғарыда келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азотгың, т.б. оксидтері).

Отын жағу – атмосфераны ластаушы көздердің бірі. Атмосфералық ауаны ластаушылар ішінде ең кең тараған түрі – отын жаққанда бөлініп шығатын түтін. Қазіргі уақытта отын ретінде көмірдің әр түрлі сорттары, мазут, сланец, шымтезек, газ және т. б. қолданылады. Электр станциялары, әр түрлі қазандықтар, іштен жану қозғағыштары, пештер жұмыс істеуі үшін сұйық және қатты отын түрлері қолданылып, атмосфераға құрамында көміртегі тотығы, күйе, қарамайлы заттар, күкіртті газ, жеңіл күл және т. б. заттар бар түтін бөлінеді. Күйе өз алдына улы емес, бірақ ол канцерогенді қасиеті бар қара майлы заттарды тасымалдаушы болып табылады (бенз(а)пирен). Адамның денсаулығына әсер етумен қатар, ауадағы түтін қала микроклиматын нашарлатады. Күкіртті газдың түтін құрамындағы мөлшері де отын түріне байланысты. Мұнай жанғанда күкіртті газ өте көп бөлінеді, бірақ, күкіртті газдың басты көзі – көмір, шымтезек, сланец жағу.

Күкіртті газ - өте улы зат, оның әсері тыныс алу мүшелерін зақымдаудан басталып, асқазан-ішек жолдарын зақымдап, тотығу-тотықсыздану процесін бұзады, ферментативтік әрекетті тоқыратып, организмнің иммунобиология-лық реактивтілігін төмендетеді және орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі. Түтін құрамында көмірсутекті заттардың шала жануы нәтижесінде пайда болатын көміртегі тотығының (иісті газ) біраз мөлшері болуы мүмкін. Бір тонна отын жанғанда 20 кг көміртегі тотығы түзіледі. Әсіресе домнадан, кокстан және газды генераторлардан шығатын газдар құрамында СО көп болады.

Автокөлік – атмосфераны ластаушы көздердің бірі. Автомобиль көлігінің дамуы шудың көбеюіне және автомобиль газдарымен шығатын газдардың атмосфералық ауаны ластауына әкеледі. Бұл газдар құрамына 20-дан астам заттар кіретін күрделі қоспа болып табылады. Олардың ішіндегі ең қауіптісі – көміртегі тотығы (СО), оның автомобиль газы қүрамындағы мөлшері 12 % - ға жетеді, азот тотығы (NO) және азоттық қос тотығы (NO2). Бұлардан басқа ауаға көмірсутектер, олардың ішінде канцерогенді түрлері, күйе және т. б. заттар шығады. Пайдаланылатын жанармай түріне байланысты автомобиль газдарының құрамында күкірт және қорғасын қосылыстары болуы мүмкін. Автомобиль газдарының құрамындағы заттар адам және жануарлар организміне, өсімдіктерге зиянды әсер етеді. Өнеркәсіп мекемелері – атмосфераны ластаушы көздердің бірі. Қара металлургия өндірісі атмосфералық ауаның шаң-тозаңмен, күкіртті газбен, көміртегі тотығымен ластауын туғызады. Түсті металлургия өндірісі де атмосфераны шаң-тозаңмен және газдармен ластайтын қуатты ластағыш болып табылады. Бұл мекемелердің ауаға шығаратын қалдықтарының құрамында оларды өте қауіпті жасайтын токсиндік заттар бар (күкіртті газ, қорғасын тозаңы, мышьяк тотығы, қорғасын, сурьма, т.б.). Көмір өндірісінде ауаны ластаушы негізгі көз қатарына бос жыныс үйінділері (террикондықтар) жатады, олардың ішінде біраз уақытқа дейін көмір және пириттің жануы тоқталмайды, соның нәтижесінде атмосфераға күкітті газ, СО және қарамайлы заттарды қайта айдау заттары шығады. Мұнай өңдеу және өндіру атмосфераға көмірсутектердің, күкіртті сутектің және жағымсыз иісті газдардың өте көп мөлшерде бөлінуіне себеп болады. Цемент және құрылыс материалдарын өндіру - атмосфераның әртүрлі шаң–тозаңмен ластануын туғызады. Химиялық өнеркәсіп мекемелері атмосфералық ауаны әр түрлі химиялық заттардың буларымен және газдарымен ластануына себеп болады. Оладың көбі өте улы болып келеді.Химиялық өнеркәсіп ішінде ең маңыздылары – күкірт қышқылын өндіру, азотты тыңайтқыштар және суперфосфат өндіру. Атмосфералық ауа ластануының адамдардың денсаулығына және тіршілігінің санитарлық жағдайына әсері. Елді мекендердің ауасындағы лас заттар адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді. Лас ауамен тыныс алғанда адам үстіртін тыныс алады, өкпе жеткіліксіз вентиляцияланады, организмге оттегі жетіспей, әр түрлі биохимиялық процесстер бұзыла бастайды. Бұл – адамның әр түрлі ауруларға бейім болуын туғызады. Күкіртті газ, азот тотықтары, хлор сияқты кейбір заттар жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендірсе, екінші біреулері, мысалы, қорғасын, фтор, бастапқыда әсері байқалмағанмен, организмде біртіндеп жиналып, ұзаққа созылатын ауырулар туғызады. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, алюминий зауыты орналасқан аймақта тұратын балаларда арнайы ауру түрі –флюороз жиі кездеседі (тістің эмаль қабатында дақтардың пайда болуы).Соңғы уақыттарда атмосфералық ауа ластануының өкпе қатерлі ісігінің себебі ретіндегі ролінің мүмкіндігіне көп көңіл бөлініп отыр.Атмосфераны ластаушы заттар ішінде басты роль атқаратындар –канцерогенді заттар болып табылады. Олардың бірі ретінде әр түрлі отын жаққанда, отынды термальдық жолмен өңдегенде түзілетін және автокөлік-терден бөлінетін бенз(а)пиренді атауға болады. Адамдардың денсаулығына және санитарлық жағдайларына үлкен әсерін тигізетін –шаң-тозаң. Ол - өлшемі әр түрлі қатты түйіршіктер қоспасы. Шаң-тозаң түйіршіктерінің адам организмне әсері түрліше болуы мүмкін. Олардың ең ірілері мұрын қуыстығында және жоғарғы тыныс жолдарында іркіліп қалады, ал орташа және ұсақ түйіршіктер өкпеге жетіп, оның ұлпаларына зиянды әсерін тигізеді. Шаң-тозаңның, күлдің түйіршіктері көзгетітіркендіргіш әсерін тигізіп, оны жарақаттауы, конъюнктивит және басқа да көз ауыруларын туғызуы мүмкін. Құрамында бос күйіндегі кремний қос тотығы бар шаң-тозаң өкпенің силикоз ауыруын туғызады. Бұл ауру қуатты электр станциялары маңайында орналасқан ел арасында жиі кездесетіндігі анықталған. Сонымен, атмосферадағы ластықтардың зиянды әсерінің дәрежесі жағымсыз тітіркендіргіш әсерден бастап анық ауру белгілеріне дейінгі әсер аралығында өзгеріп отырады. Ел орналасқан жерлер ауасындағы шаң-тозаң, түтін, күйе және зиянды газдар киімді, үйлерді ластап, оларды тазартуды қиындатады, үйдің ауасын желдету мүмкіндігінен айырады, мұның бәрі тіршіліктің санитарлық–гигиеналық жағдайын нашарлатады.

Терезе әйнек-терінің беті шаң-тозаңмен, күйемен ластануы бөлмелерге күн сәулесінің мол түсуіне кедергі жасап, оның жарықталынуын нашарлатады. Шаң-тозаң, түтін өндіріс орталықтарында атмосфераның мөлдірлігін төмендетеді. Қалқыған қатты түйіршіктер мөлшері 0,03 мг/м3 деңгейінде болғанда көру қашықтығы 4 км болса, 1мг/м3 болғанда - 1 км дейін төмендейді екен. Елді мекендер ауасының ластануы өсімдіктерге де теріс әсерін тигізеді. Өсімдіктердің зақымдануы, өлуі күкіртті газдың, хлордың, фторлы қосылыс-тардың және т. б. заттардың әсерінен туатындығы байқалған. Атмосфералық ауаның ластануы ғимараттар бетінің, мәдениет ескерткіштерінің бұзылуын, металлдардың коррозиясын, және т.б. зиянды нәтижелер туғызатындығы анықталған. Сонымен, атмосферадағы ластықтардың кейбіреуі адам организміне тікелей әсер етіп, оның әр түрлі қызметтерінің бұзылуына алып келсе, екіншілері – халық тіршілігінің санитарлық жағдайларын нашарлату арқылы жанама әсер көрсетеді. Ауаны ластанудан қорғау шаралары. Ауаны ластанудан қорғау үшін төмендегідей кешенді шаралар жүргізу керек:

Ø Қоршаған орта мониторингін жүргізетін біртұтас кешенді бақылау

Ø жүйесін құру және қабылданған РШК сақталуын қатаң бақылау;

Ø Өндіріс орындарында атмосфераға уытты, зиянды қалдықтар

Ø жібермейтін тазартқыш қондырғылар орнату;

Ø Елді мекендерде санитарлық-қорғау аймақтарын қатаң сақтау;

Ø Автокөліктер және жанармайлар сапасын арттыру, олардың жүрісін

Ø реттеу, зияны аз жанармайлар шығару, жанар-жағар май сапасының төмен

Ø болмауын қадағалау;

Ø Автокөліктерді техникалық тексеруден дұрыс өткізіп, олардың

Ø улылықты өлшейтін арнаулы құралдармен қамтамасыз етілуіне қол

Ø жеткізу;

Ø Ескірген, артта қалған технологияларды жаңартып, қалдықсыз,

Ø қалдығы аз технологияға көшу;

Ø Отынның (энергияның) қалдығы аз түрлерін ойлап табу;

Ø Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру.

 

Атмосфераның табиғи және жасанда жолмен ластануы.Атмосфераның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің тектес заттар ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2) , кеміртек оксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а)пирен, шаң-тозаң жатады.

Күн сәулесінің әсерінен олар күрделі химиялық реакцияға қатысып, нәтежиесінде уытты фотооксидантты (озон, азот қышқылы) түзілуіне үлес косады. Атмосферада азот оксидтерінің фотооксиданттардың концентрациасы жоғары болған кезде адам улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқсы қашады. Құрамында азоты бар зиянды шығындылардың мөлшерін іштен қанатын қозғалтқыштар шығаратын газды жағу үшін каклизатор қолданып, ал өнеркәсіпкәсіпорындардың түтін шығаратын құбырларында азоатсыздандыратын қондырғыларды орнату арқылы азайтуға болады.

Ауадағы зиянды заттектердің мөлшері олардың турбулентті ағыспен шашырауына, жауын-шашынға немесе гравитациялык күш арқылы төмен түсуіне байланысты. Атмосфераның ластануы мен негізгі биогенді элементтер айналымы арасында анық байланыс бар.
Атмосфераны ластайтьн заттектерді топтастыру Қоршаған ортаға енген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық затгектерді және биологиялык микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.
Ластағыш заттектердің коршаған ортаға әсері физикалық, химиялық қасиеттеріне, олардың ыдырауы арқылы пайда болған өнімдердің қасиеттеріне және қоршаған ортаға тасталған әр түрлі өндіріс шығарындыларының мөлшеріне байланысты. Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы заттектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:

* әлемдік көлемде ластайтындар — кай жерде шығарылса да қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын кабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы (бірнеше жыл немесе айлар) сақталатьн шығарынды (тастанды) заттектер (көмір кышқыл газы, фреондар, жартылай ыдырау мерзімі бір айдан жоғары
радионуклидтср);
* аймактық. (региондьқ) көлемде ластайтындар (бірнеше мемлекеттердің территориясы немесе бір елдің едәуір әкімшіліктік бөлігі кіруі мүмкін) — үлкен аймақты ластайтын, бірақ-та оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегеніне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт (әдетте бірнеше тәулік) бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер (күкірт пен азот оксидтсрі, пестицидтер, ауыр металдар);
* жергілікті көлемде ластайтындар (бір жердің шеңбсрінен аспайтын) — атмосферада аз уақыт қана сақталатын шығарынды заттектер (ірі дисперсиялык аэрозольдар, күкіртті сутек және басқа заттектер, сонымен қатар жоғарыда келтірілген түрлердің өкілдері, мысалы, аласа көздерден шығатын күкірттің, азотгың, т.б. оксидтсрі).
Әр түрлі көздерден шығарындының шығу ұзақтығына байланысты олар үздіксіз және бір дүркінді болып бөлінеді. Апатты жағдайлардағы шығарындылар бір дүркінділер тобына жатқызылады. Атмосфераға газ тәрізді ластағыштар мен аэрозольдар түтін мұржалары, аэрациялық шаң тартқыштар және әр түрлі желдеткіш қондырғылары арқылы тасталады. Биіктігіне карай ластаушы заттектер шығаратын көздер биік (Н > 50 м), орта биіктіктегі (Н = 10-50 м), аласа (Н = 2-10 м), жер үстіндсгі (Н < 2 м) болады’. Ластаушы компоненттердің ауада таралуы мен концентрациясы көздердің биіктігіне байланысты келеді.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шанды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен катар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдыкпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа кабатынан өтіп отырады, 60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 10/18 кішігірім метеорит түседі. Жерді атмосфера үлкен космостық жаркыншактардан да сактайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн. т космостык шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиустары 1О6-1О’5 м. Атмосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көзердің, арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айрықша атап кетуге болады.

Атмосферадағы шаң буды суға айналдырумен қатар, күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.Заттектердің биологиялык. жолмен ыдырауы көп мөлшерде күкіртті сутектің, аммиактың, көмірсутектерінің, азот оксидтерінің, көміртектің оксиді мен диоксидінің және т. б. түзілуіне және олардың атмосфераға түсуіне апарады.

Атмосфералык ластануға табиғаттың алапатты қүбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары. Мысалы, орта есеппен жанартаулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосфераға 30-150 млн. т газ және 30-300 млн. т ұсақ дисперсті күл тасталып отырады, тек Пинатубо (Филиппин) жанартауы атқылаған кезде (1997) атмосфера ауасына 20 млн. т күкірт диоксиді шығарылды. Жанартаулар аткылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік ативтілігі жоғары химиялық ластағыштар — сынап, мышьяк, қорғасын, селен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан да атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. Батыс Сібірде 1915 ж. болған орман өрті 1,5 млн. км2 ауданды қамтып, одан шыккан түтін 6 млн. км2-ге жуық аумаққа таралды.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, түрған ҮЙЛЕРДІ жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т. б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортага әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлсрге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдыктар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, онімдер, атмосферага таралатын шыгарындылар (газ, бу,ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарык, улыракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т. б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялык қүрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, ендірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.Мысалы, түрлі түсті металлургияның кәсіпорындарының ауаға жіберетін зиянды заттары жүрек – тамыр ауруларының өсуіне, жүйкенің бұзылуына, қатерлі ісік ауруларының пайда болуына әкеледі. Қара метал мен электр қуаты кәсіпорындарының ауаға шығаратын заттары өкпе ауруларына шалдықтырады. Химия өнеркәсібінің ауаға шығаратын зиянды заттары аллергияның, без және жыныс ауруларының пайда болуына әсер етеді.Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылыр әр кездерде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.

 

Атмосфераны ластайтын негізгі заттардың табиғаты және шығу тегі

Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж – 3,1млн. г,1997 ж – 2,37; 1998 ж – 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар – 22,7%, қара металдар – 15,7% береді.

Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады.

 

Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 – 80 пайыз құрайды. Ал Алматы қаласында — 90 пайыз. Ең көп тарайтын улы заттар – углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң). Атмосфераға одан да гөрі улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда.

Қазақстан Республикасының қалаларындағы ауа бассейнін бақылау қалаларда ластану деңгейінің өте жоғары екенін көрсетіп отыр. Орташа алғанда қалалардағы шаңның, аммиактың, фенолдың, фторлық сутегінің, формальдегидтің, қорғасынның, азот диоксидінің және күкірттің жиынтығы шекті нормадан әлде қайда артық болып тұр. Мысалы, Шымкент және Лениногорск қалаларында күкірт жиынтығы шекті нормадан 100 есе артып кеткен. Атмосферадағы қоспалардың және олардың қозғалысы екінші дейгейдегі өте улы қосылыстардың пайда болуына әкеліп соғады (қара түтін(смог), қышқыл (кислота) және олар азон қабатын бірден – бір қосындылар.

 

 

Оқытудың техникалық құралдары:интерактивті тақта, проекторсызба – кестелер, видео-, дыбыс аппаратурасы.

Оқытудың әдістері мен түрлері:баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1деңгей. Атмосфераның құрамын жазыңыз.

2-деңгей. Атмосфераны ластайтын негізгі заттардың табиғаты және шығу тегін

түсіндіріңіз.

3-деңгей. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздерін көрсетіңіз.

ОБСӨЖ тапсырмалары:Жер үсті суларының химиялық құрамы: негізгі иондар, биогендік элементтер, суда еріген газдар, микроэлементтер, органикалық қосылыстар.

СӨЖ тапсырмалары:Судың интегральды көрсеткіштері. Оттегідегі биологиялық тұтыну.

Пайдаланылатын әдебиеттер: 1. Жұмаділлаева С., Баешов А., Жарменов А. Қоршаған орта химиясы. – Алматы, 1998.

2. Джумадуллаева С., Баешов А., Жарменов А., Мамырбекова А. Практикум по химии окружающей среды. Учебник. – Алматы, 2000.

3. Голдовская Л.Ф. «Химия окружающей среды ».М.: Мир, 2005.

4. Зилов Е.А. Химия окружающей среды.-Иркутск, 2006.








Дата добавления: 2017-03-29; просмотров: 346;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.028 сек.